3. Білім беру бағдарламасының пререквизиттері:
Педагогикалық мамандыққа кіріспе (3-кредит), Педагогика-психология тарихы (3-кредит), Педагогиканы оқыту әдістемесі (3-кредит), Психологияны оқыту әдістемесі (3-кредит), Тұлғаның психологиялық педагогикалық диагностикасы (3-кредит), Мамандану практикумы (4-кредит).
«ПЕДАГОГИКА» КУРСЫНАН МАГИСТРАТУРАҒА
ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Педагогика пәні, оның негізгі категориялары (тәрбие, оқыту, білім беру, педагогикалық процесс), олардың өзара байланысы (тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, қалыптастыру). Педагогикалық ғылымдар жүйесі. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы. Қазіргі педагогиканың әдіснамалық жағдайы. Философиялық заңдар, заңдылықтар. Диалектиканың заңңдары, олардың жалпы сипаты. Таным теориясы. Тұлға теориясы. Іс-әрекет теориясы. Құндылықтар теориясы. Басқару теориясы. Тұтас педагогикалық процесс теориясы. Педагогикалық теория мен практиканың өзара бірлескен әрекетінің диалектикасы. Қоғамның қазіргі жағдайдағы педагогика ғылымдарының міндеттері. Мұғалімді кәсіби дайындаудағы педагогикалық теориялардың маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: |