ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«БЕКІТЕМІН»
Оқу-әдістемелік жұмыстар
жөніндегі проректор
__________ С.Қ.Алимбаева
«___» ______________2018ж.
6М010300 – «ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ»
МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША МАГИСТРАТУРАҒА ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Тараз, 2018
Бағдарламаны 6М010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша типтік оқу жоспары мен типтік оқу бағдарламалары негізінде «Психология және акмеология» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., доцент м.а. Сматова К.Б.; аға оқытушы Буйембаева Ш.Б. дайындаған.
Бағдарлама «Психология және акмеология» кафедра мәжілісінде қарастырылған
Хаттама № « » 2018ж.
Кафедра меңгерушісі ______________К.Б.Сматова
Педагогика факультеті оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде мақұлданған.
Хаттама № « » 2018ж.
Бағдарлама университеттің Әдістемелік кеңесінде бекітілген.
Хаттама № « » 2018ж.
МАЗМҰНЫ
ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм берудiң мақсаты – алған бiлiмiнiң, кәсiби дағдыларының негiзiнде өмiрдiң өзгермелi жағдайларында еркiн бағдарлай алатын, алған бiлiмiн толықтырып, дамытуға, сол арқылы өз мүмкiндiктерiн iске асыруға және адамгершiлiк тұрғыда өз бетiнше дұрыс, жауапты шешiм қабылдауға қабiлеттi тұлға қалыптастыру болып табылады.
Еліміздің әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани өміріндегі өзгерістер болашақ мамандарды кәсіби іс-әрекетке бейімдеу және олардың білім сапасын арттыруды талап етіп отыр. Бұл өз кезегінде болашақ мамандарды даярлауға жете мән беру керектігіне меңзейді. Білім беру саласындағы негізгі қағида – болашақ құзіретті маманның өз бетінше оқуына және білім алуына, білімін тереңдетуіне, қосымша мамандықты игере алатындай жан-жақты жағдай жасау, олардың бойында жас кезінен өз бетінше жұмыс істей және іздене алу және танымдық деңгейін кеңейте білу мүмкіндіктерін қалыптастыру болып табылады. Осы орайда, жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беруде оқу әрекетін жоспарлау, мазмұнын анықтау және ұйымдастыру технологиясына ерекше мән берілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |