«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет106/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143
Иллюстрация әдісі – демонстрация әдісімен тығыз байланысты. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды көрсетуде қолданады. Бұл әдістің нәтижелі болуы оның қолдану тәсілдерін оқытушының қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Ол арқылы оқу материалын табысты игеріп, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Иллюстративті құралдарға:

  • Бейнелеушілік: картиналар, аппликациялар, суреттер, тақтаға жазу, сызу, шиырмалар, плакаттар жатады.

  • Шартты-графикалық: карталар, сызбалар, графиктер, таблицалар, планшеттер, картасхемалар жатады.

  • Таратпа материалдар: карточкалар, перфокарталар, оқу лотолары, суретті-карточкалар, шығармашылық үлгідегі тапсырмалар.т.б жатады.

Қандай ғылымда болмасын өзінің ұғымдары болады.
Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы үрдісінде бейнелейтін ой формасы, белгілі бір класқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой немесе ой жүйесі. Ғылыми ұғымдар заттар мен құбылыстардың мәнді және қажетті қасиеттерін бейнелейді, ал оны белгілейтін сөз бен таңбалар (формулалар) ғылыми термин болып табылады.
Ұғымдарды реттеу жолдары:

  • Зерттеу тақырыбына сай қажетті ұғымдарды жинақтау, оларды мағынасына қарай бөлу.

  • Олардың мән-мағынасын ашып, білу, түсіну.

Өзіндік бақылау сұрақтары:
1.Кино, бейне таспаны қазақстан тарихы сабақтарында қалай пайдалануға болады?
2.Қазақстан тарихы бойынша тарихи қүжаттар, мектептегі тарихи хрестоматиялар коркем әдебиетпен жұмыс түрлері қандай?
3.Қазақстан тарихы бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекіліктерге сипаттама беріңіз.


Дәріс тақырыбы. Қазақстан тарихы сабағы.3 сағат.
Мақсаты: Қазақстан тарихы сабағы, оған қойылатын талаптар, сабақты ұйымдастыру , Қазақстан тарихы сабағыиың типтері, сабақ жоспарын құру, Қазақстан тарихын оқытудыц дәстүрлі емес түрлері жайлы білімді меңгерту
Жоспары.

  1. Қазақстан тарихы сабағы- мектепте оқытуды ұйымдастырудың түрі.

  2. Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар.

  3. Ұғымдардың ара-қатынасы: сабақты ұйымдастыру жайы, сабақты ұйымдастыру ережесі, Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар. Қазақстан тарихын оқытудың дидиктикалық принциптері.

  4. Қазақстан тарихы сабағыиың типтері. Сабақ жоспарын құру әдістсрі.

  5. Қазақстан тарихын оқытудыц дәстүрлі емес түрлері.

Қазақстан тарихы сабағы- мектепте оқытуды ұйымдастырудың түрі.
Қазақстан тарихы сабағына қойылатын талаптар:

  • Тақырыпқа сай болуы тиіс;

  • Мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сай болуы тиіс;

  • Оқу бағдарламасының тақырыптарына негізделген болуы тиіс;

  • Сабақ мазмұнын ашатындай, ғылымилық тұрғыдан ұйымдастырылған болуы тиіс;

  • Оқытушының шығармашылық еңбегңне байланысты болуы тиіс

  • Бүгінгі күнмен байланысты болуы тиіс

  • тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау;

  • негізгі материалды, дәлірек айтсақ сабақтан оқушы түсініп, есінде қалу керек мәліметтерді анықтау;

  • сабақтың құрылымын, типін, мақсатқа жеткізетін әдіс-тәсілдерін белгілеу;

  • тақырыптағы мәліметтердің басқа тақырыптағы мәліметтермен байланысын ашу;

  • сабақтың барлық кезеңінде мұғалім мен оқушылар атқаратын жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдер мен іскерліктерді меңгеру кезеңдегі жұмыстарды анықтау

  • Оқушыларға өз білімдерін өзгерген жағдайларда қолдандыру;

  • сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, атап айтсаң, кино және диафильмдерді, суреттерді, плакаттарды, карточкаларды, сызбаларды, көмекші әдебиеттерді және басқаларды іріктеу;

  • тарихи құжаттармен жұмыс

  • тарихи танымды ашу

  • тарихи білімнің бүгінгі таңдағы тарихи білім беруге қойылатын талаптарға сай келуі т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет