Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


 Тұңғыш қазақтаң кәсіби тарихшысы



бет44/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

56. Тұңғыш қазақтаң кәсіби тарихшысы Е.Бекмахановтың негізсіз айыпталуын көрсетіңіз

Тұңғыш қазақтың кәсіби тарихшысы Е.Б.Бекмаханов 1947 ж. «ХІХ ғ. 20-40 ж.ж. Қазақстан» деген жеке монографиясы сынға алынды. Ресейге қарсы ұлттық көтерелістің дәріптееген, орысқа қарсы жазылған деп айыпталды. К.Қасымұлы басшылығымен болған көтереліс қатты сыналып, авторға бұржуазияшылұлтщыл идеология дәріптеуші деген саяси айып тағылды. 1952 ж. 4 желтоқсанда ҚазақКСР Жоғары сотының сот алқасы үкімімен 25 жылға бас бостандығынан айырылды. 1954 ж. ақпанда академик, қоғам қайраткері А.Панкратованың тікелей қатысуымен іс қайта қаралып, ақталып шықты.
XVIII-XIX ғасырлар Еуразиядағы болған жалпы геосаяси процестерге обьективті түрде қарасақ, Қазақстан өзінің бірқатар ішкі және сыртқы себептердің нәтижесінде көршілес Ресейден, ал Ресей Қазақстаннан оқшау өмір сүре алмады. Бұл түсінік Ресей империясының құрамына енген шығыс халықтары туралы көзқарас пен тұжырымдарды жаңа тәсілмен, тың ойлармен қарастыруды талап етеді. Кеңес тарихнамасында партия органдарының қысымымен бұл мәселе жоғары деңгейдегі саясаттандырылған мәселе болды. 1920-1970 жылдар арасында бұл мәселе «қоршаған жау» концепциясынан «шексіз жауға» айналып, ары қарай «өз еркімен қосылды»деген идеяға алып келді. Партияның идеологиясына сәйкес сансыз қаулылар қабылданып, ғылыми ізденістер түзетіліп, жаңа ғылыми ой-пікірлер қатаң бақылауда қалды. Өз ойын еркін айтқан ғалымдар қудаланып, остракизмге, репрессияға ұшырады. Осы тағдырды талантты ғалымдар Ермұқан Бекмаханов, Петр Галузо, Бекежан Сүлейменов басынан кешірді.


57. Меншіктен айыруға және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылығы мен көтерілістер ұлт азаттық қозғалыстар жалғасы екендігін дәлелдеңіз

Қазақстандагы өкімет орындарының саясатына деген наразылықтың алгашқы белгілері 1928 жылы жүргізілген тәркілеу кезінде пайда болды. Алайда жаппай ұжымдастыру науқаны басталысымен бірқатар аудандарда негізгі қозғаушы күштері кедей және орташа шаруалар болған көтерілістер бұрқ ете түсті. Көтерілісшілер кеңес және партия мекемелерін талқандап, кұжаттарды өртеді. Алайда көтерілісшілердің нашар қарулануы мен олардың ұйымдаспағаны көтерілістердің жеңіліске ұшырауына әкеп соқты. Мемлекеттің күш қолдану саясаты шаруалардың табанды карсылығына кездесті. 1929 жылы күзде Қостанай округінде көтеріліс бұрқ ете түсті. Қазан айының өзінде қазақ және орыс шаруаларының бес ауданнан жиналған өкілдері өкіметке қарсы қарулы бой көрсету жөнінде келіссөздер жүргізді. Көтеріліс Батпаққара ауданында 1 қарашада басталып, көтерілісшілер аудан орталығын басып алды. Кеңес және партия, милиция мекемелерін талқандады, түрмедегілерді босатты. Көтерілісшілерді А. Бекежанов, С. Қадиев, А. Смағұлов т.б. басқарды. Аудан өкілдері Кеңес өкіметін құлату жөнінде шешім қабылдады. Ауылдарда кеңестер сайланып, ол әрбір ауыл көтерілісшілер армиясына 50 жігіттен беру керектігі жөнінде шешім қабылдады, көршілес аудандарға үгітшілер жіберілді. Қысқа мерзім ішінде жалпы саны 500 - ге жуық отряд жиналғанымен, он көтерілісшінің біреуінде ғана ату құралы болды. Далаға ОГПУ - дің қарулы отрядтары аттандырылып, көтерілісшілер талқандалып, көтеріліс басып - жанышталды 200 - дей адам тұтқындалып, Қостанайға аттандырылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет