«Диуани лұғат ит-түрк» еңбегі - «Диуани лұғат ит-түрк» еңбегі
- Еңбектің түпнұсқасы жоғалып кеткен. Мұхаммет ибн Әубәкір ибн Әбілфетих жасаған жалғыз көшірмесі Стамбулда сақтаулы. Сөздік алғаш рет 3 том болып 1915-1917 жылдары Анкара қаласында (араб тіліндегі нұсқасы) жарық көрді.
- «Диуани лұғат ит-түрк» атты еңбегіндегі көне дәуірдегі түркі дүниесінің картасы
- Көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады.
- Қожа Ахмет Яссауи – түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Яссауидың арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана). Мұса шейх те Исфиджабта әулиелігімен танылған. Кейбір деректерде Қожа Ахмет Яссауидың Ибраһим атты ұлы мен Гауhар Хошназ (Жауhар Шахназ) атты қызының болғандығы айтылады. Қожа Ахмет Яссауидың ұрпағы негізінен осы қызынан тарайды. 9 ғасырда Отырар, Исфиджаб, Баласағұн, Иасы, Сауран, Сығанақ Шаш, Сүткент, Жент, Кудур, Отлук, Өзкент, тағыда басқа Мауераннахр қалаларында исламдіні уағызшыларының белсенді әрекеттері саяси сипат алған болса, 10 ғасырдан бастап ислам ілімі жолындағы тәлім-тәрбиелік ордалар – медресе-теккелер түбегейлі орнығып, исламдық-руханияттық ахлақи (моральдық) ұстанымдар қалыптаса бастады.
Достарыңызбен бөлісу: |