Тарих сабақтарында тарихи мәліметтер мен құжаттарды пайдалану.
Іс-тәжірибе сабағының мақсаты: Тарих сабақтарындағы теориялық материалды баяндаудағы мәліметтер мен дерек көздерін, құжаттарды қолдану әдістемесін меңгеру.
Әдістемелік нұсқау: Тарих пәні бойынша тақырып таңдап, хрестоматия бойынша құжаттарды қолдану әдістемесін меңгеру керек, оны тәжірибеде қолдану.
Студенттердің жұмыс түрлері:
1.Тарихи құжаттар мен мәліметтерді зерттеу методикасын меңгеру..
2.Мәліметті конспектілеу. Тарихи мәліметтердің сипаты: авторы, жасалу уақыты, жанры, негізгі идеялары, тақырыптары мен көркемдік ерекшеліктерін анықтау.
3.Тарихи мәліметтермен, құжаттармен жұмыс істеу оқушылардың зерттеушілік дағдысын калыптастырып, анализдеуге (сараптауға) үйретеді, ойлау қабілетін жетілдіру.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Төлебаева Т. Тарихи білім беру – жаңа кезеңде. ||Қазақ тарихы №4, 1995ж.
Тұрлығұл Т. «Тарихи таным және тәрбие», ||Қазақ тарихы №3, 2002ж.
Тұрсын Хазретәлі. Тарихты оқыту әдістемесі. Оқулық.
№ 6 Іс-тәжірибе сабағы. 1 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |