80. «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша білікті мамандар даярлау мәселесін талдаңыз «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасын ұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталады.2014 жылы «Серпін» жобасы бойынша 2050 талапкер оқуға түскен.Елбасы Н. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел» идеясының шеңберінде өмірге келген «Серпін-2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға» жобасының Қазақстанның бүгіні мен келешектегі дамуына қосатын өзіндік әлеуметтік және экономикалық маңызы бар. Жобаның әлеуметтік маңызы - оңтүстік пен батыс өңірі жастарын индустриялды-инновациялық бағдарламаның ірі жобалары жүзеге асырылып жатқан солтүстік және шығыс аймақтарда орналасқан жоғары оқу орындарында білім алуға жағдай жасап, демографиялық өсімі жоғары әрі жұмыс ресурстары қалыптан тыс артық қалыптасқан күнгейдегі, әсіресе, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге жәрдем беру, сонымен қатар әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға мемлекеттік грант есебінен білім алу мүмкіндігін тудыру және оңтүстік пен солтүстік арасындағы тілдік, рухани таным шеңберіндегі сан алуандылықты ұлттық бірізділікке бағыттау. Ал экономикалық маңызының басты арнасына мемлекеттік индустриялды-инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерді жұмыс күшімен, ұлттық кадрлармен қамтамасыз ету болып табылады.
81. Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз. Егемендiк алған соң Қазақстан республикасы тәуелсiз мемлекет ретiнде халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы наурыздың 3 күнi Қазақстан Бiрiккен ұлттар ұйымына мүше болды, сондай-ақ республика халықаралық валюта фонды, халықаралық қайта құру және даму банкi, халықарылық банк, дүниежүзiлiк денсаулық ұйымы және тағы басқа көптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсiз Қазақстанды бүгiнгi таңда 113 мемлекет мойындады, олардың 105 мен елшiлiктер, өкiлеттiктер дәрежесiнде дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстан шет елдiң 55, шет елде Қазақстанның 30 елшiлiгi бар.
Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылдана салысымен-ақ Бас Ассамблеяның барлық жұмысына белсене қатысқан. Сессиялар қабылдаған аса маңызды мәселелер женіндегі бірнеше қарардың қосалқы авторы бола білген. БҰҰ-ның басшы органдары мен қүрылымдары сайлауын өткізуге де белсене атсалысыпты. Соның нәтижесінде еліміз бірсыпыра комитеттің мүшесі болған, сессиялардың тең төрағаларының орнына сайланған. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастыққа аса зор маңыз береді. БҰҰ Бас Ассамблеясының 52-сессиясында Семей полигоны жөніңде арнаулы қарар қабылданды, ал оның мамандандырылған ұйымдары Еуропалық экономикалық комиссия мен Азия және Тынық мүхит аймағы үшін экономикалық-әлеуметтік комиссия, Орталық Азия аймағы әлеуметгік-экономикалық жағынан дамыту жөніндегі бағдарлама болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бір кезде ядролық сынақтардан зардап шеккен Семей аумағын қалпына келтіру жөніңдегі шаралар туралы және бір қарар қабылдады.
Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше 2000-шы жылы Катарда өткен Ислам конференциясы ұйымының бас қосуына белсенді түрде қатысты.
Қазақстан БҰҰ-ға қабыдданған 1992 жылдан бері Біріккен Ұлтгар Ұйымының ондаған ұйымдары мен бағдарламаларына мүше немесе қатысушы болып үлгерді. Байланыс, әсіресе, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясының жұмысына қатысып, сөз сөйлегелі бері ерекше қарқынмен нығая түсті.