«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет5/12
Дата19.02.2017
өлшемі2,27 Mb.
#11064
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Пәндік үйірмелер сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы болып табылады. Үйірмелердің ( тарих, жас археологтар, жас тарихшы т.с.с. ) жұмысы өлке тану негізінде құрыған жерде педагогикалық жақсы нәтижелер алынады.

Пікірсайыс- оқушылардың дербес ой пікірлерін дамытып, жетілдіруге арналады.

Пікірсайыстың алдында оқушылар оны жүргізудің тәртібімен танысады.

Ең бастъісы нені дәлелдейтінін біл, ең мықты дәлел нақты дерек; қисынды және сабақтастықпен сөйле; өзің жақсы білетініңді ғана айт; өз қарсыласыңды қүрметте және оның ойын бүрмалама; өзіңе дейінгі айтылғандарды қайталама; қолынды босқа сермей берме және дауыс көтерме.

Пікірсайысқа оқушылар үйде аддын-ала дайындалады. Олар теориялық тұжырымды қалай теріске шығаруды немесе белгілі бір ұстанымын қалай қорғауды ойластырады. Пікірталасты шағын көрініс, миии-спектакль түрінде үйымдастыруга болады. Белгілі бір үстанымды қорғай отырып, оқушылар дауысын, мимикасын, жүріс-тұрысын құбылтып, өзі қорғайтын тұлғаның кейпіне енуге тырысады.

Пікірталастағы мүғалімнің рөлі пікірталасты үйымдастырып, оны бағыттап, өз пікірін күштеп таңбай, оқушылардың еркін пікір айтып, қорытынды жасауына жағдай туғызу болмақ. Ал оқушылар пікірталас барысында тарихшылардың еңбегімен танысып, қажетгі дейексөздер жинақтап, дереккөздерін зертгейді.



Баламалы жағдай. Ойталас-сабақта нақты емір сүріп түрған тарихи шындыққа баламалы жағдайды үлгілеуге және оны талқылауға болады. Баламалы жағдайға талдау жасауда оқушылар мынадай жаднаманы пайдаланады.

1. Ұсынылған әрбір даму жолының менін анықта.

2. Олардың тарихи шарттылығын айқында.

3. Оларға өз кезқарасыңды анықта.

4. Тандалған даму жолының артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіндір.

5. Жоққа шығарған даму жолының артықшылығы мен кемшіліктерін керсет.

6. Жасалған тандауды бағала.

"Қазақ жеріні" Ресей қол астына ете бастауың тақырыбыңда баламалы жағдай төсілін қолдануға болады. Бүл сабақта Ресейге қосылу жөнінде екі түрлі қарама-қарсы көзқарасты үстанган Әбілхайыр хан мен Барақ сүлтан бастаған екі саяси күш — сынып окушыларының екі командасын қүрайды. Олар оз козқарастарын дәлелдеу үшін ғылыми деректерге, батыл болжамдарға жүгінеді.

Пікірсайыспен бірге диспут-диалог түріндегі тәсілді қолданудьщ дидактикалық жемісі мол. Бүл –тәсілде тарихи түлғалардың ойталас-диалогы көрініс табады. Мысалы, М. Шоқай — А. Ф. Керенский, А. Байтүрсынов — В. И. Ленин, Ә. Бөкейхан — Ә. Жангелдин, Т. Рысқүлов — И. В. Сталин арасындагы ойталас-диалогтар.

Практикумдар арқылы оқушылар тәжірибелік, зертхана жүмыстарды өз беттерімен орындайды. Олар оқу курстарының ірі бөлімдерін оқыған соң өткізіледі, сонымен ңатар теориялық материалды тәжірибеде көрсету үшін де өткізуге болады.

Практикум 2-3 апта өтеді. Мүғалім сыныпты 2-3 оқушыдан түратын топтарға бөледі. Әрбір топ бір-біріне үқсамайтын зертханалық және тәжірибелік жүмыстарды арнайы сабақ кестесі бойынша орындайды.

Практикум өткізер алдында кіріспе дәріс және нүсқау бері-летін сабақ өтеді. Практикум кезінде оңушылардың тірек білім-дерін жаңғырту тәсілдері қол даны лады.

Оқушылардың іс-әрекетін басңару қүралдары; жүмыс істеу ережелерін, қажетті материалды ңайталату, зертханалық жаб-дықтарды суреттеу, оның ңалай жүмыс істейтінін, тапсырма-ларды орындау тәртібін айту, таңырып бойынша бақылау сұрақтарын және қосымша әдебиеттердің тізімін жасау.

Жұмысты алгоритм бойынша істегенмен, шығармашылық, зерттеу жүмыстарын да жүргізуге болады. Белгілі бір заңдылыңтардың, теориялардың шындыққа сәйкестігі тексеріледі. Түрақты шамалар өлшенеді.

Практикум кезінде оңушылар шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындайды; химиядан тәжірибе еткізеді, сызба жұмыстарын жасап, физикалық, биологиялық, әлеуметтік, тарихи, фенологиялық зерттеулер жүргізеді. Бірінші тәжірибелік сабақтың қүрылымы:

• практикумның таңырыбын және мақсатын мүғалімнің ха-барлауы;

• оқушыларға керекті білімдерді олардың естеріне түсірту;

• оқу жүмысына ынталандыру, нүсқаумен таныстыру;

• керекті жабдықтар мен материалдарды іріктеу;

• оқушыларға жүмысты орындағаны туралы есепті ңүрас-тырту;

• алынған нәтижелерді талқылап теориялық түжырымдар жасау;

• нәтижелерін қорғау;

• іс-өрекетті талдау.

Практикумдар әдетте жоғары сыныптарда өтеді, бірақ бастау-ыш сыныптарда қысқа мерзімді зертханалық және тәжірибелік тапсырмалар орындатуға болады.

Пәндік үйірмелер, шеберханалар, зертханалар

Сабаңта пәнді оқу бағдарламасынан да көбірек білгісі келетін оқушылар анықталады. Үйірмеге оңушылар ерікті түрде даты-сады, оған ңатарлас сынып оқушыларын да, эр жастағы оқу-^ шыларды да қабылдауға болады. Үйірмеге басшылың ететін пән мүғалімі. Үйірмеде оқушылар курстың ңызыңты тақырып-тарын тереңдетіп оңып, атаңты ғалым, жазушылардың, басқада қайраткерлердің өмірі және қызметімен, ғылым және техни- . каның жаңа жетістіктерімен танысып, ғалымдардың мерейтой-ларына, ғылыми жаңалыңтарға арналған кештер өткізеді, тех-никалық модельдер жасап, биологиядан тәжірибе жүмыстарын жүргізеді, зерттеушілермен кездесулер үйымдастырады.

Үйірме жүмысының негізінде ғылыми крғамдар үйымдасты-рылады, олар үйірмелердің жүмыстарын үйлестіріп, көпшілік-ке арналған іс- шаралар, байңаулар және олимпиадалар өткізеді.

Кеңестер оңушыларға жеке тақырыптарды, бөлімдерді түсі-ну үшін беріледі.

Кеңес кезінде оңупіылар сүраңтар береді, өздері жауап беруге тырысады, мүғалімнің не шақырылған мамандардың берген түсініктерін тыңдайды.

Ол сыныпңа, топкд, оңушыға беріледі.

Олимпиадалар және байқаулар:

Олимпиадалар аудандың, облыстық, республикалың олим-пиадалар алдында өткізіледі.

Қазір алуан түрлі Олимпиадалар мен байқаулар Интернет желісінің көмегімен өткізіледі.

Балалардың техникалың шығармашылығына арналған көрмелерде оңушылардың ең жаңсы жүмыстары көрсетіледі.

Конференциялар. Олар оңуды ғылыми жұмысқа жаңындатады. Оқушылар баяндама тақырыптарын өздері таңдап, шағын зерттеу жүмыстарын жүргізіп, нәтижелері бойынша сөз сөй-леуге әзірленеді.

Конференцияны сыныпта, мектепте өткізуге болады. Конф-ренцияны симпозиум түрінде өткізуге болады, онда мүғалім бір мәселені түжырымдайды, ал оңушылар сол мәселені шешу туралы өздерінің үсыныстарын алдын ала жазып келіп айтады.

Конференция туралы оқушыларға алдын ала хабарланады. Оңушылар сүрақтар әзірлеп, мәселені талқылауға әзірленеді. Баяндамашыға мүғалім, не мамандар кеңес береді.

Конференцияның үзаңтығы 1-2 сағат. Бірнеше баяндама оңылады. Баяндаманы оқуға 7-10 минут бөлінеді, содан соң тың-даушылар баяндамашыларға сұрақтар беріп, сын-пікірлер ай­тады және қосымшалар еңгізеді. Конференцияның соңында мұғалім қорытындылап, баяндамашылардың жүмыстарын, белсенді шығармашылық көрсеткен тыңдармандарды атап өтеді. Өз мәліметтерін келтірген, әдеби деректермен шектелмеген оқу-шылардың жүмыстарына ерекше назар аударылады.

Конференцияда оқушылар түрлі көзқарастарды талдап, өз пікірлерін айтады. Конференция ересек жастағы оқушылар ара-сында өткізіледі.

Факультатив. Ол міндетті оқу курстарына сүйеніп оқу пөндерін тереңдетіп оңытады. Факультатив сабақ пен сабақтан тыг жүмыстарды байланыстырады, пәнді оқудан оған сәйкес келеті 11 ғылымды оңу басталады.

Білімдік міндеттер бойынша факультативтерде негізгі оқу пәндері терең оңылып, риторика, логика, шет тілі сияңты қ<> сымша пәндер оңылады, мамандың беріледі.

Факультативтер теориялық және тәжірибелік түрде до ото алады Оқушылар факультативтерді өздері таңдап алады, сондьщтан олардың іс-әрекеті белсенді. Факультативтерге қызықтыру үшін мүғалім көкейтесті тақырыптарды, оқушыларға ыңғайлы іс-әрекет түрлерін таңдап, олардың ақыл-ойын, есін, қиялын, жеке қабілеттерін дамытатын құралдарды қолдану керек.
Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Сынып –сабақ жүйесі. Оның ерекшеліктері туралы не білесіз?

  2. Тарих бойынша сабақ түрін таңдауға шартты түрде өткізілетін сабақ түрлері мен факторларына сипаттама беріңіз

  3. Аралас сабағының құрылымын жүйелеңіздер

  4. Тарих сабағына мұғалімнің дайындалуына қандай талаптар қойылады?

  5. Мұғалімнің сабақ жоспарлауы деген не?

  6. Сабақты бағалау критериясы қандай?

  7. Тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары-факультативтер, тарихи үйірмелер, тарихи олимпиядалар "КВН", конференциялар,пікір сайыстар. Жоғарғы сыныптардағы семинарлық және практикалық сабақтар.Оқу саяхаттары, кеңестері, сынақтар, оларға сипаттама.



Дәріс тақырыбы: Тарихты оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдер. 2 сағат.
Дәріс сабағының мақсаты: Оқыту әдістері, оның негізгі функциялары, топтастыру, жіктеу, оларға қойылатын талаптар, қолдану ерекшеліктері жайлы негізгі ұғымды беру, шығармашылық танымдарын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын ашу, Оқыту әдістерін оқыту үрдісінде қолдана білуге үйрету.

Жоспар:

  1. Оқу әдістері туралы ұғым, тарихты оқыту әдістерінің жіктелісіне деген түрлі көзқарастар.

  2. Оқыту әдістерін таңдау критериясы. Оқытудың "әдісі"мен "тәсілдер" ұғымдарының қатынастылғы.

  3. Тарихты оқу процесіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ролі.

  4. Ауызша материал ролі: әңгіме, конспективті, образды, сюжетті әңгімелеу, картиналық жөне аналитикалық сипатау, түсіндіру ,талдау.


Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Оқыту әдістері кітаппен жұмыс жаттығу

Оқыту тәсілдері түсіндіру оқыту әдісін таңдау

Оқыту құралдары көрнекілік әдіс оқыту әдісін жетілдіру

Топтастыру, жіктеу иллюстрация танымдық әдістер

Сөздік әдістер демонстрация репродуктивті әдіс

Әңгіме бақылау проблемалық әдіс

Әңгімелесу іс-тәжірибелік әдіс эвристикалық әдіс

Пікірталас зертханалық жұмыс түсіндірме-иллюст.әдіс

Дәрісбаян графикалық жұмыс интерактивті әдістер


Оқыту әдістері дидактиканың негізгі құрамды бір бөлігі, себебі оқыту үрдісі оның мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формаларының бірлігі болып табылады.

Әдіс /грекше «методос»-жол / ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жету жолдары. Оқыту әдісі- оқытушы мен оқушының жұмыс істеу әдісі, бірлесе жасайтын әрекеті, білім алу жолдары, ол арқылы білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен қабілеті артады, таным процесі жетіледі.

Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Оқыту әдістері дегеніміз- оқытудың мақсатына жету жолы, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс- әрекет;

Оқытудың мақсат, міндеттеріне сай, оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушының қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқыту нәтижесін арттыруда оқыту әдістерімен қатар оқу құралдарын да пайдаланады. Оқу құралдарына-оқу кітаптары, көрнекі, техникалық құралдар жатады.

1.Оқу кітаптары- оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.

2.Көрнекі құралдар-кестелер, сызбалар, чертеждер, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық карталар т.б.

3.Техникалық құралдар-үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. жатады.


  • Оқыту тәсілдері -әдістің құрамды бөлігі.

Л.Н.Толстой: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті»

Оқыту әдістерін топтастыру, оған сипаттамма беру /сызба/

Оқыту әдістерін топтастыру мәселесінде педагогикада ортақ пікір қалыптаспаған.Оқыту әдістерін топтастырудың 20-дан астам түрі бар. Кейбіреуіне тоқталсақ:

1.Оқушылардың таным белсенділігіне қарай / М,Н.Скаткин, И.Я.Лернер / :

-түсіндірме хабарлау әдісі

-репродуктивті әдіс

-проблемалық баяндау әдісі

-эвристикалық әдіс

2.Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай / М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина /:

жаңа білім беру әдісі

-білім-білік, дағдыларды қалыптастыру әдісі

-техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі

-өзіндік жұмыс істеу әдісі

-білімді тексеру әдісі

-проблемалық, программаланған оқыту әдісі

3.Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай /Ю.К.Бабанский/.

-оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру

-оқуға ынталандыру

-оқытудағы бақылау және өзін-өзі баұылау әдістері

4.Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай / Р.Г.Лемберг /:

-ауызша баяндау әдісі

-есеп шығару әдісі

-өнер құралдарын пайдалану әдісі

5.Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай /В.Оконь/:

-жаңа білімді игеру әдісі

-өзіндік білім әдісі

-проблемалық әдіс

-практикалық әдіс

-көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі

Осылардың ішінде көп тарағаны -білім беру көздеріне сәйкес әдістер /И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант,/

-сөздік немесе ауызша баяндау әдісі

-көрнекілік әдістер

-іс-тәжірибелік әдістер

Бұл әдістің ерекшелігі:егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т.б.

Аксиомалық әдістер: индукция, дедукция, алгоритмдеу, анализ, синтез, салыстыру, жүйелеу.

Индукция - ойдың жекеден - жалпыға, фактілерден -қорытындыға қарай қозғалысы.

Дедукция - ойдың жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.

Синтез - бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру.

Анализ - тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу.

Алгоритмдеу- нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.

Салыстыру - ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табу.

Жүйелеу - заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу.
Ақыл-ойдың түрлері:

Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.

Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріске шығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді. Абстрактылы ойлау - адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы үғым қалыптастыруға көмектеседі.

Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.

Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.

Зиялылық біліктілік оқушының сапалы білім алуына көмектеседі. Оқу іскерліктері жалпы - барлық оқу пәндерінде қолданылатын және арнайы - белгілі бір білім саласынан білім алуға керекті іскерліктерге бөлінеді. Бұл іскерліктер оқу бағдарламасында жазылады.



Жалпы (жалпы педагогикалық) іскерліктер - оқи білу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс істей білу.

Арнайы іскерліктер - тез оқу, техникалық сызбалар, тарихи және жағрафиялық карталарды оқу, музыкалық шығармаларды тыңдау, сөздіктерді және анықтама әдебиеттерін қолдану. Бұл іскерліктерге оқушыларды үйрету керек. Оқулықтағы "Мәтінді баянда", "Жоспар жаса", "Дәлелде" деген тапсырмаларды орындату үшін мұғалім оқушы іс-әрекетінің стратегиясын белгілейді. Бұл: уақытты тиімді пайдалану, оңтайлы жұмыс ырғағы, жұмыстағы жүйелілік, жұмыс орнын тәртіппен ұстау, ақыл-ой іс-әрекетінің ережелерін білу, жұмысқа кірісе білу, жұмысты зейін қойып, мұқият атқару, қиыншылықтарды жеңе білу. Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды.

2.Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың негізгі түрлері:

  • оқушының индуктивтік ойлауын дамытатын зерттеу сипатындағы тапсырмалар: бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар, приборларды құрастыру, сурет бойынша сөйлем құрастыру, шығарма, рефераттар жазу, сурет салу, т.б.

  • логикалық және жинақтай ойлау іскерлігін дамытатын салыстыруға берілетін тапсырмалар: шығарма кейіпкерлерін, геометриялың фигураларды, оқиғаларды салыстыру.

ақыл-ойдың алгоритмдік түрін дамытатын тапсырмалар: оқиғаны жоспар бойынша баяндау, суретті үлгіге қарап сипаттау, есепті шығару жоспарын жасау, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.

• талдауға байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылысарды топқа бөлу.

Ғылыми әдеби кітаптармен жұмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жүмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар:

кітап мазмұнын ұтымды пайдалану,

мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу,

мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру,

жұмысты жоспарлау,

конспектілеу,

қысқаша желісін дайындау, т.б.
Өзіндік бақылау сұрақтары:


  1. Әдіс дегеніміз не?

  2. Оқыту әдістерін топтастырыңыздар?

  3. Ауызша әдіс дегеніміз не?


Дәріс тақырыбы: Мектеп лекциясы. 2 сағат.

Мақсаты: Мазмұндаманың /дәрістің/ иллюстрациялық түсіндірмелік және проблемалық сипаты, әңгімелесу рөлі, түрлері , тарихтағы анықтама мен көркемдік әдебиеттің рөлі мен оларды оқу процесінде қолдану мүмкіндігі., материалды баяндауды мүғалімнің түрлі білім деректерін пайдалануы, ауызша баяндау процесінде оқушылардың танымдық шығармашылығын ұйымдастыру жолдарын меңгерту

Жоспар:


  1. Мазмұндаманың /дәрістің/ иллюстрациялық түсіндірмелік және проблемалық сипаты.

  2. Тарихты оқытудағы әңгімелесу рөлі. Әңгіме түрлері және оған қойылатын талап.

  3. Тарихта анықтама мен көркемдік әдебиеттің рөлі мен оларды оқу процесінде қолдану мүмкіндігі.

  4. Материалды баяндауды мүғалімнің түрлі білім деректерін пайдалануы. Ауызша баяндау процесінде оқушылардың танымдық шығармашылығын ұйымдастыру.


Дәрістер - мүғалімдср соңғы уақытга жоғары сыныптарда дөріс оқуға әуестеніп алды. Дегенмен, әдістеме ғылымы классиктерінің мсктеп дәрісі - мазмүндау нысаны емес, тарих сабағының бір түрі, оны жүргізудің ерекше әдісі деген түжырымы естен шыкдауы керек. Сондықтан мектеп дәрісі ерекше өдістемені қажет етеді. Өйткені айтылғанды жазып отыру үшін дөріс тындау нәтиже бермейді. Дөріс барысында кітап оқығанда және кітапты конспектілегенде атқарылатын жүмыстар жасалуы тиіс. Дәрістің мақсаты — тындау, талдау, басты мөселені бөліп алу, конспектілеу ептілігін дамыту. Сол үшін бастапқы кезде оқушыларды тарих оқулығын конспектілеуге үйрету қажет.

Келесі кезекте оқушыларды ауызша сөзді конспектілеуге үйретуге болады. Түсіндірудің алдында мүғалім оқушыларға түсінікті және жазбаларының бірізді болуы үшін қысқаша жоспарды айтып жаздырады. Материалдың белгілі бір бөлігін баяндаған мүғалім оқушылардың қатысуымсн нсгізгі ойды айқындайды, жазатын мәтіннін, нобайьш жасайды. Матсриалды баяидау барысында оқушылардьщ жазу жылдамдығын кдцағалау қажет. Оқуіиылардьщ қалай жазып отырғанын да эр кез қадагалау орынды, қажет болса жазтан мәтінін оқыту, қатесі болса түзету, тіпті жазу барысында қандай сөздерді қысқартуі'а болатындығы ескертіледі. Олар келссі сабақта ез жазбаларын окл отырып, басты мөселенің қайсысы назардан тыс қалғандығын, екінші кезекгсгі қандай деректерді жазбай қоюға болатындытъша көз жеткізеді. Мазмүнына және дидактикалық міидстіис байланысты мсктсп лекциясы мынадай түрге бөлінеді. 1) курс бөлімінің негізгі мәселелерімен алғаш рет таньтстыратын кіріспе лекция; 2) теориялық материал және негізгі деректердіі қамтитын тақырыптық дәріс; 3) тарих курсы бойъшша негізгі мәселелерді оқушылардьщ жадында жаңғыртатын қайталау — жинақтау дөрісі. Кейде дөріс мазмүны оны тыңдау барысында жаңа тарихи деректер, жақа үғымдар мен есімдерді арнайы кестеге енгізіп отыруға мүмкіндік береді.



Түсіндіру — басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым, баға, қорытынды, тұжырым түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Үғым (салық, жасақ) мен себеп-салдарлы байланыстардың мәнін (Қазақ Ордасының құрылуының алғы шарттары) мұғалім түсіндірудің көмегімен аша алады. Осы тәсілдің көмегімен тарихи деректер мен құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстарының зандылығы ашылады. Түсіндіруде деректерді талдау барысында жасалған бір тұжырым екіншісінен ерекшеленіп тұрады.

Түсіндіру әдісі оқушылар үшін оңай болғандықтан ол барлық сыныптарда қолданылады. Тарихи білім дайын күйінде беріледі, оқушылар оларды түсініп, есте сақтай білуі керек. Бұл тәсілдің кемшілігі оқушылардың өздігінше танымдық әрекетін шектейтіндігінде.



Пікір (пікір білдіре отырып мазмұндау) себеп-салдарлы байланыс пен ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы. Бұл тәсіл мұғалімнің оқушыларға ойлау барысы, деректерді талдау үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың ойын белсенді танымдық әрекетке жетелейді. Пікір білдіру оқушылардың назарын аударатындай мәселе қоюмен қатар жүруі мүмкін. Мұғалім әрбір мәселеге ой толғауы, деректерді салыстырған пікір түрінде жауап береді. Нәтижесінде оқушылар оқу материалының теориялық мазмұнын қиналмай игереді.

Бұл тәсілмен бірге қисынды сұлба, оқу жаднамасы, мәтіндік кесте, жапсырма сияқты оқыту құралдары қолданылады.

Мұғалімнің мәселелік мазмұндауынан туындаған міндеттерді оқушылар бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп, өз бетінше шешуі тиіс.

Әрине, өзекті мәселені мазмұндау барысында теориялық білімдерді игеру басты мақсат емес, бұл жердегі басты мақсат оқушылардың оқу процесіне деген жеке қабілеттерін қалыптастыру.

Өзекті мәселені іздену әдісін дерегі мол немесе күрделі материалды игеру немесе уақыт тапшы жағдайларда қолдану тиімсіз. Сол сияқты бүл әдіс мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмаған жағдайда да нәтиже бермейді.

Окушылардың ақыл-ой дағдылары мен тәсілдері

Ақыл - ой әрекетінің тәсілдері оқу жұмысы тәсілдерінің тасасында, елеусіз көрінеді. Дағдылардың әрбір тобын игеру қарапайым ұйғарымдарды орындауды талап етеді. Ойлау әрекетінің алғашқы дағдыларын оқушылар 4-5 сыныптардан бастап қолданады. Мұғалім оларды тархи оқиғаларды кім? (не?) қандай? неге? қалай? не үшін?деген сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндауға үйретеді.

Теориялық материалды оқып-үйрену тәсілдерінің жүйесіне сөздік-үғымдық ойлау тәсілдері де енеді. Оған талдау және жинақтау, салыстыру, топтастыру, дәлелдеу, ең маңыздысын бөліп алу, тұжырым қалыптастыру, қиялдау мен есте сақтау әдістері жатады.

Окушылардың ақьш-ой дағдылары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделене түседі. Олардың негізгі тізімі мынадай: 5 сыньш — жеке оқиғаларды салыстыра алу, деректерді суреттеу дағдылары; 6 сынып — тарихи деректерді жинақтап, талдап, қарапайым қорытындылар жасау, елдерді табиғи жағдайларын, еңбек, мәдениет ескерткіштерін салыстырмалы түрде суреттей алу; 7-сынып — қоғамның әлеуметтік топтарының басты белгілерін анықтау; бір үлгідегі құбылыс, процестерді салыстыру; оқиғалардың себебін жинақтап, маңызын анықтау; өз тұжырымдарын түрлі дерек көздерімен дәлелдеу;

Тарихи түсініктерді қалыптастыру. Тарихи пәннің көптеген пэндерден ерекшелігі - негізінен өте ертедегі фактілерді, оқиғаларды баяндайтындығында. Оларды қүр атап айта салсақ оқушыды ешқандай білім қалыптаспайд. Білімді қалыптастыру үшін өткен оқиғаның, фактінің бейнесін оқушының көз алдына келтіре отырып, оларда сол оқиға туралы түсінік қалыптастыруымыз керек. Ал, түсініктер сезу, сезіну арқылы қалыптасады, ол екі тэсілдің көмегімен жүзеге асады: көру арқылы - демек көрнекі, техникалық т.б. көрінетін күралдар көмегімен жэне мүғалімнің тарихи фактіні суреттей, сипаттай айтуымен. Бүл міндеті жүзеге асыру үшін қандай факті, оқиға туралы тарихи түсінік қалыптастыратынымызды біліуіміз кеерк. Тарихи түсініктер үш түрлі объектілер туралы қалыптасуы тиіс.

а) қоғамның өткендегі барлық тарихын, фактілерді қамтитын: материалдық


өмір - тү-рмыс (еңбек қүралдары, адамдар кэсібі, шаруашылықтың түрлі
салалары т.б.), элеуметтік - саяси өмір (эртүолі таптардың өкілдері: қүл, феодал,
капиталист, жүмысшы, мемлекттікң қүрылыс т.б.), тарихи қайраткерлер, соғыс
тарихының оқиғалары (қару - жарақ, шайқас алаңын әскрлердің орналасуы),
тарихи - мэдени өмір (халық тү-рмысы, өнер т.б.) т.б. туралы түсініктер.

э) тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғаның белгілі бір уақытта болуы, оқиғалардың реті, үлақтығы) түсінік қалыптастыру қоғамның пәрмеңці дамуын түсінуге мүмкіндік береді.

б) тарихи кеңестік туралы (тарихи оқиғаны сол эрекет - қимыл болған жермен
байланыстыру, тарихи оқиғаны монолизациялау - жергіліктендіру...) тарихи
география - географиялық ортаның оқиғаның, қогамның, мемлекеттің т.б.
дамуына қалай эсер ететіні туралы түсінік қалыптастырады.

в) тарихи қозғалыс.

Сонымен тарихты оқыту барысында үш түрлі түсінік қалыптастырады екен.

Осы түсініктерді қалыптастырудың әдістемесін білу де маңызды. Өйткені ол үшін көптеген эдіс , тэсілдер қолданылады: ауызша эдістермен қатар, көрнекі қүрал, эсіресі - бояулы суреттер, схемалар, кестелер, аппликациялар, сынып тақтасы қосымша эдебиет т.б. Бірақ та оларды қолдану: 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарда түрліше.

Тарихи үғымдарды қалыптастыру. Кез келген пэнді, ғылымды білу, меңгеру деген, оның үғымдар жүйесін меңгғру деген сөз. Мектеп қабырғасында оқушылар тарих пэнін жеті жыл оқығанда оларды 300-дей үғым қалыптастырады. Әрине олар тек тарих пэнінің үғымдары емес. Тарихи білімді меңгеруде үғымдарды қалыптастыру маңызды орын алады.

Оқыту барысында тарихи түсінік те үғым да қатар қалыптаса береді. Бірақ айыр- машылығы мынада. Тарихи түсінік эр оқушыда түрліше қалыптасуы мүмкін, ал үғым бэрінде бірдей қалыптасады немесе қалыптасуы тиіс.


Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Тарих сабағында түсіндіру және пікір айту тәсілдерін қалай
    қолдануға болады?

  2. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырудың түрлері
    мен тәсілдерін ата.

  3. Тарих сабағында өзекті мәселе қою қалай іске асырылады?

  4. Ақыл-ой тәсілдері мен дағдыларын ата және оларға анықтама
    бер

  5. Теориялық материалды оқып-үйренудегі оқушылардың әрекеті
    қалай ұйымдастырылады?

  6. Тарих сабақтарында дәрісті қалай ұцымдастыруға болады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет