Əр мемлекет халқының құрамы туралы мəліметтерге мұқтаж Мемлекеттің əлеуметтік жəне басқа да функцияларын атқаруда демография өте ауқымды фактор болып табылады. Қазіргі кезде мемлекет функциясы ішінде демография функциясы өте күрделі болып отыр. Себебі қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін жаңа, бұрын-соңды болмаған функциялар қалыптасуда.
Мемлекет тарапынан қабылданып жатқан əр түрлі демографиялық стратегияларды мемлекеттік саясаттың ең негізгісі деп біліп, оны жүзеге асыруға көшу керек. Халықтың демографиялық даму көрсеткішін білмей, елдің ұлттық құрамының қалай өзгергенін анықтау мүмкін емес. Халық санының өсуі мен дамуын зерттеу қоғам өмірінің барлық салаларын мемлекеттік басқару үшін маңызы бар. Демографиялық үрдістердің өзгеруімен, мемлекеттің де маңызды экономикалық, саяси, əлеуметтік жақтары өзгереді.
Мемлекетіміз демографиялық үрдістерді шешуге бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауда басқа шетел мемлекеттерінің тəжірибесін пайдаланса жақсы болар еді.
Көші-қонын адамдардың тіршілік ету ортасын өзгерту нысаны деп қарауға болады. Көші-қон дегеніміз тұрғылықты өзгерту не оған қайтадан қайтып келу мақсатында адамдардың шекара арқылы белгілі бір аумақ арқылы қозғалысы болып табылады.
1997 жылғы 13 желтоқсандағы «Халықтың көшi-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес: «көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мəжбүрлі қоныс ауыстыруы» - деп түсініледі.
Республикамызда көші–қон үрдістерін реттейтін заңнамалардың іске асуы баяу жүрді. КСРО–ның ыдырауымен тез арада бірқатар заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Қазақстан тəуелсіздік алуымен шетелдерге көшіп кетушілермен, жақын елдерден көшіп келушілерді мемлекеттік құқықтық тұрғыдан реттеу керек болды. Осы ретте 26 маусым 1992 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Көшіп келу туралы заңын, 1992 жылы Алматыда Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайын атап кеткен жөн.
Көші–қонның жағымды жақтарына қазіргі еліміздің басынан кешіріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуға ықпал жасайтын экономикалық белсенді адамдардың өсуін талап етеді. Мұндай көшіп-келушілердің көбісі жеке бизнеспен айналысуға ұмтылады. Олардың біздің еңбек нарығымыз қызықтырады.
Көші–қонның жағымсыз жақтары да бар: біріншіден, көшіп келушілердің мінез-құлқы, тұрмыс – салты, мəдениеті еліміздің тұрғылықты халқының ділімен, мəдениетімен ұқсас па, жоқ одан алыс па соған кері əсер етуі мүмкін; екіншіден, тұрғылықты халықтың шетелден келген адамды қалай қабылдайтыны ол да беймəлім мəселе.
Əр түрлі этникалық, рассалық, діни наным–сенімдері бар халықтың араласып өмір сүруі адамдардың қарым-қатынас жасауда қиыншылыққа əкеліп соғуы мүмкін, олардың арасында қақтығыстардың болуы мүмкін. Оның нəтижесі көрші болып тұрған адамдардың қақтығысынан бастап, əр түрлі топтық бұзақылық пен митинг, демонстрациялармен аяқталуы мүмкін.
Сонымен бірге көші-қон үрдісін реттейтін əр түрлі тұжырымдамалар мен бағдарламалар қабылданды. Олар: «Этникалық қазақтардың тарихи отанына қайта оралуы туралы» тұжырымдама, «Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық пен даму мақсатында мүдделерді күшейту» өңірлік бағдарламасы, «2009-2011 жылдарға арналған Нұрлы Көш» бағдарламалары.
Еліміз оралмандарға керекті əлеуметтік көмек беріп, қолдау көрсетеді. Қазіргі кезде бір уақытылы жəрдемақы, тұрғын үй алуға ақы, жүріп тұрғаны мен мүлкін тасуына орта есеппен 5 адамнан тұратын отбасыға 833 мың теңгеден бөлінеді. Елімізде оралмандарды уақытша орналастыратын 14-ке жуық орталықтар қызмет етеді.
Қазақстанда заңды көшіп келушілермен қатар, заңсыз көшіп келушілер де бар. ТМД мемлекеттерінің шекараларында қатаң бақылау жүзеге асырылмағандығы, Қазақстан аумағының геосаясаттық орналасуы жəне заң актілерінің жетілмеуі, қолайлы экономикалық жағдайы, əлеуметтік-саяси тұрақтылық, заңсыз көші-қонының пайда болуына əсер ететін негізгі факторлар болып табылады. Заңдастыру барысында Қазақстан аумағында заңсыз еңбек етіп жүрген 164,5 мың шетел азаматтары ұсталынды.
Осы мəселені қарастыра келе, мемлекеттік көші-қон саясаты жүзеге асыру қажеттілігі байқалады, оның ішінде көші-қоны ағымдарын реттеу үлкен маңызға ие болып отыр. Қазақстан мемлекетінің санын толтыру үшін, дамып жатқан көші-қон үрдісінің теріс салдарларының алдын- алу қажет. Заңсыз көші-қонының қауіптілігі елдің демографиялық жағдайына да əсер етеді, мемлекеттің өзіне де қауіпті.
Елдегі халық санының өсуіне ықпал ететін, үлкен маңызға ие болып табылатын көші-қон үрдістерін реттеудегі мемлекеттің қызметін демография саласындағы мемлекет қызметінің бір бөлігі етіп белгілеуге болады. Жоғарыда аталған мəселелерді шешу үшін демографиялық үрдістердің бір бөлігін қамтитын көші-қон саясатын тиімді етіп жүргізу қажет. Ол үшін көші-қон саясаты, сонымен қатар, демографиялық саясаттың өзі де мемлекеттің ішкі саясатының маңызды бөлігі болуы тиіс. Елімізде жүргізіліп отырған көші-қон саясаты мемлекеттің экономикалық, саяси, əлеуметтік жағынан өсіп-өркендеуге ықпал етуге, егеменділік пен тəуелсіздікті сақтап қалуға, мемлекеттік, ұлттық, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, аумақтық біртұтастықты сақтап қалуға бағытталуы қажет. Осы мақсатта көші-қон саласын реттейтін қазіргі заманның талабына сай заңнамаларды жетілдіріп, дамытсақ жеткілікті іс.