Шуро-И Исламия
Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың жəне олардың қоғамдық
ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-əрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды.
Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі
Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12
адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.
Досмұхамедұлы сайланды.
Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зəки Уалиди Тоған,
Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и
ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды.
1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ
өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ə.Сəтбаевты, Торғайдан Ə.Байғуринді,
Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мəмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.
Оразаевты сайлады.
Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді
ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді.
Жергілікті зиялы қауым өкілдерінің біраз бөлігі
Достарыңызбен бөлісу: