«Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша ОҚУ-Әдістемелік кешен



бет31/143
Дата06.02.2022
өлшемі1,14 Mb.
#79055
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143
Оқу бағдарламасыоқу пәні бойынша білімнің, біліктер мен дағдының көлемін, іс тәжірибелік және лабараториялық сабақтардың өтілу реттерін және олардың бөлінуін, пәндердің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптардың оқытылу ретін анықтайтын, жеке оқу пәнін сипаттайтын мемлекеттік құжат.
Оқу бағдарламалары оқ жоспары негізінде құрастырылады.
Оқу бағдарламасының құрамы :
аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат, пәннің мазмұнын анықтайтын тақырыптар мен тараулар, негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі, әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері, әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі, ұсынылған әдебиет.
Сонымен оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша оқу бағдарламасы құрылады.Ол :
түсініктеме хат,
негізгі бөлім, мазмұны,
әдістемелік аппараттан тұрады ( әдістемелік нұсқаулар, пән аралық байланыс, лабараториялық, іс тәжірибелік сабақтар, оқу-әдістемелік құралдар )
Оқу бағдарламасы бағытына қарай екіге бөлінеді : жалпы білім беру және кәсіби білім беру бағдарламалары. Соның ішінде кәсіби білім беру бағдарламалары – арнайы мамандық бойынша бағытты білім беру, қазіргі технология, экономика, еңбек құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру мәселелерін қарастырады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламасы қайта қаралады. Қазір орта кәсіби білім беру мекемелері 2002 жылы Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің бастауыш және орта кәсіптік білім жөніндегі оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен бекітілген типтік оқу бағдарламалары бойынша жұмыс жасайды.
Типтік оқу бағдарламасы негізінде жекелеме пән оқытушылары оқу-жұмыс бағдарламаларын және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет