«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет67/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143
Дәріс сабағының мақсаты: Оқыту әдістері, оның негізгі функциялары, топтастыру, жіктеу, оларға қойылатын талаптар, қолдану ерекшеліктері жайлы негізгі ұғымды беру, шығармашылық танымдарын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ашу, Оқыту әдістерін оқыту үрдісінде қолдана білуге үйрету.
Жоспар:

  1. Оқу әдістері туралы ұғым, тарихты оқыту әдістерінің жіктелісіне деген түрлі көзқарастар.

  2. Оқыту әдістерін таңдау критериясы. Оқытудың "әдісі"мен "тәсілдер" ұғымдарының қатынастылғы.

  3. Тарихты оқу процесіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ролі.

  4. Ауызша материал ролі: әңгіме, конспективті, образды, сюжетті әңгімелеу, картиналық жөне аналитикалық сипатау, түсіндіру ,талдау.



Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Оқыту әдістері кітаппен жұмыс жаттығу
Оқыту тәсілдері түсіндіру оқыту әдісін таңдау
Оқыту құралдары көрнекілік әдіс оқыту әдісін жетілдіру
Топтастыру, жіктеу иллюстрация танымдық әдістер
Сөздік әдістер демонстрация репродуктивті әдіс
Әңгіме бақылау проблемалық әдіс
Әңгімелесу іс-тәжірибелік әдіс эвристикалық әдіс
Пікірталас зертханалық жұмыс түсіндірме-иллюст.әдіс
Дәрісбаян графикалық жұмыс интерактивті әдістер

Оқыту әдістері дидактиканың негізгі құрамды бір бөлігі, себебі оқыту үрдісі оның мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формаларының бірлігі болып табылады.


Әдіс /грекше «методос»-жол / ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жету жолдары. Оқыту әдісі- оқытушы мен оқушының жұмыс істеу әдісі, бірлесе жасайтын әрекеті, білім алу жолдары, ол арқылы білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен қабілеті артады, таным процесі жетіледі.
Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Оқыту әдістері дегеніміз- оқытудың мақсатына жету жолы, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс- әрекет;
Оқытудың мақсат, міндеттеріне сай, оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушының қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.
Оқыту нәтижесін арттыруда оқыту әдістерімен қатар оқу құралдарын да пайдаланады. Оқу құралдарына-оқу кітаптары, көрнекі, техникалық құралдар жатады.
1.Оқу кітаптары- оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.
2.Көрнекі құралдар-кестелер, сызбалар, чертеждер, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық карталар т.б.
3.Техникалық құралдар-үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. жатады.

  • Оқыту тәсілдері -әдістің құрамды бөлігі.

Л.Н.Толстой: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті»
Оқыту әдістерін топтастыру, оған сипаттамма беру /сызба/
Оқыту әдістерін топтастыру мәселесінде педагогикада ортақ пікір қалыптаспаған.Оқыту әдістерін топтастырудың 20-дан астам түрі бар. Кейбіреуіне тоқталсақ:
1.Оқушылардың таным белсенділігіне қарай / М,Н.Скаткин, И.Я.Лернер / :
-түсіндірме хабарлау әдісі
-репродуктивті әдіс
-проблемалық баяндау әдісі
-эвристикалық әдіс
2.Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай / М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина /:
жаңа білім беру әдісі
-білім-білік, дағдыларды қалыптастыру әдісі
-техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі
-өзіндік жұмыс істеу әдісі
-білімді тексеру әдісі
-проблемалық, программаланған оқыту әдісі
3.Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай /Ю.К.Бабанский/.
-оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру
-оқуға ынталандыру
-оқытудағы бақылау және өзін-өзі баұылау әдістері
4.Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай / Р.Г.Лемберг /:
-ауызша баяндау әдісі
-есеп шығару әдісі
-өнер құралдарын пайдалану әдісі
5.Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай /В.Оконь/:
-жаңа білімді игеру әдісі
-өзіндік білім әдісі
-проблемалық әдіс
-практикалық әдіс
-көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі
Осылардың ішінде көп тарағаны -білім беру көздеріне сәйкес әдістер /И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант,/
-сөздік немесе ауызша баяндау әдісі
-көрнекілік әдістер
-іс-тәжірибелік әдістер
Бұл әдістің ерекшелігі:егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т.б.
Аксиомалық әдістер: индукция, дедукция, алгоритмдеу, анализ, синтез, салыстыру, жүйелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет