Тарих пәнінің жоспарлары мен бағдарламалары.
Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі Қазақстан тарихы және Әлем тарихы пәндері бойынша оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары туралы білім-біліктерін қалыптастыру.
Әдістемелік нұсқау: Қазіргі қоғам оқытушылардан үздіксіз, жүйелі де берік білім беруді іске асыру міндетінің орындалуын талап етуде. Әр мұғалім осы бағытта оқу үрдісінің жалпы мазмұнын білу, кәсіби терең білімнің болуы және білім беру құжаттарымен жұмыс істей білу талаптарын орындап, іске асыра білуі шарт. Студенттер Қазақстан Республикасы Жалпыға міндетті білім беру стандартын басшылыққа ала отырып, мазмұнымен танысуы қажет және оқу үрдісін ұйымдастырудағы оқу бағдарламаларымен танысу, тәжірибеде қолдану.
Білім беруді анықтайтын құжаттарға: білім стандарты, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар жатады. Оқу үрдісін ұйымдастыратын әрбір оқытушы аталған құжаттармен жұмыс істей алуы керек. Себебі олар білім алудың негізгі құралдары болып табылады.
Студенттердің жұмыс түрлері:
Тарих пәндері бойынша білім беру стандартының мазмұнымен танысу.
Стандарт бойынша оқушылардың Қазақстан тарихы бойынша және Әлем тарихы бойынша білім-білік дағдыларын жазу.
Пән бойынша типтік оқу, оқу жұмыс бағдарламаларымен танысу, тәжірибеде қолдану.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Қазақстан Республикасы Білім беру Заңы. А., 2007ж.
Қазақстан Республикасы білім беру концепциясы.
ҚР Жалпыға міндетті білім беру стандарты. А., 2000.
Қазақстан тарихы пәні бойынша типтік бағдарлама. А., 2006.
Әлем тарихы бойынша типтік бағдарлама. А.,2006.
№ 2 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |