«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен


Осы және басқа да әдіс, тәсілдерді тәрбиелік мақсатқа пайдалануга койылатын негізгі талап



бет102/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143
Осы және басқа да әдіс, тәсілдерді тәрбиелік мақсатқа пайдалануга койылатын негізгі талап — қолданған әдісіміз окушылардың жүрегіне, сезіміне, ішкі жан-дүниесіне эсер етуі, оларды толғандырып, тебірентуі, олар өздерін сол баяндалып түрған оқиғаға катысып жүргендей сезінуі тиіс. Өтіліп жаткан тарихи фактінің, құбылыстың мазмұн-сипатына қарай оқушылар көңілденіп, шаттанып, оларда мактаныш сезімі байқалса немесе олардың қамығып, ренжіп, дұшпанға, шапкыншыға деген жек көру, тіпті, кек алу сезімі пайда болса ғана мұғалімнің тәрбиелік максатта қолданған әдіс-тәсілдері нәтиже берді деуге болады. Өйткені мұғалімнің майын тамыза айткан әңгімесі, тарихи романнан оқылған, баспасөзден пайдаланылған үзінділері, мұғалім әңгімесі бойынша экранда етіп жаткан кадрлар, сәулетгі ғимаратты суреттеп, сипаттаған көркем сөз, оқушылардың белгілі тарихи күжатпен ездігінше жүмыс істеп, өздерінше баға беріп, қорытынды жасауы, ақын-жыраулар, ауыз әдебиеті шығармаларынан келтірілген үзінділер, қайраткерлердің, ғалымдардын, үнтаспа аркылы берілген жігерлі сездері, т.б. окушыларға эсер етеді, оларда терең із қалдырады, оның үстіне осындай әдіс-тәсілдердің көмегімен түсіндірілген тарихи материал оқушылардың есінде берік сакталады.
Күнделікті окытылатын тарихи материалды алдын-ала, әрі қажетті дайындыкпен тәрбиелік максатка тиімді пайдалансақ, жұмысымыз нәтижелі болады. Мұғалім шәкіртімен тығыз ынтымактастык катынас орнатса, олардың жүріс-тұрысын, мінез-құлкын, білімнің өсуін, т.б. ерекшеліктерін үнемі назарда ұстаса, шәкірттерінің тәрбиесінде болып жаткан өзгерістерді өзі де байқайды. ¥стаз бұдан тиісті қорытынды жасай отырып, өзінің осы бағытта жүргізіп жатқан жүмыстарын одан әрі жетілдіре түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет