Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті туралы жазыңыз


) ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ



бет28/100
Дата30.11.2023
өлшемі322,43 Kb.
#194269
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100
Байланысты:
Тарих а дейінгі кезе дегі адамны м дениеті туралы жазы ыз

35) ТАС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫҚ КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАУЫ:
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адамнан, екінші – оның тас құралынан тұрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды.Жерімізде алғашқы адамдардың құрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә.Х.Марғұлан болды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экспедициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дәуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дәуірінің шақпақ тастан құрал жасайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә.Х.Марғұлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тауып, оларға ғылыми сипаттама жазған. Елімізде тас дәуірінің нағыз ғылыми тұрғыдан зерттелуі 50-жылдардың 2-ші жартысынан басталады. Қазақ Ұлттық академиясы Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері тас дәуірінің маманы Х.Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы құрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жұмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дәуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіштерді тапты. Бұл жұмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дәуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөйтіп, Қазақстандағы алғашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жұмыс жолға қойылды. ХХ ғасырдың 80-жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дәуірін зерттеуді Ә.Х.Марғұлан атындағы археология институты, сонымен қатар Ж.К.Таймағамбетовтің жетекшілігімен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – нің ғалымдары жүргізіп келеді. Ж.К.Таймағамбетовтың бастамасы және жетекшілігімен 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алғаш рет палеолит мұражайы ашылды. Адамның алғашқы еңбек құралдары тастан жасалған. Сондықтан да аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең – тас дәуірі деп аталады. Тас дәуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
Палеолит – ежелгі тас дәуірі (б.з.б. 2,5 млн. жылдан – 12 мың жылдыққа дейін). 
Мезолит – орта тас дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
Неолит – жаңа тас дәуірі (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар).
36) ОРХОН-ЕНІСЕЙ ЖАЗУЫ ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ӨРКЕНИЕТІ:
Көне түркі жазбалары немесе Орхон-Енисей жазбалары — б.з. V ғ. — X ғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары. Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзені бойынан табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында. Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды. Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет