Дәл казір мектепте тарихтан сабақ беретін тарихшы мұғалімді коғам кайраткері десе артық емес. Өйткені бір мұғалімнің алдынан бір оку жылында 200-250 окушы етеді. Ал елімізде жиырма мыңға жуык тарихшы мүғалім бар екенін ескерсек, олардан каншама мындаган жастар тәрбие алады. Бұл жастар — коғамның болашак құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше жас ұрпакты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау — аса маңызды міндет. Үлы ғүлама ғалым Әл-Фараби айткандай тәрбиесіз білім адамзат жинаған кұндылыкка зиянын тигізеді. Жоғарыда айтылған, маңызды міндетті орындауға тарихшы мүғалім комакты үлес коса алады. Өйткені ол бүкіл адамзат жинаған өркениетті окытып үйретеді.
Тарих білім берудің құрылымы. 5 сынып.
Қазақстан тарихы (элементарлық курс)
Жалпы тарих (элементарлық курс)
6 сынып
Ежелгі Қазақстан тарихы
Ежелгі дүние тарихы
7 сынып
Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V – ХVғғ.)
Орта ғасырлар тарихы (V – ХV ғғ.)
8 сынып
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (ХVІғ. – 1918ж)
Жаңа заман тарихы (ХVІғ.- 1918ж)
9 сынып
Қазіргі заман Қазақстан тарихы (1918ж. – 1990ж.)
10 сынып
Қазақстан Республикасының тарихы (1991ж.–бүгінгі күнге дейін)
Қазіргі заман тарихы (1991ж – бүгінгі күнге дейін)
Қатар жүретін пропедевтикалық курстар отандық және дүниежүзілік тарих бойынша қарапайым түсініктер қалыптастыру міндетін орындауы тиіс. Бұл курстарда кейбір жаңа ұғымдар мен терминдер, тарихи уақытты өлшеу негіздері, Қазақстан мен шетелдер тарихының жекелеген тарихи оқиғалары мен құбылыстары оқытылады.
Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы үрдісінде бейнелейтін ой формасы, белгілі бір класқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой немесе ой жүйесі. Ғылыми ұғымдар заттар мен құбылыстардың мәнді және қажетті қасиеттерін бейнелейді, ал оны белгілейтін сөз бен таңбалар (формулалар) ғылыми термин болып табылады.
Ұғымдарды реттеу жолдары:
Зерттеу тақырыбына сай қажетті ұғымдарды жинақтау, оларды мағынасына қарай бөлу.
Олардың мән-мағынасын ашып, білу, түсіну.
Өзіндік бақылау сұрақтары: 1.Негізгі идеялар мен түсініктерге анықтама беріңіз
2.Курстың оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ерекшеліктері неде?
3. Мектепте 8-9 және 10-11 сыныптардағы Қазақстан тарихы курсының құрылымы қандай?
Қазақстан тарихын оқыту процесінде тарихи үғымдарды қалыптастырудеген не?