Тарихи түсініктер мен терминдер сөздігі



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата05.11.2019
өлшемі423,34 Kb.
#51213
  1   2   3
Байланысты:
treatise30312


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 

    


 

 

 



 

    


 

 

                    



Г.К. Көкебаева, О.Х. Мұхатова 

 

 



 

 

ТАРИХИ ТҮСІНІКТЕР МЕН  



ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ

 

 



 

Жоғары оқу орындарына арналған 

оқу-әдістемелік құрал 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Алматы - 2014 

 


 

ББК  



К 

 

Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарих 

факультетінің ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі ұсынған 

 

П і к і р   ж а з ғ а н д а р : 

тарих ғылымдарының докторы, профессор С.М. Мәшімбаев 

тарих ғылымдарының докторы, профессор Г.Р. Дадабаева 

тарих ғылымдарының кандидаты, доцент А.М.  Сманова  

 

 

 

Көкебаева Г.К., Мұхатова О.Х. 

 

К 

Тарих  пәндер  бойынша  түсініктер  мен  терминдер.  Жоғары  оқу  орындарына 



арналған оқу-әдістемелік  құрал. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – ..... бет. 

 

 



 

ІSBN       



 

 

Оқу  құралында  дүниежүзі  тарихы,  тарихнама,  деректану,  тарихи  процесс  және 



тарихи  таным  теориясы  пәндері  бойынша  түсініктер  мен  терминдердің  маңызы,  оларды 

пайдалану әдістері және наықтамалары берілген. Оқу құралының құрылымы студенттерді 

қазіргі заманғы тарих ғылымының ғылыми-категориялық аппаратымен таныстыру, тарихи 

үдерістің  негізгі  мәселелерінің  қазіргі  зерттелу  дәрежесіне  орай  қалыпьтасқан  тарихи 

түсініктер  мен  терминдерді  игертуге,  сөйтіп  оларды  өзіндік  ой  қорытуға  дағдыландыру 

міндетіне бағындырылған.  

 

Оқу  құралы  жоғары  оқу  орындарының  студенттеріне,  жалпы  тарих  мамандарына 



арналған. 

 

ББК 

 

  

© Көкебаева Г.К., Мұхатова О.Х. 2014 



© әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2014 

ІSBN 


 

 



АЛҒЫСӨЗ 



 

Жоғары  оқу  орындарында  тарих  пәндерін  меңгеру  барысында 

студенттер  мен  магистранттар  көптеген  тарихи  түсініктер  мен  терминдерді 

кездестіреді,  олардың  кейбіреулері  қазақша  аударылып,  термин  ретінде 

қабылданған болса, басқалары ежелгі латын  және  грек тілдерінде, сондай-ақ 

қазіргі  шеттілдерде  беріледі.  Бұл  тарихи  түсініктер  мен  терминдердің 

мазмұнын білу және еске сақтау үшін оларға ғылым мен философоия тарихы, 

әлеуметтану, мәдениеттану пәндерінен алған білімдерін де пайдалану қажет 

болады.   

Тарихи  түсініктер  мен  терминдер  тарихи  оқиағлар,  құбалыстар, 

үрдістер туралы білімді толықтырып, кешенді білімге айналдырады. Тарихи 

түсініктер тарихи шындықтың біздің санамыздағы бейнесін көрсетеді, тарихи 

түсініктерде  көптеген  тарихи  құбылыстар  мен  үрдістердің  ең  маңызды 

белгілері  жинақталады.    Бакалавриат  пен  магистратруаның  оқу  жоспарына 

кіретін  базалық  және  элективтік  пәндер    болашақ  тарихшының  тарихи 

түсініктер жүйесін меңгеруіне мүмкіндік береді.   

Тарих  ғылымының  тілдік  қоры  айрықша  күрделі,  өйткені  ол 

жаратылыстану-математикалық ғылымдар сияқты нақты анықталған арнаулы 

терминдермен ғана емес, басқа ғылымдарда пайдаланылатын терминдерді де 

қамтиды.  Мысалы,  тарихта  болған  әртүрлі  соғыстарды  сипаттағанда  әскери 

терминдерді,  сондай-ақ  белгілі  бір  тарихи  кезеңдегі  ғылым  мен  білімнің 

дамуын  талдағанда  жаратылыстану  ғылымдарының  кейбір  терминдерін 

пайдалануға тура келеді. 

Тарихи  түсініктер  мен  терминдерді  бірнеше  топқа  бөлуге  болады, 

біріншісі  –  тарихнамада  нақты  материалды  реттеуге,  жүйелеуге  қатысты 

жасалатын  түсініктер  мен  терминдер;  екіншісі  –  тарихи  деректерде 

кездесетін  түсініктер  мен  терминдер,  үшіншісі  –  тарихтың  концептуалдық 

негіздерін  түсіндіруде,  методологиясын  талдауда  қолданылатын  түсініктер 

мен  терминдер,  осы  соңғысы  тарихпен  шектес  ғылымдарда  да  (философия, 

әлеуметтану,  мәдениеттану,  саясаттану)  да  пайдаланылуы  мүмкін.  Тарихи 

терминдер  мен  түсініктердің  бірінші  түріне  мысал  ретінде  абсолютизм, 

феодализм,  абсолюттік  монархия,  конституциялық  монархия,  парламен-

таризм,  тағы  сол  сияқты  түсініктерді  атауға  болады.  Тарихи  түсініктер  мен 

терминдердің  екінші  түрін  «Репарациялық  комиссияның  сарапшылар 

комитетінің баяндамасы (Дауэс жоспары)»  деп аталған деректің мазмұнына 

сәйкес  қарастырсақ,  біз  бұл  жерде  кепілдіктер,  санкциялар,  валюта, 



эмиссиялық  банк,  Рейхсбанк,  депозит,  бюджеттік  қор,  бюджеттік 

мораториум,  облигация,  репарациялар,  тағы  сол  сияқты  әртүрлі 

гуманитарлық және қоғамдық ғылымдар саласында қолданылатын түсніктер 

мен терминдерді кездестіреміз.  Тарихи түсініктер мен терминдердің үшінші 

түрі  қоғамдық  ғылымдарда  қолданылатын  базис,  мемлекет,  қоғам,  саясат, 



 

әлеуметтік  страт,  формация,  өркениет,  тағы  сол  сияқты  философияда  және 



басқа  қоғамдық  ғылымдарда  пайдаланылатын  терминдер  бола  тұрса  да, 

олардың  тарих  ғылымында  қолданылуының  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Жалпы 

қоғамдық  ғылымдарда  бұл  терминдер  абстрактылық  түсінік  ретінде 

қолданылса, тарих ғылымында бұлар белгілі бір тарихи кезеңге және белгілі 

бір  елге  қатысты  нақты  мазмұнға  ие  болады.  Тарихи  түсініктер  мен 

терминдер  нақты  материалды  жүйелеудің,  жіктеудің,  талдаудың  және 

түсіндірудің нәтижелерінде қалыптасады. 

Тарих  ғылымында  қолданылатын  кейбір  терминдер  үнемі  ғылыми 

айтыс туғызып, мазмұны нақтыланып отырады. Мысалы, посткеңестік тарих 

ғылымында  қазіргі  кезде  жиі  қолданылатын  «өркениет»  түсінігіне 

тоқталайық. Қазіргі ғылыми әдебиетте «өркениет» термині әртүрлі мағынада 

түсіндіріледі. Қазіргі Ресей ғалымдарының көпшілігі оны аграрлық өркениет, 

индустриалдық  өркениет,  технологиялық  өркениет  деген  сияқты  түсінікке 

саяды.  Бұрын  алғашқы  қауымдық  және  тарихи  қоғамдарды  салыстырғанда 

“варварлық”  және  “өркениет”  түсініктері  пайдаланылды,  бұл  жағдайда 

өркениет мемлекет пен құқық, жазу-сызу және жоғары мәдениет қалыптасқан 

қоғам  түсінігін  білдіреді.  Алайда,  тарихтың  методологиялық  негізі  ретінде 

циклдық  даму  тұжырымдамасын  қолдансақ,  онда  біз  «өркениет»  түсінігін 

мәдени-тарихи  түр  мағынасында  қарастыруға  тиістіміз.  Бұл  тұжырымдама 

Н.Я. Данилевскийдің,  О. Шпенглердің,  Н.А. Бердяевтің,  А.Дж. Тойнбидің 

еңбектерінде  негізделген.  Осы  мағынада  алғанда,  өркениет  мәдени-тарихи 

түр  ретінде  өзіндік  мәдениеті,  ілім-білім  кешені,  өмірлік  философиясы  мен 

рухани  құндылықтары  бар  белгілі  бір  халықтың  немесе  халықтар  тобының 

өмір  сүру  мәнері  мен  әдісі  болып  табылады.  Осы  өркениетті  құрайтын 

халықтар  өзінің  құндылықтар  жүйесіне  сәйкес  әлеуметтік  және  саяси 

институттарын  қалыптастырады.  Әрбір  өркениеттің  өзіндік  мифологиясы 

және  мәдени-тарихи  салттары  болады.  Олардың  әрқайсысының  адам  және 

өмір туралы өзіндік тұжырымдамаға негізделген айрықша мәдениеті болады. 

Сонымен  қатар  әрбір  өркениеттің  өзіне  тән  адамның  шаруашылық  өміріне 

негіз  болатын  өндіріс  тәсілі,  экономикалық  құрылымдары,  әлеуметтік 

жағдайлардың  жиынтығы  болады.  Өркениеттік  тұжырымдама  қоғамның 

дамуының  негізін  адамның  дамуы,  оның  рухани  дүниесінің  (мәдениет, 

ғылым,  білім,  өмір  сүру  тәсілі  мен  тұрпаты,  т.  б.)  дамуы  құрайды  деген 

идеяға негізделеді. Кейбір зерттеушілер «өркениет» түсінігін тек қана рухани 

мәдениет категориясы шегінде қарап, оны дінмен бірдейлестіреді. Алайда дін 

түсінігі  өркениетке  қарағанда  тар  және  бағынышты  категория  болып 

табылады. «Өркениет» терминін тарихшы абстрактылы түсінік ретінде емес, 

Вавилон  өркениеті,  Шумер  өркениеті,  христиандық  өркениет,  исламдық 

өркениет, тағы сол сияқты нақты тарихи категория ретінде қарастырады.  

Белгілі  бір  тілдегі  ғылым  мен  техника  саласындағы  арнаулы 

атаулардың  мағынасын  түсіндіретін  сөздік  терминологиялық  сөздік  деп 


 

аталады.  Терминдер  топталып  бір  сөздік  түрінде  де,  белгілі  бір  ғылым 



саласына байланысты жеке-жеке кітап болып та шығады. 

Ұсынылып  отырған  оқу-әдістемелік  құралында  дүниежүзі  тарихы, 

тарихнама, деректану, тарихи процесс және тарихи таным теориясы пәндері 

бойынша  түсініктер  мен  терминдердің  маңызы,  оларды  пайдалану  әдістері 

және наықтамалары берілген. Оқу құралының құрылымы студенттерді қазіргі 

заманғы  тарих  ғылымының  ғылыми-категориялық  аппаратымен  таныстыру, 

тарихи  үдерістің  негізгі  мәселелерінің  қазіргі  зерттелу  дәрежесіне  орай 

қалыпьтасқан  тарихи  түсініктер  мен  терминдерді  игертуге,  сөйтіп  оларды 

өзіндік ой қорытуға дағдыландыру міндетіне бағындырылған.   Оқу  құралы 

жоғары оқу орындарының студенттеріне, тарихшы мамандарға арналған. 



 

 



БІРІНШІ БӨЛІМ 



 

ТАРИХ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛАТЫН  

ТҮСІНІКТЕР МЕН ТЕРМИНДЕР 

 

 

Аболиционизм – құлдықты жою жолындағы қозғалыс. 

Абсентизм –  сайлау кезінде дауыс беруге қатыспау. 

Абсолютизм-    -  дәстүрліден  индустриалды  қоғамға  өту  кезеңінде 

қалыптасқан  және  әлеуметтік  күштердің  уақытша  балансын  көрсететін 

айрықша  әлеуметтік-саяси  жүйе.  Абсолюттік  жүйенің  қалыптасуы  жалпы 

мемлекеттік  бюракратиялық  машиналардың,  кәсіпқой  тұрақты  әскердің, 

жалпы  мемлекеттік  салық  жүйесінің,  жалпы  мемлекеттік  сот-тергеушілік 

аппаратының, 

заңнаманы 

үйлестіру 

және 

әкімшіліктік 



ұйымдастырушылықтың, өлшем және салмақ жүйесі, мемлекеттік шіркеудің 

пайда  болуы,  бірыңғай  мемлекеттік  экономикалық  аясатын  жүргізуімен 

(протекционистік)  қатар  жүреді.  Саяси  сипатына  байланысты  абсолюттік 

тәртіптің  ішінде  ағартушылық  абсолютизм  ерекшеленеді(жалпыхалықтық 

шоғырлануға,  жаңа  әлеуметтік  топтарды  асиимиляциялауға,  соның  ішінде 

протекционистік  сасатты  жүргізу  арқылы,  ағартушылық  идеологиясын 

қолдауына,  жалпыхалықтық  сыртқы  экспансия  саясатын  жүргізуге 

бағдарланған  мемлекеттік  жүйе),  консервативті  абсолютизм  (феодал 

әлеуметтік  топтарының  қызығушылығындағы  сақтаушы  саясатқа,  дәстүрлі 

діл  жүйенің  мұраттарына  (идеал)  сүйенетін,  көпшіліктің  салттық  саяси 

тәртібінің  стереотипіне  бағдарланған  мемлекеттік  жүйе),  деспоттық 

абсолютизм  (династияның,  сұрқиялардың  немесе    патшаның  саясаттың 

мақсатын  анықтауда  айтарлықтай  жеке  асыра  сілтеушілігімен  өзінің 

қызығушылығында  саясатты  жүргізуге  бағдарланған  дербестендірілген 

мемлекеттік  жүйе),  теологиялық  абсолютизм  (мемлекеттік  құрылымның 

құрамында шіркеудің айрықша рөлімен, өз қолында саяси және діни билікті 

шоғырландырған  абсолюттік  монарх    біруақытта  ұлттық  шіркеу  басшысы 

болып  табылатындығымен  ерекшеленеді),  ошақтық  абсолютизм  немесе 

жергілікті 

(жергілікті 

сословиелік 

монархия 

тәртібіне 

және 


жалпымемлекеттік  мақсатты  жергілікті  конфессионалдық,  саяси-құқықтық, 

әлеуметтік  ерекшеліктерді  ұлғайтып  көрсетуге  негізделіп  мемлекеттік 

орталықсыздандырылу жағдайындақалыптасатын мемлекеттік жүйе). 

Авангардизм – ХХ ғасырдағы өнердің мазмұнын және тұрпатын түбірлі 

түрде жаңартуға ұмтылған көркем өнер ағымдары. 



Австромарксизм  –  Австрия  социал-демократиясының  XX  ғ.  бірінші 

ширегінде 

қалыптасқан 

ғылыми-саяси 

тұжырымдамасы. 

Социал-


демократиялық  жұмысшы  партиясының  көрнекті  қайраткерлері  О.Бауэр, 

К.Деннер, 

М.Адлер, 

Ф.Адлер 


өздерінің 

теориялық 

ізденістерінде 


 

революцияшыл  марксистік  тұжырымдаманың  өзіндік  ерекше  нұсқасын 



жасады.  Олар  большевиктердің  революцияшылдық  және  батыс  социал-

демократиясының  реформашылдық тұжырымдамаларынан іргесін ажыратып 

алуға  тырысты.  Австромарксистердің  пікірі  бойынша,  пролетарлық 

революция  өте  ұзақ  жүргізілетін,  бірте-бірте  іске  асатын  үрдіс,  ол  үш 

сатыдан  (саяси,  ұлттық  және  әлеуметтік)  тұрады.  Саяси  революция 

Габсбургтер  империясын  жойып,  демократиялық  парламенттік  мемлекет 

құрылысына  жол  ашуға  тиісті.  Ұлттық  революция  ұлттық  мәселені  шешіп, 

экономикалық  жағынан  неғұрлым  тиімді  аймақ  шегінде  жаңа  мемлекеттік 

құрылымды  жасауды  іске  асырады.    Ал  әлеуметтік  революция  әлеуметтік-

саяси  және  экономикалық  қайта  құруларды  іске  асырады.  Пролетарлық 

партияның  өкімет  басына  келуі  саяси  бүлік  жолымен  емес,  демократиялық 

сайлауда  жеңу  жолымен  іске  асырылуға  тиісті.  Бұл  социализм  құруға  жол 

ашады.  Социализм  құрудың  мәні  –  меншік  түрін  өзгерту  емес,  өндірісті 

әлеуметтендіруді  іске  асыру,  яғни,  экономикалық  жүйенің  барлық 

құрылымдарында  кәсіпкерлердің,  жұмысшылардың,  тұтынушылардың  және 

мемлекеттің өкілдерінен тұратын ерекше келісім комиссияларын құру арқы-

лы әлеуметтік әділетсіздікті және адамды адамның қанауын жою.  

Автаркия  елдің шаруашылығын оқшаулау, бір елдің шегінде өзін-өзі 

қамтамасыз ететін, тұйық шаруашылық құру. 



Автократия – бір адамның шексіз билігіне негізделген басқару жүйесі. 

Автономия  –  өзін-өзі  басқару,  мемлекеттің  белгілі  бір  бөлігінің  ішкі 

мәселелерін өз бетінше шешу құқығы. 



Авторитаризм  –  билік  бір  адамның  немесе  бір  өкіметтік  мекеменің 

қолына  шоғырлануымен,  өкілдік  мекемелердің  рөлінің  төмендеуімен, 

оппозицияның  мүлде  елеусіздігімен,  басқарудың  диктаторлық  әдістерімен 

сипатталатын саяси тәртіп. 



Адвентизм – XIXғасырдың 30-шы жылдарында АҚШ-та христиандық 

(протестанттық)  секталардың  қозғалысы.    Бұл  сектаның  діни  уағызында 

Христостың барлық тірілер мен өлілердің үстінен  қатығез жаза  үшін екінші 

қайта тірілуі туралы сенім басты орынды алады.  

Азаматтық  қоғам  –  бұл  қоғамдық-саяси  өмірдің  тәуелсіз  бөлімі; 

адамның саяси қызметінің шарттарын, жеке тұлғаның, әлеуметтік топтардың 

және 

бірлестіктердің 



әртүрлі 

қажеттілігі 

мен 

қызығушылығын 



қанағаттандыру  және  жүзеге  асыруды    қамтамасыз  ететін,қоғамның 

қатынасының жиынтығы, ресми және бейресми құрылым.  



Акмеизм  –  ХХ  ғ.  басындағы  орыс  поэзиясындағы  модернистік  ағым,  ол 

символистердің  сыйқырлық  талпыныстарына  қарсы  поэзияның  нақты  өмірге, 

адамға бетбұрысын қойды.   

Ақпараттық  қоғам  –  ақпараттық  технологиялар  мен  бұқаралық 

байланыс құралдары басым орын алатын қоғам.   



 

Анабаптизм  –  Батыс және Орталық Еуропада Реформация дәуірінде 

 

болған  сектанттық  қозғалыс,  мемлекеттік  жасқа  келгенде  шоқынуын 



жақтады,  шіркеу  иерархиясын,  икондарды,  христиандықтың  көптеген 

құпияларын  жоққа  шығарды.  Анабаптистер  жеке  меншікті  жоюды,  мүлік 

ортақтығын талап етті.   

 Анархизм – XIX ғасырда пайда болған идеологиялық доктрина. Біліксіз 

пролетариаттың  саяси  қозғалысының,  эксплуатацияның  кез  келген  түріне 

қарсы  көпшілікпен  нашар  ұйымдастырылған  стихиялық  наразылықтың 

ерекшелігі.  XXғасырда  метасаяси  құбылыс  ретіндегі  сипатын  жойды  және 

жабық  саяси  субмәдениет  қалыптастыра  отырып,  жеткілікті  автономды 

идеологиялық құрал  түрінде дами бастады. Осындай жағдай анархизмнің әр 

түрінде  болды  –анархо-индивидуализм  (рубасы-М.  Штирнер),  анархо-

федерализм(П.  Прудон,  М.  Бакунин,  А.  Герцен  идеяларына  сүйенген), 

анархо-  коммунизм(П.  Кропоткиннің  көзқарастастарына  жүгінген).  Анархо-

синдикализмерекшеленді,  биліктің  шыңына  шыққан  кезеңі  1880-1914 

жылдарға  келеді,  ал  идеялық  ықпалының  елесі  (әсері)  екінші  дүниежүзілік 

соғысқа дейін қадағаланды. 



Анархо-синдикализм  –  жұмысшы  қозғалысындағы  капиталистік 

құрылысты  синдикаттардың    революциялық  күресі  арқылы  жою  мақсатын 

қоятын ағым (синдикат – кәсіподақтардың французша атауы). 

       Анафема  –  шіркеулік  балағат  (қарғыс  айту),  шіркеуден  аластатылу 

(шеттетілу). 

      Англикан  шіркеуі  –  XVI    ғасырда  пайда  болған  протестанттық  шіркеу. 

Ұлыбританияда  мемлекеттік  болып  табылады.  Англикан  шіркеуінің 

догматикасында  жеке  сенімді  құтқару  туралы  протестанттық  және  шіркеу 

күшін  құтқару  туралы  католицизм  қағидасы  үйлесім  тапқан.    Шіркеу 

иерархиясының басшысы –король. 

      Аннуитет – Қарыз берушіден алған несиені өсімімен қоса өтеу үшін оған 

жыл сайын төленетін белгілі бір мөлшердегі қаржы сомасы. 



Анторопоморфизм  (грек.anthropos  адам,  тоrphe  –  форма,  пішін)  – 

адамзаттық,  халықтық  дүниетанымдағы  жаратылыс  иелерін  (құдайды, 

періштелерді,  мал-жан  иелерін),  табиғаттағы  нәрселерді  (ғарыштық, 

геогр.объектілерді,  жан-жануарларды,  өсімдіктерді,  т.б.)  адамға  ұқсату 

құбылысы, өнердегі көркемдік әдіс. 

Аншлюс    –  1938  жылы  Австрияны  Германияның  өзіне  күштеп  қосып 

алғанын бейнелейтін термин.  



Апартеид  –  Оңтүстік  Африка  Республикасында  билеуші  топтардың 

жергілікті  халық  пен  Үндістаннан  келген  қоныстанушыларға  қатысты 

жүргізген нәсілдік кемсітушілік пен бөлушілік саясаты.  

Асьенда – Латын Америкасы елдеріндегі ірі жер иеліктері.   

Атлантизм  –  Атлантикалық  аймақтағы  халықтардың  мүдделері  мен 

тағдырының 

ортақтығы 

туралы 


ойға 

негізделген 

идеялық-саяси 

тұжырымдама.  Атлантизм  «қырғи-қабақ  соғыс»  кезінде  екі  қарама-қарсы 



 

қоғамдық жүйелердің күресіне байланысты кең орын алды. 



Әлеуметтік  реформа  –  қалыптасқан  әлеуметтік  құрылысты  сақтай 

отырып, халықтың тұрмысын жақсарту үшін белгілі бір дәрежеде өзгерістер 

жасау. 

Әскери-өнеркәсіптік  кешен    қару-жарақ  жасаушылар,  әскери 

басшылар  және  мемлекеттік  құрылымдардағы  әскери-саяси  мәселелермен 

айналысатын,  елдің  әскери  қуатының  күшеюіне  мүдделі  жоғарғы 

басшылардың өзара тығыз байланысты екенін көрсететін түсінік.    



Бейтараптылық  –  бейбіт  уақытта  әскери  одақтарға  қосылмау  және 

соғыс кезінде соғысушы жақтардың ешқайсысын қолдамау статусы. 



Билль  (ағылшын  тілді  елдерде)  –  заң  шығарушы  ұйымның    қарауына 

ұсынылатын  заң  жобасы,  сонымен  қатар  кейбір  конституциялық  актілердің 

атаулары. 

Биржа  –  1)  құнды  қағаздарды  (акциялар  мен  облигацияларды)  сату 

және  сатып  алу  іске  асырылатын  мекеме;  2)  биржалық  амалдар  іске 

асырылатын мекеме.  

Босқындар  –  қоғамда  белгілі  бір  күштердің  (саяси,  экономикалық, 

этникалық  қысым,  соғыс,  табиғи  апат)  қысымына  қарсы  тұруға,  төзуге 

шарасыз  болудың  әсерінен  өз  елінен  басқа   бір  елге  көшуге  мәжбүр  болған 

адамдар. 



Босқыншылық  –  қалыптасқан  саяси-әлеуметтік,  экономикалық  және 

табиғи  –  климаттық  ауыр  ахуалдарға,  апаттарға  байланысты  адамдардың 

атақоныстарынан, тұрғылықты мекендерінен амалсыз босып, ауа көшулері. 

Вандализм 

Вето – қазіргі заманғы мемлекеттердегі мемлекет басшысының немесе 

парламенттің  жоғарғы  палатасы  төрағасының  заң  шығарушы  орган  немесе 

оның  төменгі  палатасы  қабылдаған  заңның  күшіне  енуін  кейіндету  құқығы. 

Вето құқығы кейбір халықаралық ұйымдарда да қолданылады. Мәселен, БҰҰ 

Қауіпсіздік  Кеңесінде  вето  құқығы  АҚШ,  Ресей,  Ұлыбритания,  Франция 

және Қытайда бар.   



Ғаламдық  мәселелер  –  әлемнің  барлық  мемлекеттері  мен 

халықтарының  бірлескен  әрекеті  нәтижесінде  ғана  шешуге  болатын 

мәселелер.  Бұл  мәселелерді  елемеу  бүкіл  адамзат  өркениетіне  қауіп 

төндіреді.  



Гегемония – жетекшілік, басшылық жасау, басым орын алу.  

Геноцид  –  нәсілдік,  ұлттық  немесе  діни  белгілері  бойынша  тұтас 

халықтарды немесе халықтың жеке топтарын қырып-жою 



Геосаясат  –  мемлекеттің  географиялық  орналасу  жағдайының  оның 

сыртқы  саясатына  және  халықаралық  қатынастарға  әсерін  сипаттайтын 

түсінік. 

Гэнро  –  Жапонияның  тәжірибелі  қарт  сасяаткерлерінен  құралған 

императорлһдың жаындағы кеңесші орган. Гэнро мүшелері императорға аса 



 

10 


маңызды  саяси  мәселелер  және  министрлер  кабинетінің  құрамы  туралы 

кеңестер берді. Соңғы гэнро Сайондзи қайтыс болған соң, 1940 ж., гэнро өмір 

сүруін тоқтатты.  

Герилья  –  Испаниядағы  және  Латын  Америкасындағы  партизандық 

қозғалыстың атауы. 



Гомруль  –  Ирландияның  Британ  империясы  аясында  автономия  алу 

бағдарламасы,  бұл  бағдарлама  XIX  ғ.  соңғы  шиергінде  –  ХХ  ғ.  басында 

ұсынылған болатын.  

Гугеноттар  –  XVI—XVII  ғасырларда  Францияда  кальвинизм 

жақтаушылары.  Гугеноттардың  әлеуметтік  құрамы-  қаланың  төменгі 

топтары, орташа топтары, рулық дворяндықтың бөлігі (әсіресе- оңтүстіктегі), 

қалалық  магистраттар  бөлігі,  көпестер.  Солтүстік  Францияның  феодалдық 

ақсүйектері  мен  дворяндары  католиктік  шіркеуді  қолдады.  XVI    ғасырда 

гугеноттар мен католиктер арасындағы күрес діни азамттық соғысқа айналды 

(ұласты). 

ГУЛАГ – Кеңес Одағындағы лагерьлердің Бас басқармасы.  

Ғылыми-техникалық  революция  (ҒТР)  –  ғылымды  тікелей  өндіргіш 

күшке,  қоғамның  дамуының  жетекші  факторына  айналдыру  негізінде 

өндіргіш күштерді сапалы түрде қайта құру.  

Дадаизм – 1916-1924 жж. Батыс Еуропа, негізінен француз және неміс 

өнерінде орын алған модернистік ағым; дадаизмнің негізгі сипаты – өнердегі 

байырғы әдістер мен шарттылықтарға наразылығын мәнсіз, ақылға симайтын 

әдістермен бейнелеу.  



Девальвация  –  ұлттық  валютаның  алтынға  немесе  басқа  елдердің 

валютасына қатысты алғандағы мөлшерін төмендету.  



Декрет – жоғарғы өкіметтің белгілі бір мәселеге арналған заңдық күші 

бар қаулысы. 



Демагогия    өздерінің  пайдакүнемдік  мақсаттарын  іске  асыру  үшін 

өтірік уәделер беру, шындықты бұрмалау арқылы адамға ықпал жасау. 



Демаркация – нақты бір жерлерде мемлекеттік шекараны белгілеу. 

Демилитарланған  белдеу  –  бір  де  бір  мемлекет  әскерін  орналастыр-

майтын, бекіністер және басқа әскери құрылыстар салмайтын жер, бұл жерде 

тәртіп  сақтайтын  және  жергілікті  тұрғындардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз 

ететін полиция немесе басқа ішкі күштер ғана орналаса алады.  



Демографиялық  саясат  –  халықтың  ұдайы  өсуі  үшін  мемлекет 

тарапынан  жүзеге  асырылатын  әкімшілік,  әлеуметтік,  экономикалық  және 

құқықтық шаралар жүйесі. 

Демократиялық социализм тұжырымдамасы – социал-демократиялық 

партиялардың  қоғамды  әлеуметтік  әділеттілік,  еркіндік,  ынтымақтастық, 

бейбітшілік,  теңдік  пен  туысқандық  негізінде  өзгертуге  бағытталған  саяси 

стратегиясы. Бұл тұжырымдама бойынша, социализм – қоғамның мүлде жаңа 

үлгісі  емес,  бұл  –  қоғамды  ұйымдастыру  қағидасы,  бұл  –  ынтымақтастық 


 

11 


және ұйымшылдық жолымен қоғамның барлық мүшелеріне тең еркіндік пен 

даму мүмкіндіктерін қамтамасыз ету қағидасы. Осы қағиданы іске асырудың 

неғұрлым  тиімді  институционалдық  бейнесі  қандай  болатынын  қоғам 

мүшелерінің  көзқарастары,  саяси  күштердің  пісіп-жетілу  дәрежесі,  саяси 

мәдениеттің  түп-тамырларының  тереңділік  дәрежесі,  т.  б.  жағдайлар 

анықтайды.  Сондықтан  алдын-ала  социалистік  қоғамның  нақты  үлгісін 

анықтау  мүмкін  емес.  Әрбір  жеке  социал-демократиялық  партия  өз  елінің 

ерекшеліктеріне  орай  социализмнің  іске  асырылу  бейнесін  қалыптастыруы 

мүмкін. Алайда социализм құрудағы негізгі және басты идеяны үнемі ескеру 

қажет,  ол  –  демократия  социализмнің  бөлінбес  бөлігі  екендігі  туралы  идея. 

Демократия жоқ жерде социализм да болмайды. 

Денонсация  –  бір  мемлекеттің  екінші  мемлекетке  өзара  жасаған 

келісімшартының    күші  жойылғандығы  туралы  ескерту  хабары.    Ескерту 

хабар  сол  келісімшартта  көрсетілген  мерзімде  және  белгіленген  ретпен 

жасалады.  



Депрессия   өнеркәсіптік даму айналымының артық  өндіруден кейінгі 

сатысы;    ол  экономиканың  тоқырау  жағдайымен,  тауарларға  сұраныстың 

аздығымен сипатталады.  

Дискриминация  (кемсітушілік)  –  нәсіліне,  ұлтына,  жынысына,  діни 

және саяси көзқарасына байланысты азаматтарды құқығынан айыру. 

 Диссидент – үстем идеологиямен келіспейтін, басқаша ойлайтын адам.   

Доминион  –  бұрынғы  Британ  империясының  өзін-өзі  басқаратын 

бөліктерінің  атауы;  ал  1931  ж.  бастап  тәуелсіздігін  алған,  бірақ  Британ 

Ұлттар  Достастығы  құрамында  қалған  бұрынғы  ағылшын  отарлары,  олар 

мемлекет  басшысы  ретінде  ағылшын  монархын  таниды,  оның  өкілі  ретінде 

бұл елдерде ағылшын генерал-губернаторы болады. 

Егеменділік – мемлекеттің ішкі істерін және сыртқы қатынастарын іске 

асыруда басқа мемлекеттерге мүлде тәуелсіз болуы. 



Ересь – шіркеу мойындаған діни түсініктер жүйесінен бөлек, айрықша 

діни ілім. 



Еңбек биржасы – жұмыс күшін жалдаудағы делдалдық мекеме. 

Жанталаса  қарулану  –  жекелеген  елдердің  бір-бірінен  қорғану 

мақсатында елдің қарулануын күшейтуі.  



«Жасыл 

революция»  – 

ХХ 


ғ. 

екінші 


жартысында 

ауыл 


шарруашылығына  ғылымның  жетістіктерін  енгізу,  соның  нәтижесінде 

бірқатар  дамушы  елдерде  астықтың  көп  өндірілуі  және  халық  арасында 

аштықты болдырмау.    

«Жасылдар»  –  1970-ші  жылдарда  Батыс  Еуропада  пайда  болған,  

қоршаған  ортаны  ластауға  және  атом  энергиясын  пайдаланудың 

зардаптарына  қарсы  шыққан,  соғыс  мақсатына  жұмсалатын  қаржыны 

азайтуды,  қоғамдық  өмірді  демократияландыруды  талап  ететін  қоғамдық-

саяси қозғалыс.  


 

12 


Жоғары  технологиялар  –  ХХ  ғ.  ғылыми-технкиалық  прогрестің 

нәтижелері. Оларға компьютермен, робототехникамен, гендік инженериямен, 

ғылым  мен  технкианың  тағы  басқа  жаңа  салаларымен  байланысты 

технологиялар жатады.      



Импичмент  –  мемлекеттік  жоғарғы  қызметте  отырған  адамдарды 

парламенттің  сотына  шақырудың  кейбір  елдерде  қолданылатын    реті  мен 

рәсімі.   

Инаугурация – мемлекет басшысының қызметіне кірісуінің салтанатты 

рәсімі.  



Индепенденттер    –  ағылшын  революциясы  кезіндегі  пуритандық 

жақтаушылардың  радикалды-  саяси  топтасуы.  Шіркеу  қауымының  толық 

автономиясының жақтаушылар, монархияға қарсы шыққан. 

Индустриаландыру  –  техникамен  қамтамасыз  етілген,  ірі  өнеркәсіп 

құру, өнеркәсіптік өндірістің экономикадағы үлесін елеулі түрде көтеру.  



Институционализация  –  әлдебір  жаңа  институттар,  мекемелер  құру, 

белгілі бір қоғамдық қатынастарды құқықтық және ұйымдық жағынан бекіту. 



Инфляция  –  айналымдағы  қағаз  ақшаның  құнсыздануы  (сатып  алу 

қабілетінің төмендеуі). 



Казус  белли  –  соғыс  жариялауға  немесе  соғыс  қимылдарын  бастауға 

түрткі, сылтау. 



Каудильизм – Латын Америкасы елдерінде таралған, әскерде, партияда 

шексіз  билікке  ие  болған  көсемнің  саяси  аренаға  шығуымен  байланысты 

саяси құбылыс.   

Клерикализм  –  қоғамдық  өмірде  шәркеу  мен  дін  иелерінің 

басымдылығын мақсат тұтатын идеологиялық доктрина.   



Кодификация  –  құқықтың  жеке  салалары  бойынша  мемлекеттік 

заңдарды қайта қарап және ескіргендерін жойып, жүйеге келтіру. 



Коллаборационизм  –  жау  басып  алған  жерлердің  азаматтарының 

басқыншылармен ынтымақтасуы.   



Кольбертизм    –  XVII    ғасырда  Францияда  Ж.Б.  Кольбер  жүргізген 

меркантилдік  саясат  атауының  бірі.  Бұл  саясат  қатаң  кеден  қолдампаздығы 

(протекционизм) және үкіметтің экономикаға  солқылдақ

 

мемлекеттік реттеу 



жүргізуімен қатар ішкі өндірісті толық қатаң бақылауымен ерекшеленеді.  

Коммунизм  –  мақсаты  тапсыз  қоғамдық  құрылыс  орнатуда  өндіріс  құрал- 

жабдықтарына  біртұтас  бүкілхалықтық  меншік  жариялайтын,  қоғамды  өзін-өзі 

басқару  және  «әркімнің  қабілеттілігінен,  әркімге  қажеттілігіне»  қарай  принціпін 

ұстанатын саяси идеология.  



Компрадорлық  буржуазия    –  отар  елдердегі  буржуазияның  шетел 

капиталы мен ұлттық рыноктың арасында делдалдық рөл атқаратын бөлігі.  



Конвенция  –  келісімнің,  белгілі  бір  мәселелр  бойынша  жасалған 

халықаралық шарттардың бір нұсқасы.  



Конгломерат – әртүрлі, әртекті нәрселердің қосындысы. 

 

13 


Кондоминимум  –  белгілі  бір  территориядағы  мемлекеттік  билікті  екі 

немесе одан көп мемлекеттердің бірлесіп іске асыруы.  



Конклав  –  Рим  папасы  қайтыс  болған  соң  оның  орнына  папа  сайлау 

үшін жиналатын кардиналдардың кеңесі. 



Консерватизм  –  мемлекеттік  және  қоғамдық  өмірдің  тарихи 

қалыптасқан  тұрпатын,  әсіресе,  оның  жанұяда,  ұлтта,  дінде,  меншікте 

бейнеленген  құндылық  салттарын  сақтауға  және  қолдауға  бағдарланған 

идеялық-саяси  ілім  және  ағым.  Консерватизм  адамдар  арасында  әлеуметтік 

теңдік  болуы  мүмкіндігін,  қоғамдық  өмірге  белсенді  түрде  араласу  қажет-

тілігін  жоққа  шығарады.  Олар  кез  келген  қоғамдық  өзгерістер  бірте-бірте, 

ойлылықпен  іске  асырылуы  қажет  деп  есептейді.  Консерватизм  ХVІІІ 

ғасырдың аяғында әлеуметтік тәртіпті саналы тұрде қайта құрудың табиғатқа 

қайшы  келетіндігін  ой  елегінен  өткізу  нәтижесінде  пайда  болды. 

Консерватизмнің негізгі қағидалары алғаш рет негізделген еңбек – ағылшын 

саяси қайраткері және философы Э.Берктің “Франциядағы революция туралы 

ойлар” деген еңбегі 1790 жылы басылып шықты. Э.Берк, Ж. де Местр, Л. де 

Бональд,  С.Колридж  және  басқа  теоретиктердің  еңбектері  байырғы 

(сақтаушылық, күзетшілік) консерватизмнің негіздерін қалыптастырды. 



Конституция  – мемлекеттік  биліктің  ұйымдасуын  және  осы  биліктің, 

қоғамның  және  индивидтің  өзара  қатынасын  реттеуді  бекітетін  негізгі 

мемлекеттік  заң.  «Конституция»  түсінігі  екі  мағынада  қолданылуы  мүмкін: 

формальды  конституция  және  материалдық.  Формальды  конституция 

мағынасында  белгілі  бір  тәртіп  негізінде  қабылданатын  және  өзгертілетін 

және  өзге  нормативтік  актілермен  салыстырғанда  жоғары  заңдық  күшке  ие 

заңдар  түсіндіріледі.  Материалдық  конституция  мағынасында  нормалар 

жиынтығы  түсіндіріледі,  олардың  реттеуші  пәні  негізінен  мемлекеттік 

биліктің  ұйымдастырылуы  болып  табылады  (мұндай  жағдайда  бір  немесе 

бірнеше  актілерде  нормалардың  пайда  болуы  және  олардың  мазмұны 

маңызды  емес).  Кейде  материалдық  конституция  ретінде  мемлекеттік 

биліктің  құқықтық  тәртібінің  шынайы  жүзеге  асырылуы  түсініледі,  ол 

формальды конституцияда қалыптасқан тәртіппен сәйкес келуі де, келмеуі де 

мүмкін (яғни, формальды конституция мағынасында заңдық конституциялар 

түсіндіріледі  -  мемлекеттің  негізгі  заңы,  ал  материалдық  конституция 

мағынасында 

нақты 


конституция-мемлекеттік 

биліктің 

жүзеге 

асырылуының шынайы тәртібі түсіндіріледі). 



Контрреформация  –  рим-католиктік  шіркеуінің  еуропа  қоғамындағы 

секуляризация процесіне (үдерісіне), соның ішінде Реформация қозғалысына 

реакциясы.  Реформациямен  тікелей  күрестен  басқа(соның  ішінде  иезуиттер 

орденін,  Әулие  инквизиция  қызметін  құру),  Контрреформация  «католиктік 

жаңару»  үдерісінің  күшейтілуінде  түсіндіреді.    Осыған  байланысты  1545-

1563  жылдары  Вселенский  Тридентский  соборында  қабылданған  қаулы 

маңызды  орын  алады  (Библия  (Інжіл,  Таурат)  және  Қасиетті  жазбалардың 


 

14 


діни  сенімнің  деректері  ретінде  теңдігінің  расталуы(құпталуы),  мессаның 

құпталуы, тәубеге келу, некеден безуші, әулиелерге табыну тәртібі, алғашқы 

күнә,  сеніммен  ақтау  туралы  догматтың  құпталуы,  жеті  құпия  туралы 

догматтың құпталуы, семинария құру туралы қаулы, индульгенция (кешіру, 

рұқсат  беру)  сатуды  тоқтату,  шыдамдылығын  байқау  туралы  догматтың 

бекітілуі,  дінбасыларының  діни  тәртібін  қалпына  келтіру,  шіркеу 

қызметшісінің  міндетін  атқару  туралы  жарлық,  некенің  қасиеті  туралы 

декрет. 


Контрибуция  –  соғыста  жеңілген  елдің  жеңімпаз  елге  беретін 

қаржылай немесе заттай төлемі.  



Конфессия – белгілі бір діннің шегіндегі сенім жүйесі.  

Концессия  –  1)  мемлекеттің  кәсіпорындарды  немесе  шикізат  көздерін 

жеке  кәсіпкерлерге  немесе  шетел  фирмаларына  уақытша  пайдалануға  беру 

туралы жасаған келісімі; 2) осындай келісім негізінде құрылған кәсіпорын. 

Кооперация  –  1)  көп  адамның  өзара  байланысты  еңбек  үрдістеріне 

қатысуын  қамтамасыз  ететін  еңбекті  ұйымдастыру  түрі;  2)  кооператив 

мүшелерінің топтық меншігіне негізделген өндіріс түрі. 

Коррупция  –  қоғамдық  және  саяси  қайраткерлердің,  әкімшілік 

қызмткерлерін пара беріп, сатып алу. 



Кортес – Испаниядағы парламент. 

Капитуляций  –  шет  елдік  алапауыттардың  өкілдері  арқылы  елдің 

аумағында  ерекше  құқықтарды  қамтамасыз  ететін  келісім-шарттар,  қол 

қойылатын  келісім-шарттар  (сауда  жасауға  жеңілдіктер,  жергілікті  биліктің 

қол сұғылмауы, өзін-өзі басқарудың әртүрлігі және т.б.). 

Капитуляция – соғысып жатқан бір жақтың қарулы қарсылық білдіруін 

тоқтатуы және қарсыласына қарулы күшін өткізуі.  

Классы  –  қоғамдық  өндіріс  жүйесінде  меншік  түрлері  мен  алатын 

орнына  байланысты  құрылатын  әлеуметтік  топтар.  Таптар  әлеуметтік-

экономикалық  категориялар  ретінде  өндіріс  үдерісінде  меншікке  және 

мәртебе иерархиясында  басым қатынастарға иеленетін кез келген қоғамдық 

жүйенің  бөлінбес  компоненті  болып  табылады.  Алайда  тек  индустриалды 

техногенді  қоғамда  әлеуметтенудің  даралана  түсуінің  таптық  факторлар 

өзіндік  игілікке  қол  жеткізеді  және  шынайы  әлеуметтік  құрылымды 

қалыптастырудың  базасына  айналады.    Кең  мағынада  «таптар»  ұғымы 

әртүрлі мәнде ортақ мүддесі, құндылықтары, өзіндік өндірістік қатынастары 

бар, тұрақты әлеуметтік топтарға қатысты қолданылады. 

Кольбертизм  -  XVII  ғасырда  Францияда  Ж.Б.  Кольбер  ендірген  

меркантилді  саясат  атауының  бірі.  Бұл  саясаттың  өзіндік  белгілерінің  бірі  -

қатаң  кедендік  протекционизм  және  ішкі  өндірісте  толық  бақылау  орнату, 

сондай-ақ  бір  уақытта  үкімет  тарапынан  экономиканы  бейімделгіш 

мемлекеттік реттеуді қолдану. 

Коммерция  –  сауда  және  сауда-делдалдық  қызмет,    сауда-саттықта 


 

15 


араласу  немесе  тауарларды  сатуға,  қызмет  көрсетуге  ықпал  ету.  Кең 

мағынада –іскерлік қызмет.  

Контрреформация  -  рим-католиктік  шіркеуінің  еуропалық  қоғамдағы 

секуляризациялы  үдерістерге,  соның  ішінде  Реформация  қоғалысына  

реакциясы.  Реформацияға  қарсы  тікелей  күрестен  өзге  (соның  ішінде 

иезуиттер  орденін  құру  арқылы,  Әулие    инквизицияның  қызметі), 

Контрреформация  «католиктік  жаңаруды»  және  осы  үдерісті  өрістетуді 

ойлады.  Бұл  үшін  маңызды  болып  1545-1563  жылдардағы  Вселен  Тридент 

соборның  қаулылары  саналды  (Библия  мен  Әулие  өсиетте  сенім  дерегі 

ретінде  берілген  теңдікті,  папалық  рухани  биліктің  Вселен  соборының 

беделінен  артықшылығы  туралы  қатып-сенген  қағиданы,  месті  бекіту, 

құлшылық ету,  целибат тәртібі, әулиелерге табыну, ең алғашқы күнәхарлық 

жөніндегі  мызғымас  қағиданы  бекіту,  сеніммен  растау,  жеті  құпия  туралы 

догманы нығайту, семинарияларды құру туралы қаулы,   индульгенцияларды 

сатуға  тиым  салу,  тазалану  туралы  догманы  бекіту,  дін  басыларының  діни 

пәнді  қайта  жаңғыртуы  туралы  өкімі,  олардың    выполнении  пастерлердің 

міндеттерін атқаруы, некенің киелігі туралы декрет). 

Конвенция – халықаралық келісім, келісім-шарт.  

Кондоминиум – белгілі бір аумақта мемлекеттік билікті екі немесе одан 

да көп мемлекеттік биліктің бірлесуімен жүзеге асыру.  



Қосылмау қозғалысы  – Үндістанның бастамасымен 1955 ж. Бандунгте 

болған,  29  ел  қатысқан  конференцияда  негізделген  қозғалыс.  Қосылмау 

қозғалысына  қатысушы  елдер  әлемдегі  әскери-саяси  одақтардың  бір  де 

біреуіне кірмейтіндігін мәлімдеді. 



Құрылтай  жиналысы  (конституциялық  жиналыс)–  конституцияны 

өңдеуге және қабылдауға арнайы құрылған сайланбалы ұйым (конституантты 

аталатын 

конституциялар). 

Қалыптасу 

амалына 


қарай 

құрылтай 

жиналыстары  жалпыға  бірдей  және  тура  сайлау  жолымен  және  ішінара 

сайлау,  ішінара  тағайындау  және  табыстау  жолымен  қалыптасатын    болып 

бөлінеді.  Құзыреттілігіне  қарай  құрылтай  жиналыстары  егеменді  (жаңа 

конституцияны  өңдеуші  және  қабылдаушы)  және  тәуелді    (тек  қана 

референдум  немесе  басқа  мемлекеттік  орган  қабылдау  үшін  өңделетін 

конституция),  өкілеттілігі  шектеулі  жиналыс  (тек  конституциялық  іске 

асыру) және шексіз өкілеттілік (конституциялық іске асыру және парламент 

қызметі (функциясы) болып бөлінеді. 



Латифундия  – ірі жер иелік, поместье. 

Легитимизм  –  әулеттік  мұрагерлік,  монархиялық  мемлекеттілікті 

сақтап  қалу  және  дәстүрлі  құқық  принципі  негізінде,  қоғамдық-саяси  және 

құқықтық тәртіптің заңдылығын негіздейтін идеологиялық доктрина. Бертін 

келе  термин  кең  ауқымда  қолданысқа  ие  болды.  Тәртіп,  жалпыға  міндетті 

нормалар және  ережелер  заңды емес (яғни, заңды нормаларда бекітілмеген)

 

үлгісін анықтау үшін жеткілікті лауазымға және беделге ие әлеуметтік тәртіп 



 

16 


сипатында болды. 

Либерализм  –  жеке  адамның  еркіндігін,  тағы  басқа  азаматтық  және 

саяси  құқтарын  жариялайтын,  мемлекеттің  іс-әрекет  кеңістігін  шектеуді 

талап  ететін  ілім  және  саяси  ағым.  Либерализмнің  түп  қазығы  ежелгі 

дүниенің еркіндік туралы түсініктеріне негізделген. Ағартушылық дәуірінде 

либерализм  қоғамдық  келісім  идеясына  негізделді.  Ағылшын  философы 

Дж.Локк,  француз  Ағартушылығының  өкілі  Л.Ш.Монтескье,  неміс 

философы И.Кант либерализмнің дамуына елеулі үлес қосты. Либерализмнің 

экономикалық  платформасы  көрінекті  ағылшын  ойшылы  А.Смиттің 

еңбектерінде жүйеленді. Классикалық либерализм жеке тұлғаның еркіндігіне 

ерекше  мән  беріп,  еркіндікті  белгілі  бір  әлеуметтік  құрылысты  қамтамасыз 

етудің құралы ретінде емес, негізгі мақсат ретінде қарады. Осылайша еркін-

дікті абсолюттендіру, еркіндікті барынша кеңейте беру мақсаты қалыптасты. 

Бұл  “іс-әрекетке шектеу қойма” (“laіsser-faіre”) қағидасына  негізделді, яғни, 

азат  етілген  адамның  әлеуметтік  шығармашылығы  мен  қоғамдық  дамудың 

табиғи қозғалысы адамзат алдында тұрған барлық мәселелерді дұрыс шешуге 

мүмкіндік береді.   



Лоббизм – белгілі бір өнеркәсіптік, қаржылық немесе басқа топтардың 

мүдделеріне  сай  келетін  мемлекеттік-саяси  және  әкімшілік  шешімдерді 

дайындауға  және  қабылдауға  мүмкіншілік  беретін  саясаткерлердің, 

мемлекеттік қызметкерлердің, сарапшылардың, т.б. арасындағы байланыстар 

мен қатынастар жүйесі.   

Луддиттер  –  Ұлыбританиядағы  өнеркәсіптік  төңкеріс  үдерісінде 

машиналарды  қолдануға  қарсы  стихиялық  бас  көтерілерге  қатысушылар.. 

Термин  алғашқы  болып  станокты  қиратушы  аңызға  айналған  шебердің 

көмекшісі - Нед Лудд есіміне байланысты пайда болған.  



Лютеранство 

– 

XVI 



ғасырда 

Германияда 

қалыптасқан 

протестантизмнің  негізгі  бағыттарының  бірі.  Негізін  қалаушы  Мартин 

Лютердің есімімен байланысты аталған. Ол осы ілімнің негізгі қағидаларын 

тұжырымдады:  шіркеуді  емес  сенімді  нығайту,  католицизмнің  негізгі 

догматтарын  теріске  шығару,  соның  ішінде  папа  кеңесі,  икондарға 

табынудан, салтанатты әдет-ғұрыптардан бас тарту және т.б.. Аугсбург діни 

әлемі  бойынша  1555  жылы  лютеран  шіркеуі  ресми  танылды.  Лютерандық 

Скандинавия, Германия, АҚШ, Балтық елдерінде кең етек жайды. 



Макиавеллизм  – алдына қойған мақсатына жету жолында айлакерлікті, 

сатқындықты, тағы басқа келеңсіз әдістерді қолдануды дұрыс деп санайтын 

саясаткерлік мінез-құлық.  

Мануфактура    –  қол  еңбегі  үстемдік  ететін,өндірістің  әртүрлі 

операцияларының  еңбекке  бөлінуінің  бар  болуы  және  жалдамалы 

жұмысшылар  еңбегін  қолданатын  ірі  өнеркәсіп.  Мануфактураның  негізгі 

түрлері  (формалары):  орталықтандырылған  (барлық  өндіріс  үдерістері  бір 

немесе  бірнеше  ғимараттарда  жүргізілетін,  ал  жұмысшылардың  еңбегі 


 

17 


әрдайым  иесі  бақылап  отыратын  өнеркәсіп),  шашыранды  (тауар  өндіру 

операциясы  жұмысшылар  мен  үйінде  еңбек  ететіндер  арасында  бөлінетін 

өнеркәсіп). 

Масонство – ХУІІІ ғасырдың бас кезінде Ұлыбританияда пайда болған 

діни-этикалық  ілім.  Көптеген  елдердің  дворяндық  және  буржуазиялық 

ортасында  кеңінен  таралған.  Масондық  өзінің  атауын,  ұйымын,  рәсімін 

ортағасырлық  құрылысшы-тас  қалаушылардың  цехтарынан,    сондай-ақ 

ортағасырлық  рыцарлық  және  мистикалық  ордендерінен  алған.  Масондар 

барлық  адамзатты  туысқандық  одаққа  біріктіру  мақсатында  әлемдік  құпия 

ұйым  құруға  ұмтылды.  XVIII  -    XIX  ғасырдың  бас  кезіндегі  саяси  және 

қоғамдық өмірде айтарлықтай рөл атқарды.  



Марксизм  –  К.Маркс  және  Ф.Энгельс  негіздеген,  пролетариаттың 

таптық  идеологиялық  доктринасын  бейнелейтін  философиялық,  экономика-

лық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің түйінді идеялық 

қағидалары  –  қосымша  құн  және  өндірісті  қоғамдастыру  түсініктеріне 

негізделген  капитализмнің  экономикалық  жүйесінің  анализі,  тарихи 

материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи 

рөлі туралы қорытындылары ХІХ ғ. екінші жартысында жұмысшы қозғалы-

сының  негізгі  идеологиясына  айналды.  Марксизм  дүниені  ауқымдылықпен  

қайта  құрудың  белгілі  бір  үлгісін  қалыптастыруға  бағытталды,  жаппай 

әлеуметтік, рухани, көзқарастық революция идеясын жариялады.  



Меморандум    –  мәселенің  мәнін  жете  зерттейтін,  елшілік 

қатынасхаттардың пәні болып табылатын дипломатиялық құжат. 



Меркантилизм    –    XVI—XVIII  ғасырлардағы  сауда-саттық 

буржуазиясының мүддесін білдіретін экономикалық ілім. Меркантелистердің 

пікірінше,  мемлекеттің  әл-ауқаты  елде  ақшаның  көп  мөлшерде 

жинақталуынан және тауарды әкелгеннен гөрі сыртқа шығару басымдыққа ие 

болуына байланысты. 

Метрополия – отарлық иеліктері бар мемлекет. 

Милитаризм  –  қарулануды  күшейту  және  басқыншылық  соғысқа 

дайындалу саясаты. 



Миссионерлік  –  діни  нанымдарды  пұтқа  табынушылар  мен  өзге 

діндегілер  арасында  тарататын  қызмет.  Христиандықта  көп  таралған.  Өз 

діндеріне  үндеуді  католик,  православиелік,  протестанттық  миссионерлер 

әртүрлі елдерде белсенді түрде жүргізді: Азия, Африка, Оңтүстік Америка. 



Модернизация – индустриалдық қоғамға өту үрдісі. 

Модернизм – ХХ ғ. өнердегі және әдебиеттегі өткен кезеңнің байырғы 

тұрпаты мен эстетикасын жоққа шығарып, стильдің шарттылығына сүйенетін 

бағыттардың жалпы атауы. 

Мораторий  –  ішкі  және  сыртқы  міндеттемелерді  орындаудың  кейінге 

қалдырылғанын жариялау.   



Нацизм – герман фашизмі. 

 

18 


Национализациялау  –  жердің,  өнеркәсіп  орындарының,  тасымал  және 

байланыс  құралдарының,  банктердің,  т.  б.  жеке  меншіктен  мемлекет 

меншігіне өтуі.  

Нәсілшілдік – адамзатты жоғары және төмен нәсілдерге, жетілген және 

жетілмеген нәсілдерге бөлу туралы ғылыми негізсіз, керітартпа теория. 



Неоконсерватизм  –  консерватизмнің  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы 

жаңартылуы негізінде туған ағым.  Оның неғұрлым белгілі  өкілдері  И.Крис-

тол,  Н.Подгорец,  Д.Белл,  З.Бжезинский  және  басқалар  консерватизмнің 

байырғы  құндылықтарын  батыс  қоғамының  постиндустриалдық  кезеңінің 

нақты  мәніне  бейімдейтін  идеяларды  негіздеді.  Олар  тәртіп  пен 

тұрақтылықты  қамтамасыз  ететін  қорғаушы  құрал  ретінде  күшті  мемлекет 

болуын  қалайды.  Неоконсерватизмде  екі  ағым  –  либерализмнің  жеке 

адамның  еркіндігін  құрметтеуі  және  консерваторларға  тән  дін,  жанұя,  заң, 

тәртіп, имандылық сияқты құндылықтарды қорғау ұштасып жатыр. 

Неолиберализм  –  ХІХ  ғ.  аяғында  экономикаға  мемлекеттің  араласуы-

ның  күшеюі  және  әлеуметтік  мақсаттардың  рөлінің  артуы  жағдайында 

қалыптасқан  либерализмнің  жаңа  нұсқасы.  Неолиберализмнің  негізгі 

қағидалары:  1)  салықтар,  мемлекеттік  меншік,  жоспарлау,  қаражат  жүйесі 

арқылы  экономикалық  өмірге  белсенді  түрде  араласу  негізінде  қоғамның 

кедейленген, әлеуметтік жағынан нашар қорғалған жіктерін қолдау жолымен 

әлеуметтік қақтығыстарды болдырмауды мақсат етіп қоятын “жақсы тұрмыс 

мемлекеті”  туралы  идея;  2)  саяси  билікті  іске  асыруда  қоғамның  барлық 

әлеуметтік  топтарының  мүдделерін  ескеру  және  олардың  шамаластығын 

қамтамасыз  ететін  плюралистік демократия туралы идея; 3) толеранттылық 

құндылығына  және  негізгі  өмірлік  көріністердің  еркіндігіне  бағдар  ұстау. 

Әлеуметтік  либерализм  идеялары  “бірінші  эшелон”  елдерінде  қалыптасты. 

АҚШ президенттері  Т.Рузвельт пен В.Вильсон жаңа либерализмді жақтады. 

Ұлыбританияда  әлеуметтік  либерализм  идеяларының  таралуы  либералдық 

партияның  жетекшісі  Д.Ллойд  Джордждың  іс-әрекетімен  байланысты. 

Францияда  бұл  радикалдар  және  радикал-социалистердің  қызметімен 

байланысты.  Бельгия,  Голландия,  Швейцария  сияқты  елдерде  әлеуметтік 

либерализм байырғы монархиялық традициялар мен христиандық саяси қоз-

ғалыстың  аралас  тұрпатына  негізделді.  Модернизациялау  кеш  басталып, 

жоғарыдан  жылдам  қарқынмен  жүргізілген  “екінші  эшелон”  елдерінде 

классикалық либерализм салттары толық, жүйелі түрде қалыптаспағандықтан 

реформизм  идеялары  либералдық-консервативтік  ағымдардың  араласқан, 

жымдасқан түріне негізделді және оның этатистік сипаты күшті болды. Атап 

айтқанда, Германияда  – Б.  фон Бюлов,  Италияда  – Дж.Джолитти, Ресейде  – 

С.Ю.Витте жүргізген реформалар саясаты осындай сипатта болды. 

Омбудсмен    –  англосаксон  елдеріндегі  адам  құқықтары  мәселесімен 

айналысатын өкіл.   



Оқшаулану  (изоляционизм)  –  АҚШ  сыртқы  саясатындағы  ХІХ  ғ. 

 

19 


ортасынан  бастап  қалыптасқан  Америкадан  басқа  аймақтардағы  қарулы 

қақтығыстарға  араласпау  идеясына  негізделген  бағыт.  Бұл  саясаттан  АҚШ 

1940 жылы ғана бас тартты.  

Панамериканизм  –  Америка  құрылығындағы  барлық  елдердің 

мүдделерінің  ортақтығы  және  олардың  бірлігінің  қажеттілігі  туралы  саяси-

идеялық доктрина. 

Пангерманизм  –  немістер  тұратын  облыстарды  Германияға  қосып, 

оның  жерін  кеңейту  жолымен  неміс  ұлтын  біріктіру  идеясына  негізделген 

саяси доктрина.  

Панъевропеизм  –  жалпы  еуропалық  мемлекетаралық  мекемелер  мен 

бірлестіктер  құру  идеясына  негізделген  саяси  тұжырымдамалар.  Ол  ХІХ  ғ. 

пайда болды, алайда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана неғұрлым кең 

таралды.  1926  және  1932  жылдары  екі  ретконгрестері  шақырылып,  онда 

Еуропа  елдерінің  саяси,  экономикалық  және  мәдени  жақындасу 

мүмкіндіктері  талқыланды.  Еуропаның  бірқатар  елдерінде  фашизм  тарала 

бастаған  соң  бұл  идея  жалғаспай  қалды.  Алайда  еуропалық  саяси, 

экономикалық  және  мәдени  ынтымақтастық  екінші  дүниежүзілік  соғыстан 

кейін іске асты.   

Пацифизм  –  1)  зорлық  жасамау,  ынтымақтастық  пен  бейбітшілік 

тілектеріне  негізделген  көзқарас;  2)  ХХ  ғ.  20-жылдарында  кең  таралған, 

халықаралық  құқықтық  кеңістік,  халықаралық  арбитраж  жүйесін  құру, 

соғыстан  бас  тарту,  қарусыздану  идеяларына  негізделген  халықаралық 

қатынастардың  философиялық  тұжырымдамасы;  3)  басқыншылық  сыртқы 

саясат пен милитаризмді айыптайтын қоғамдық-саяси қозғалыс.  



Плебисцит  –  белгілі  бір  жердің  тағдырын  анықтау  үшін  сол  жер 

тұрғындары арасында сұрақ жүргізу. 



Популизм  –  өз  мақсаттарына  қол  жеткізу  және  ақтап  алу  мақсатында 

халыққа, қоғам пікіріне және көңіл-күйіне тікелей шағым жасау тән идеялық-

саяси ағым және саяси қызмет түрі. 

Постиндустриалдық  қоғам  –  басты  рөлді  ғылым  мен  техника 

атқаратын қоғамдық даму сатысы.  



Преамбула  –  конституцияның,  халықаралық  келісімшарттың  немесе 

қандай  да  бір  құжаттың  осы  заңды  немесе  шарттарды  жасауға  негіз  болған 

жағдайларды, сондай-ақ оның мақсаттары мен ниеттерін көрсететін бөлігі.  

Пролетариат – индустриалды қоғамның құрылымындағы үстем етуші 

таптық  бірі,  әлеуметтік  топ,  өнеркәсіптік  және  ауыл  шаруашылығы 

өндірісінде  жалдамалы  еңбекті  тудырушылар  ретінде  қалыптасқан  және 

соларда    жұмыс  істейтіндер,  өндіріс  құрал  жабдықтарының  кез  келген  

түрлеріне  меншіктен  айрылған,  жеке  әлеуметтік  мәртебеге  кері  әсерін 

сипатқа ие өндіріс құралдарына кез келген меншік түрінен айырылған, өзінің 

әлеуметтік мәртебесіне қатысты өзіндік жағымсыз көзқараспен қарайтындар.  

Протекторат  –  1)  ішкі  істерін  шешуде  белгілі  бір  автономияға  ие, 


 

20 


бірақ  қорғаныс,  сыртқы  саясат,  ішкі  мемлекеттік  саясаттың  аса  маңызды 

мәселелерін  реттеуде  басқа  елге  тәуелді  мемлекет;  2)  1653-1659  жж. 

Англиядағы басқару жүйесі, мұнда республиканы лорд-протектор басқарды. 

Протекционизм  –  мемлекеттің  ұлттық  экономиканы  сыртқы 

әсерлерден қорғауға бағытталған шаралары. 

      

Протестантизм  –  христиан  дінінің  негізгі  бағыттарының  бірі. 

Протестанттық  қозғалыс  Реформация  кезінде  пайда  болды.  Көптеген  жеке 

ағым, 

қозғалыс 



және 

секталарды 

біріктіреді 

(лютерандық, 

кальвинизм,цвинглиандық,  англикан  шіркеуі,  әдіскерлерді,  баптистерді, 

адвентистерді  және  т.б.).    Протестантизмге  бейбіт  дінбасыларының  қарама-

қарсы қою принципінің жоқ болуы, күрделі шіркеу иерархиясынан бас тарту, 

монахтық  өмірдің,  некеден  безушілердің  (целибат)  жоқ  болуы  тән. 

Протестантизмде  Құдай  ана,  әулиелер,  періштелер,  икондарғұрпы  жоқ, 

құпиялар саны екіге жинақталады (шоқындыру және  күнәдан тазару

 

). Діни 


ілімінің негізгі дерегі- Қасиетті жазба. 

Радикализм  – негізгі саяси институттар мен қоғам құндылығын батыл 

және терең, түбегейлі өзгертуді талап ететін идеялық-саяси ағым және саяси 

қызмет. 

Ратификация  –  белгілі  бір  елдің  мемлекеттік  өкіметінің  жоғарғы 

мекемесінің сол мемлекеттің өкілі қол қойған халықаралық келісімді бекітуі. 



Реализм  –  өнер  мен  әдебиетте  нақты  өмiрдi  толық,  шыншылдықпен 

бейнелеуге ұмтылатын бағыт. 



Реваншизм  –  соғыстағы  жеңілістің,  ұлттық  және  мемлекеттік 

мүдделердің  жәбірленуінің  кегін  қайтару  идеясына  негізделген  саяси 

идеология. 

         Регенттілік–  монархиялық  мемлекеттерде  мемлекет  басшысының 

өкілеттілігін  қандай  да  болсын  тұлға  (  регент)  немесе  тұлғалар  тобының 

(регент  кеңесі)  уақытша  жүзеге  асыруы.  Монархтың  ұзақ  уақыт  жоқтығы, 

оның  сырқаттануы,  жастық  шақ  (жасының  кішілігі)  немесе  іс-әрекетке 

қабілетсіздігі, яғни жарамсыздығы кезінде орнатылады (белгіленеді).  



Республика  –  мемлекет басшысын сайлауға негізделген басқару  түрі. 

Республика  түрлері-  президенттік  ресбликалар  (президент-мемлекет  және 

атқарушы  өкіметтің,  заң  шығарушы  өкіметтің  басшысы.  Тікелей  халықтың 

немесе  сайлаушылардың  таңдауымен  бекітіледі.  Парламентті  таратуға, 

минитсрлерді ауыстыруға құқысы бар. 

Репарация  –  жеңілген  елдердің  жеңімпаз  елдерге  соғыс  шығынын 

төлеуі. 


Репрессия – жазалау, қырып-жою шаралары. 

Референдум  –  мемлекеттік  өмірдің  аса  маңызды  мәселелері  бойынша 

жалпы халықтық дауыс беру. 



Реформация  –  католиктер  шіркеуіне  қарсы  бағытталған  XVI  ғасырда 

Еуропадағы қоғамдық қозғалыс.  Реформация католик шіркеуінің  иерархия 



 

21 


және  дінбасыларының  қажеттілігін  жоққа  шығаратын,  католиктік  Қасиетті 

жазбалар  қабыл  алынбады,  жер  байлықтарына  шіркеудің  құқысы  жоққа 

шығарылған  және  т.б.  тезистер  ұсынды.  Реформацияның  негізгі  бағыттары- 

бюргерлік (Лютер, Кальвин, Цвингли), халықтық, католик шіркеуін таратуды 

теңдікті  орнатуға  күреспен  байланыстыруышы  талаптар  (Мюнцер, 

анабаптистер),  корольдік-князьдық,  шіркеу  байлығын  басып  алуға 

ұмтылушы ақсүйек (зайырлы) өкіметтің қызығушылығын көрсетті.   

Сайлаудың аралас  жүйесі –   мандаттардың бір  бөлігі мажоритарлық жүйе 

арқылы  жіктелетін  (бір  мандатты  сайлау  округінде),  келесі  бөлігі  –пропорция 

бойынша (партиялық тізім бойынша). 

Сайлаудың  мажоритарлық  жүйесі  –  көпшілік  принципіне  негізделген, 

көп дауыс жинаған кандидат сайланған болып табылатын сайлау жүйесі. 

избирательна  система,  основанная  на  принципе  большинства,  когда 

избранным считается кандидат, набравший наибольшее число голосов.  



Сайлаудың пропорционалдық  жүйесі – мандаттар партиялар немесе сайлау 

бөлімдерінен алынған дауыстарды тепе-тең үлестіретін сайлау жүйесі. 



Санкциялар    халықаралық  міндеттемелерін,  халықаралық  құқық 

өлшемдерін  бұзған  мемлекетке  қарсы  қолданылатын  шаралар.  Санкциялар 

сауданы шектеу, шетел банктеріндегі есепшотын тұтқындау, оқшауландыру, 

қарулы күштерді қолдану түрінде іске асырылады.   



Сателлит  –  1)  Ежелгі  Римде  –  өзінің  қожасына  үнемі  ілесіп  жүретін 

қарулы  жалдамалы  жауынгер;  2)  тәуелді,  бағынышты  адам,  біреудің 

бұйрығын орындаушы; 3) өзінің тәуелсіздігін сақтаған, бірақ іс жүзінде басқа 

күштірек елге бағынатын мемлекет.           

Саяси  мәдениет  –    саяси-құқықтық  орнатулардың  (қондырғы), 

бейімделудің,  нышанның  идеялардың,  нормалардың  (ереже),  мемлекеттік-

саяси институттардың базалық жиынтығы, яғни, адамға саяси және қоғамдық 

тәртіпті басқаратын принциптер, ал қоғамға- осы сферада қоғамдық сананың 

(түсініктің)  тұтастығын  және  біріктірілгендігін  қамтамасыз  ететін,  құнды 

және  оңтайлы  (рационалды)  дәлелдердің  жүйеленген  құрылымын  беретін 

құндылықты-нормативті  жүйе.  Саяси-құқықтық  мәдениеттің  қалыптасу 

негізі(базасы)  жалпы  ұлттық  және  басым  компоненттері  болып  табылады. 

Саяси мәдениет саяси сананың бөлігі ретінде, солай  саяси психологияны да 

қамтиды (енгізеді). 



Саяси  жүйе  –    қағидалардың  жиынтығын  біріктіретін,  мемлекеттің 

конституциялық-құқықтық  мәртебесін,  мемлекеттік  билік  құрылымын 

қалыптастырудың маңызды механизмінің мәртебесін және қызметін реттеуші 

қағидаларды жасаушы конституциялық-құқықтық институттар жиынтығы. 



Саяси тәртіп (режим) – қоғамдағы саяси билікті іске асыру әдістері, 

жолдары және формаларының жүйесі. 



Секуляризация  –  мемлекеттің  шіркеу  меншігін  зайырлы  меншікке 

айналдыруы.  Бұл  әрекет  Еуропада  Реформация  кезінде  кең  түрде  іске 



 

22 


асырылды.   

Сепаратизм  –  бөлінуге  ұмтылу;  мемлекеттің  бір  бөлігін  бөліп  алып, 

жаңа мемлекеттік құрылым жасауға ұмтылу. 



Социал-реформизм  –  эволюциялық  даму,  демократиялық  социализм  және 

оған капиталистік қоғамды реформалау жолымен қол жеткізетін саяси идеология. 



Стагнация – экономикадағы тоқырау құбылысы. 

Страттар  –  жеке  тұлғаның  әлеуметтенуінің  критерийлеріне  орай 

құрылған әлеуметтік топтар.  



Сюрреализм – ХХ ғ. өнерiндегi дадаизмнiң орнына келген бағыт; олар 

сананы, әсiресе, түйсiктi бейнелеуге ұмтылады, мұның өзi нақты және өмiрде 

жоқ нәрселердi ғажайып та мәнсiз ұштастыруға алып келдi.   

Тәркілеу – сот шешімімен мал-мүлікті, ақшаны, т. б. меншікті мемлекет 

меншігіне тегін беруге мәжбүр ету. 



Теократия  –  саяси  билік  дін  иелерінің  қолында  болатын  басқару 

жүйесі. 


Тоталитаризм  –  ХХ  ғ.  саяси  тәртіптің  бір  нұсқасы,  мұнда  мемлекет 

қоғам  өмірінің  барлық  салаларына  жаппай  бақылау  орнатады,  билік  бір 

адамның 

немесе 


бір 

партияның 

қолына 

шоғырландырылады, 



конституциялық  құқықтар  мен  бостандықтар  жойылады,  бүкіл  халық  бір 

идеологияға бағындырылады, еркін ой қудаланады. 



Трансұлттық  корпорация (ТҰҚ) – іскерлік әркеттерінің басым бөлігін 

өзі  тіркелген  елдің  шегінен  шығып,  басқа  бірнеше  елдерде  жүргізетін   

корпорация, фирма, компания.  

Трансферт  –  Шетелдік  вадютаны  немесе  алтынды  бір  елден  екінші 

елге ауыстыру. 



Ұжымдастыру  –  ауыл  шаруашылығын  қауымдастыру;  ұсақ  шаруа 

шаруашылықтарын ірі ұжымдық шаруашылықтарға біріктіру. 



Узурпация – өкіметті заңсыз басып алу немесе бөтеннің әлдеқандай бір 

нәрсеге құқықтарын заңсыз түрде иемденіп алу.  



Ұлттық  жиынтық  өнім  (ҰЖӨ)    мемлекет  экономикасының  барлық 

сааларының  бір  жыл  ішінде  өндірген  өнімі.  ҰЖӨ  жан  басына  шаққандағы 

мөлшері экономикалық даму деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады.   

Унитаризм  – құрамында дербес мемлекеттік құрылымдар  болмайтын, 

әкімшілік-территориялық 

бірліктері 

бір 


орталықтан 

басқарылатын 

мемлекеттік құрылыс. 

Унификация  –  әлдебір  заттарды,  құбылыстарды,  т.б.  біртектілікке, 

біртүрлілікке, бір жүйеге айналдыру. 



Уния – одақ. 

Фактория    –  көпестердің,  миссионерлердің  әрекеті  нәтижесінде  отар 

елдерде  пайда  болған  қоныстар,  олар  отарлық  жаулаушылықты  одан  әрі 

кеңейтудің тірекетрі болды.  

Фаланга  –  1)  қатар,  сап;  2)  Испаниядағы  фашистік  және  оңшыл 


 

23 


реакциялық ұйымдардың атауы. 

Фашизм  –  нәсілшілдікті,  көсемдік  басқаруды,  әлемге  билік  құруды 

уағыздаған оңшыл тоталитарлық ағым. 



Федерализм – мемлекеттік-саяси автономия құқығы бар субъектілерден 

тұратын мемлекеттік құрылыс. 



Феминизм  –Францияда,  Англияда,  Америка  Құрама  Штаттарында 

XVIII  ғасырда  қалыптасқан  әйелдердің  құқықтары  мен  бостандықтарын 

қорғау қозғалысы.  

Фиск  – мемелекеттік қазына. 

Фовизм  –  француздың  бейнелеу  өнеріндегі  ашық  бояуды  еркін 

пайдалануымен ерекшеленетін бағыт.  



Фундаментализм    –  ортодоксалды  көзқарас  және  идеяларды 

жақтаушыларының жалпылама атауы, негізінен діни көзқарас. 

общее  название  сторонников  ортодоксальных  взглядов  и  идей,  главным 

образом, религиозных. 



Шекараларды  демаркациялау  –  шекаралардың  нақты  қай  жерлерден 

өтетіндігін белгілеу.  



Шовинизм  –  аса  сыртқары  ұлтшылдық,  ұлттық  артықшылықты 

уағыздайтын,  ұлттардың  бір-бірін  жеккөрушілігі  мен  қақтығысын  туғызуға 

бағытталған саясат. 

Эволюциялық жол – қоғамды бірте-бірте зорлықсыз  қайта құру жолы.  

Эгалитаризм  –  әлеуметтік  әділетттілік  қағидасын  мүліктік  теңдік, 

меншікті тең бөлісу арманымен ұштастыруға негізделген идеология. 



Экспроприация  –  мемлекеттік  өкіметтің  меншікті  мүлікті  зорлықпен 

тартып алуы.  



Экстремизм – ерекше сыртқары көзқарастар мен шараларды жақтау. 

Электорат  –  парламенттік,  президенттік,  жергілікті  сайлауларға 

қатысу құқығы бар азаматтар тобы. 



Эмбарго  –  белгілі  бір  тауарларды,  алтынды,  құнды  қағаздарды, 

валютаны елге әкелуге немесе әкетуге мемлекеттік тиым салу. 



 

24 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет