Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.
Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.
Зиялылық біліктілік оқушының сапалы білім алуына көмектеседі. Оқу іскерліктері жалпы - барлық оқу пәндерінде қолданылатын және арнайы - белгілі бір білім саласынан білім алуға керекті іскерліктерге бөлінеді. Бұл іскерліктер оқу бағдарламасында жазылады.
Жалпы (жалпы педагогикалық) іскерліктер - оқи білу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс істей білу.
Достарыңызбен бөлісу: |