«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет98/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143
Мектеп мұражайы – халық халық мұражайларының бірі болып есептеледі. Мұражайдың негізгі белгісі - түп нұсқа материалдар қорының, табиғатпен қоғам тарихы ескерткіштерінің ( документтер, хаттар, күнделіктер, материалдар коллекциясы, қару, еңбек құралдары, халықтың тұрмыс, мәдени бұйымдары тағы сол сияқты ) болуы. Қазіргі уақытта мектептерде мұражайлардың төмендегідей профильмдер бар: өлке тану ( осы қаланың, селоның, ауданның тағы басқа, табиғаты мен тарихының экспозициялары ), тарихи ( тарихи – революциялық, әскери – патриоттық ), ғылыми – жаратылыстық, көркем ( өнер тану, әдебиет ). Кейбір мектептерде мұнымен қатар мемориалдық мұражайларда да бар. Мектеп мұражайларының неғұрлым кең тараған профильдері – тарихи – революциялық және өлке тану мұражайлары.
Тарихи – революциялық мұражайлар өз өлкесіндегі революциялық қозғалыстың тарихын ашады, адамдардың ерлік істері туралы материалдар жинақталады.
Әскери – тарихи мұражайлар ( жауынгерлік даңқ мұражайлары ) адамдарының ерліктерін жаңғыртатын тарих беттерін елестетеді, жас өспірімдерге, Отанды қорғауға әзір болуды тәрбиелейді, Жауынгерлік даңқ мұражайларының девизі – « Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмытылмайды ». Жауынгерлік даңқ мұражайы негізінен осы территориядағы жауынгерлердің өмірімен байланысты.
Өлке тану мұражайларында өз өлкесінің табиғаты, тарихы, экономикасы, мәдениеті туралы материалдар болады, оқушыларда патриоттық сезімін тәрбиелейді, оларды халық өмірімен жақындатады, өндірістік ұжым қызметтерімен таныстырады.
Мектептің политехникалық мұражайы бірнеше жыл бойы ұйымдастырылады. Ол алғашында мектеп өлке тану мұражайының политехникалық бұрышы немесе бөлімі болуы мүмкін. Экспонаттары ең алдымен облыс, аудан өнеркәсібінің басты салалары және ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары туралы баяндауы қажет. Шағын профильді, мектеп тарихы мұражайын құру тиімді болып табылады. Олар оқушыларды озат мұғалімдердің , мектеп түлектері - өндіріс жаңашылдарының, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың, даңқты еңбек ерлерінің қызметтерімен, жергілікті ұйымның тарихымен таныстырады.
Барлық пән мұғалімдері оқу жылына, жарты жылға немесе оқу тоқсанына перспективалық жоспар жасағанда оқушылардың мұражайда жұмыс істеуін және мұражай материалдарын оқу программасына сәйкес пайдалануды ескертулері қажет. Мектептің тарихи мұражайының документтік, түп нұсқа материалдары тарих пен қоғам тану пәні мұғалімдеріне тарихтың басты кезеңдерін, қоғам дамуының негізгі заңдарын баяндауға көмектеседі. Мысалы кезкелген бір бөлімді оқытқанда мұғалім мұражайдың нақты матреиалдары негізінде еңбекші халықтың тұрмысын, жұмысшы табының экономикалық және саяси бостандық үшін күресін, қала мен ауыл көпшілік бұқараның өрлеуін көрсетеді. Ол сабақта ержүрек ұрпағы, даңқты, жұмысшылар өнеркәсібінің тарихы туралы документтерді пайдаланады.
Мектеп мұражайын құру – мұғалімдер мен оқушылар ұжымының еңбегінің нәтижесі. Мұражай – тек қана өткендегінің құнды материалдарының, қасиетті заттарының қоймасы емес. Ол қазіргі заманмен жанды байланысты нығайтуға, бүгінгі күнді көрсете білуге, біздің еліміздің болашақ перспективасын ашуға жәрдемдеседі.
Мұражайда ( оқу программасына сәйкес ) мұғалімдердің басқаруымен оқушылар сабақта тарататын материалдар әзірлейді, жорықтар мен экспедициялардың материалдар бойынша тақырыптық кинофильм мен диафильмдер жасалады, мұражай экспозицияларының тақырыптары бойынша ең жақсы деген жұмыстар ( өлең, шығарма, сурет, скульптура, графика т.с.с ) ұсынылады. Сынып жетекшілері, ұйымдарға мектеп мұражайының тақырыптары бойынша экскурсиялар мен жорықтар дұрыс жоспарлап, өткізуге, мұражай экспозицияларын әңгімелер, диспуттар өткізу үшін пайдалануға көмектесулері тиіс. Мектептерге мұражайлар ұйымдастыруға едәуір көмекті мектептен тыс мекемелер – сарайлары мен үйлері, жас туристер, техниктер, натуралистер станциялары көрсетіге міндетті, әсіресе балалар активінің ішінен безендіруші, экскурсия жетекшісі, тілші, лекторлар дайындауға міндетті.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет