«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет111/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143
Дәстүрлі емес сабақтар – арнайы құрылымы жоқ сабақтар. арқылы педагогикалық ойлардың дамуын, мектептегі демократияландыру бағыттарын анықтауға болады. Дәстүрлі емес сабақтарлдың көптеген типтері , түрлері, өзіндік мақсаты, міндеті, әдістемесі болады. Олар оқушының қызығушылығы мен еріктеріне сай құрылады. Осындай сабақтар арқылы оқушы танымын жаңаша ашып, тұлғалық дамуын қалыптастыруға , ой –толғамдарын ашу , ізденістерін дамыту шараларын да дәстүрлі емес сабақтар арқылы жүргізуге болады.
Дәстүрлі емес сабақтар қайталау, қорытындылауға арналған тренингтер, оқу процесін бақылау сабағы, кіші мектеп оқушыларының дамуын диагностикалау , балалардың логикалық ойлауын дамытуға арналған сабақтар т.б. Дәстүрлі емес сабақтардың мағынасы мынада :
А) Оқушылардың таным белсенділігін көтеру . Оқу сабақтарына қызығушылығын арттыру.
Б) Оқушылардың белсенділігін, шығармашалығын дамыту.
В) Оқушының үнемі ізденуіне жол беріп , шығармашылық әрекетін қалыптастыру.
Г) Оқушылардың шаршауын болдырмай, оқу –тәрбие үрдісінде оларға қолайлы жағдай жасау.
Д) Іскерлік дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау, саналылық ұстамының талаптарына сай, білімге деген саналы көзқарасты дамыту, қабілеттерін ашу.
Дәстүрлі емес сабақтың түрін әртүрлі мақсаттарға орай таңдап алады: Оқушылардың жас ерекшеліктеріне,оқушылардың дайындық дәрежесіне, дүниетанымына, жеке психологиялық ерекшеліктеіне т.б.
Дәстүрлі емес сабақтардың әдістері соңғы шығармашылық ізденістен туындаған дәстүрден тыс әдіс-тәсілдердің жүйелі бірлігі, жоғары белсенділікті туғызу әдістері болып табылады.
Мысалы : Тірілген туынды, көңіл-күйді көшіру, ұстап тану, ауада сурет салу, ауызша сурет салу әдістері оқушылардың бойында шығармашылық ізденіске деген құштарлықты арттырып, өзіндік бейне , өзіндік іс-әрекет жобасын құруға мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі емес сабақтардың мынандай түрлері бар : ойын- семинар, не?қайда? қашан? , брейн-ринг, ғасыр лидері ,ойындар мерекесі, логикалық марафон, тренингтер т.б.Дәстүрлі емес сабақтардың 45 тен астам түрлері бар: КВН сабағы. Ойын сабағы, сот сабағы, дебат сабағы, блок сабағы, ертегі сабақ, театрланған сабақ т.б.
Өзіндік бақылау сұрақтары.

  1. Қазақстан тарихы сабағы, оны ұйымдастыру ерекшеліктері қандай?

  2. Қазақстан тарихы сабағына қандай талаптар қойылады?

  3. Қазақстан тарихы сабағыиың типтеріне сипаттама беріңіздер

  4. Қазақстан тарихын оқытудыц дәстүрлі емес түрлеріне сипаттама беріңіздер

  5. Сот сабағының жоспарын құрастырыңыздар.



Іс-тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар мен жоспарлар

Іс-тәжірибе сабақтардың мақсаты:
Семинар студенттермен жұмыс істеудің дәстүрлі формасы, студенттердің кәсіби біліктілігі мен дағдыларын дамытып, дерек көздерін жеткілікті меңгеруге мұмкіндік туғызады. Ұсынылып отырған сабақтардың тақырыбы мен мазмұны білім стандартына сай келеді.
Іс-тәжірибе сабақтардың міндеттері:

  • Пән бойынша лекцияларда алған білімдерін бекіту, тереңдету және кеңейту

  • Теориялық материалды тереңдетіп оқыту, пән бойынша алған білімдерді жүйелеу

  • Тұрлі тарихи деректерді саралай отырып жалпы теориялық білімді нақтылай тусу

  • Сту денттердің тархи әдістермен , ғылыми мақалалармен өздігімен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру , көпшілік алдында сөйлеу, өз көзқарастарын қорғау, дағдылары қалыптасады

1 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет