- Тарихи жадының сақталуы – тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде
- Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн.
- Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи еңбектері.
- Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
- Тексерген: Айтенов Ж.К.
- Орындаған: Қалкешов Ә.Т.
- Топ: ЮР-005
- Әбу Насыр Әл-Фараби (Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби) (870, Отырар қаласы — 950, Сирия (Шам)) — қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.
Данышпан Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында ұлы ұстаз дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген. - Данышпан Әбу Насыр әл-Фараби Түркістан тарапындағы Отырар шаһарында 870 жыл шамасында туған. 950 жылы Шам (Дамаск) шаһарында ұлы ұстаз дүние салды. Бұл мәлімет ерте заманғы арабша жазылған шежіре кітаптарында берілген.
- Отырар шаһары - Арыс өзенінің Сырдария өзеніне құяр аралығына орналасқан. Отырар сол кездегі үлкен шаһарлардың бірі болды. Бұл жерде көптеген төбелер жатыр. Сол төбелердің барлығы да бір кездегі Отырар қаласының орны.
- Әл-Фараби – философ
- Фарабидің философиялық еңбектері:
- “Ақылдың мәні туралы тарихтан”, “Данышпандықтың інжу маржаны”, “Ғылымдардың шығуы”,
- “Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, “Аристотель еңбектеріне түсіндірме”
- Әл-Фараби – ғалым
- Әл-Фараби – ірілі-ұсақты 150-ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді, математикада үлкен жаңалықтар ашты, астрономия жайлы кесек еңбектер қалдырды, физика ғылымын жаңа идеялармен байытты, медицина, химия, минерология, жаратылыстану ғылымдары бойынша еңбектер жазды.
- Әл-Фараби – математик
- Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика. Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған.
- Математиканы архитектура, жер өлшеу, астрономия және музыкаға шебер пайдаланудың үлгісін көрсеткен.
- Жүсіп Баласағұни (Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни) 1020 жылы Балсағұн қаласы Қырғызстандағы қазіргі Тоқмоқ қаласында туып, Қашқар қаласында қайтыс болған.
- Жүсіп Баласағұни - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
- Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Файласуфи (философия), риезиет (математика), тиббий (медицина), фэлэкиат (астрономия), нужум (астрология), өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сатүк Қара Богра ханға (908 - 955) тарту етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |