«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Дәріс тақырыбы: Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану



бет40/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143
Дәріс тақырыбы: Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану.2 сағат.
Мақсаты: Ақпараттық- коммуникациялық технологиясының әдістемесін меңгерту.


Жоспар:

  1. Оқушылардың тарихи білім алуындағы компьютердің рөлі.

  2. Оқытудың серпінділігі нақтылығы және эмоционалдығы, шығармашылық ойлау қабілетін реттеу үшін үшін техникалық құралдары пайдалану.

  3. Тарих бойынша компьютерлік бағдарламалар құрастыру.

  4. Тарихи процестер алтернативасы проблемасына деген қызығушылықтың артуына байланысты әлеуметтік процестерді модельдеу.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі-білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, бүкіләлемдік коммуникация желісіне шығу.
Білім беруді тез қарқынмен компьютерлендіру қажеттілігі мына факторлармен түсіндіріледі.

  1. Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дамыған дара тұлға ретінде тәрбиелеу.

  2. Жаппай компьютерлік сауаттылық мәселелерін шешу, яғни, оқушыларға информатика мен коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру.

  3. Оқушының шығармашылық қабілетін, экспериментальды іскерлігін дамыту.

  4. Оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында компьютерді жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалану.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру оқушыға білім берумен байланысты. Ал білім беруде компьютерді және оның құралдарын пайдалана бастаған кезде оқытудың жаңа ақпараттандыру технологиялары ұғымы пайда болды. Анықтамалық сөздік бойынша: ЖАТ – компьютер құралдарымен оқытуда оны пайдалану әдістері туралы білімдер, жиыны ғалым Н.Макарова бұл терминді қысқаша компьютер негізіндегі технология деп тұжырымдайды. В.Извозчиковтың анықтауынша, білім берудегі жаңа ақпараттық технология - оқытудың жаңа электрондық құралдарын, ең алдымен, компьютерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың әдіснамасы мен технологиясы.
Сондықтан білім беруді ақпараттандыру және оқытуды компьютерлендіру ұғымдарын бір-бірінен ажырата білу керек, соңғысы компьютерді тек оқытуда пайдалану аумағын қамтиды. Бұл жағдайда компьютердің мүмкіндіктері өте кең: электронды оқулықтардың көмегімен жаңа білім, жаттықтыру тапсырмаларын беру, оқушылардың білімін тексеру, тест алу, әр түрлі ойындар т.б. оқыту үрдесінде компьютер оқыту нысаны және құралы болуы мүмкін, яғни оқытуда компьютердің екі бағыты болады. Біріншісі бойынша компьютердің мүмкіндіктерін сезініп және оны әр түрлі жағдайларда пайдалана білуге қажетті білім, дағды іскерліктермен қаруландырса, екіншісі, компьютер оқытудың, тиімділігін жоғарылатып, сапасын көтеретін күшті құрал болып есептеледі.
Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымалдығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білім мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық дифференциалды түрде болуы тиіс, себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.
Ұлттық білім берудегі ақпараттандыру кеңістігін қалыптастыру факторларының бірі-тарихи білім беру саласына ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды енгізуді кеңейту. Қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық технологияларды тарих сабағында қолданудың басты мақсаты – оқушылардың сабаққа деген қызығуын, белсенділігін арттыру арқылы интеллектуалдық қасиеттері, экономикалық құбылыстарды сезіну, оларды тануы, тарихи теорияның түсініктерін игеруі және осыларды күнделікті өмірде бағдар ұстана білуге үйрету. Осы мақсатты негізге ала отырып, арнайы компьютерлік бағдарламалар арқылы тарих сабағын жандандырып өткізуге болады.
Жасыратыны жоқ, бүгін таңда компьютер оқытудың маңызды бір бөлшегіне айналып келеді. Қазіргі кезде жекелеген пәндер үшін педагогикалық-психологиялық талапқа сай ана тілінде электрондық оқулықтарды жасау қажеттігі туды. Бұл оқулықтарды теориялық материал, жаттықтыру тапсырмалары, тексеру тестері т.б. болуы тиіс. Бұл сөз жоқ, оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады
Компьютерді пайдаланып оқуды ұйымдастыруда дидактикалық ұстанымдардың басшылыққа алынатыны түсінікті. Оқытудың компьютерлік технологиясының дидактикалық категорияларының өзіндік ерекшеліктері бар, тіпті кейбір дәстүрлі ұстанымдардың аумағы кеңейіп, осы технология кезінде ғана шын мәнінде іске асуға мүмкіндік алады.
Ендеше біз осы дидактикалық ұстанымдар және оларды компьютерді оқыту құралы ретінде пайдаланғандығы сипатына тоқтала кетейік.
1.Жүйелілік және бірізділік ұстанымы.
Пәнді оқытудағы жүйелілік дегеніміз – пәнді өзінің құрлымы мен ішкі логикасы сай белгілі бір тәртіппен оқыту және оның негізгі ұғымдары мен қағидаларын біртіндеп игеру деген сөз. Бірізділіктің сипаты оқыту үрдісінде мынаған саяды: қарапайымнан күрделіге; түсініктен ұғымға; белгіліден белгісізге; білімнен іскерлікке.
Мұғалім оқу материалын бірізді жүйемен әрбір соңғы ғылыми қағиданы кейінгі сабақтарда өрістетіп, екі материал мен жаңа материалдарды сабақтастырып отырса, оқушылар білімді әрі саналы, әрі баянды меңгереді. Егер оқу үрдісіндегі жүйелілік пен бірізділік бұзылса, онда оқушылардың білім алуы екі талай.
Мұғалім оқу материалдарының ішінен өзекті мәселелерді іріктеп, оқушылардың санасына сіңіре білуі керек. Оқушылардың алған білімін жүйелеу үшін тараулар бойынша оқу материалын қайталап отыру қажет. Білімді жүйелі меңгеру үшін оқушылар пәннің логикалық құрылымын түсінуі керек.
Пәншілік жүйелілік пен бірізділікті қамтамасыз етумен қатар пәнаралық жүйелілік кеңейтуге, белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Мұны пәншілік және пәнаралық байланыста немесе білім мазмұнындағы керектіру мәселесін шешу арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда компьютердің әмбебап мүмкіндігі, яғни өз жанына орасан зор мәліметтер базасын сақтай білуі, оны шапшаң, қажетті формада пайдалануға жағдай жасау сияқты мол мүмкіндіктері бар.
Жүйелілік ұстанымы тек мазмұнға ғана емес, сонымен қатар оқу үрдісінің жүру барысында да қатысты.
2.Көрнекілік ұстанымы немесе нақты мен абстрактының арасындағы бос кеңістікті толтыру.
Кез келген нәрсені қабылдау бақылауға, ал бақылау ойлауға әкеледі. Демек, нысанды бақылауда оқушылар өз тану жолында нақты мен абстракцияны бірдей қабылдайды. Мәселен, тарих пәнінде карталар, диаграмма, плакаттарды мазмұнды көрнекті түрде берсек те, шынайы шындықты жалпылама түрде шартты белгілердің көмегімен сипаттайтынымыз белгілі.
Оқытудың дәстүрлі технологиясында көрнекіліктің табиғи, кескіндік және символдық деп аталатын үш түрі бар.
Ал көрнекіліктің әр түрінің өзіне тән атқаратын міндеттері болады. Сондықтан оқу үрдісінде көрнекілікті пайдаланғанда бірқатар әдістемелік талаптарды орындаған жөн.
Көрнекі сабақ мақсатына сай іріктелуі тиіс, оларды пайдаланған оқушылардың дұрыс қабылдауын қамтамасыз ету үшін құралдың неғұрлым маңызды жақтарына назар аударған жөн, яғни сабақта көрнекі құралдар шамадан тыс көп болмағаны, яғни мақсатқа жетуге қажеттілерін ғана пайдаланған маңызды. Егер сабақ кезінде бірнеше көрнекі құрал көрестімді қажет болса, олардың бәрін бір мезгілде емес, әрқайсысын қажетінше кезегімен пайдаланған орынды.
Сабақ кезінде мұғалімнің өзіеің баяндауы мен көрнекілікті үйлестіруі елеулі рол атқарады. Дидактикалық үйлестірудің екі тәсілі бар. Біріншісінде көрнекті құрал мұғалім түсіндіруінен бұрын көрсетілді. Бұл жағдайда мұғалім оқушылардың іс-әрекетін, байқағаштығын бақылай отырып, керегенше мағлұмат алуына жетекшілік етеді. Екіншісінде көрнекі құралды көрсетуден бұрын мұғалім оқу материалын түсіндіреді.
Бұл екі тәсілдің біріншісі тиімді, себебі ол қажетті білімді меңгерумен бірге оқушылардың байқағыштың қабілеттерінің өрістеуіне көмектеседі.
Көрнекіліктің басты мақсаты-бақылау арқылы ой түю, оқуға, компьютерді пайдаланғанда түрлі-түсті пеңдегі кесте, диаграммалармен қоса қозғалыстағы денелерді сипаттауға, тіпті оның ағымын математикалық моделдеу арқылы дәл әрі көрнекі сипаттауға, болады. Ендеше компьютерді пайдалану арқылы көрнекілік ұстанымын соғұрлым кеңейтуге болады. Мысалы, көзге көрінбейтін үрдістердің ағымын компьютерде дәл сипаттауға мүмкіндік бар. Мұндай көрнекілікті компьютердегі сипатталған мультипликацияға интерактивті режим арқасында оқушы әр уақыт әсер туғызып, оның болып жатқан үрдіске тигізетін әсерін бақылай алады, бұдан өтіп жатқан үрдіс жөнінде ас түйеді.
3. Түсініктілік пен ғылымының ұстанымдары.
Түсініктілік ұстанымына мыналар кіреді:
-білім беруді баланың ақыл-ойы қалыптасып бітпей ерте жастан бастау керек;
-білім беруді қарапайымнан күрделіге қарай дамыту керек;
-белгіліден белгісізге қарай жүретін оқыту тиімді болмақ т.б.
Педагогикалық ережелер сақталмаған сабақтарда оңай материалдың өзі қиындап кетуі мүмкін, ал керісінше дұрыс ұйымдастырылмаған сабақ үрдісінде күрделінің өзі жеңілдейді.
Оқу материалының түсініктілігі оның күрделігіне, оқушылардың даму ерекшеліктері мен дайындық деңгейіне, білімді сапалы меңгеруге көмектесетін оқу әдістері мен құралдардың орынды шарттары қолданылуына байланысты.
Ғылымилық ұстанымның басты шарттары төмендегідей:
-білімнің мазмұны ғылымның қазіргі деңгейіне сай болуы;
-ғылыми танымның жалпы әдістері жайында оқушыларда дұрыс түсініктер қалыптастыру;
-таным үрдісінің маңызды заңдылықтарын оқушыларға көрсету;
Бұл шарттар өзара тығыз байланысты.
Жалпы білім беретін орта және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарына сәйкес орта білім беруді қайта құрудың негізгі шарттарының бірі – оқытуды компьютердіру.
Қазіргі кезде білім беруді компьютерлендірудің үш негізгі бағытын көрсетуге болады.

  1. Жалпы компьютерлік сауатттылықты қамтамассыз ету, мұнда компьютер оқыту нысаны болып табылады.

  2. Компьютердің оқыту тиімділігін оқытудың құралы ретінде пайдалану, яғни компьютер мектептегі басқа пәндерді оқыту құралы болып саналады.

  3. Компьютерді іс-қимыл міндеттерін шешу құралы ретінді пайдалану.

Осыған сәйкес оқытуды компьютермендірудің міндеттері қандай және олқалай жүзеге аспақ деген сұраққа өзінен-өзі туындайды.
Оқытудың компьютерлендірудің негізгі міндеттері төмендегідей.
ғылым негіздерін терең меңгеруді қамтамасыз ету және келешектегі тәжірбиелік іскерлікке даярлау мақсатында барлық жастардың компьютерлік сауаттылығын көтеру.
Жаңа ақпараттың технологияларды, есептегіш техниканы мектептегі барлық пәндерге және сыныптан тыс жұмыстарда кеңінен пайдалану негізінде білім беру мен тәрбиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру.
Қазіргі кезде өте жиі қолданылып жүрген «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» терминіне төмендегіне түсінік беріледі. «Есептеуіш техникасы мен байланыс құралдары базасында» ұйымдастырылған ақпараттық қамсыздандыру арқылы жеткізіледі және ол информатика курсының негізгі әдістері мен құралына айналды», мұндағы жаңа ақпараттық технологияның құралы ретінде компьютермен қатар теледидар, ғарыштық байланыс, телефон желісі және т.б. қарастырды.
Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптың ресурстарға сілтемелер беріледі.
Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

  • шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді.

  • Дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

  • гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үндемеуге мүмкіндік береді;

  • қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді әңгімелейді, жабалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);

  • әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

  • белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет