«Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)


Тарихи білім беру қүрылымынын калыптасуы (1959-1964 ж.ж.)



бет8/12
Дата19.02.2017
өлшемі2,27 Mb.
#11064
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Тарихи білім беру қүрылымынын калыптасуы (1959-1964 ж.ж.)

4 сынып - КСРО тарихының эпизодтық курсы (аптасына 2 сағат 3 сағат орнына)

5 сынып — Ежелгі дүние тарихы (аптасына 2 сағат 3 сағат орнына)

6 сынып — Ортағасырлар тарихы (аптасына 2 сағат 3 сағат орнына)

7 сынып — XIX ғ. ортасына дейінгі КСРО тарихы (жаңа тарих элементтерімен)

8 сынып — КСРО тарихы, жақа тарих, (қазіргі заман тарихы 9 сынып - Жақа тарих, I болім; XIX ғ, соңына дейінгі КСРО тарихы

10 сынып — Жаңа тарих, II бөлім, XX ғасыр басынан 1917 жылга дейінгі КСРО тарихы; Қазіргі заман тарихы

11 сынып - Қазіргі кезге дейінгі КСРО тарихы; Қазіргі заман тарихы, II бөлім

Бүл жерде Отан тарихы топтау қағидасы бойынша, ал жалпы тарих — аз ғана ауытқудан басқа — қайталамау қағидасы арқылы қүрылды.

50-жылдардың соңында тарихи-әдістемелік ой психологиялық-педагогикалық ғылымдармен байланысын нығайту багатында дамыды. Оқу мен оқытудың тәсілдері, материалды мазмүндау әцгіме жүргізу, карта, картиналарды пайдалану төсілдері жетілдірілді. Бірақ, оқушының сабақта не істейтіні, тарихты қалай танитыны белгісіз болып қала берді.



Мектепте тарихи білім берудің теориясы мен практикасын жетілдіру (1960-1980 жж).

Бұл кезенде тарих окулығының міндеті мен қызметі озгеріске түсті. Ол сабақта оқығанды бекіту үшін ғана емес, сонымен бірге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуте, курстың мазмүнын қорытып, жүйелеу үшін де қажет бола бастады. Бүл міндеттерді іске асыруға оқулықтағы кестелер, сүлбалар, анықтама материалдар, қүжаттар мен безендендіру көмектеседі. Солар бойынша оқулықтың тақырыбы, параграфынан сүрақтар мен тапсырмалар туындайды.

1965 жылы майда КОКП Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің "Мектептерде тарихты оқыту төртібіндегі озгерістер туралы" қаулысы тарихты оқытудың қүрылымына елеулі озгерістер енгізді. Ең бастыларьшьщ бірі ретінде алғаш рет одақтас республикалар тарихыньщ оқу бағдарламасына енгізілуін айтуға болады. Бүл қаулы мектептерде Қазақстан тарихын оқытуға жол ашқан үлкен мүмкіндік еді.

Мектептегі тарих курсыньщ қүрылымындағы ендігі өзгерістер міндетгі түрде орта білімге көшумен байланысты жүзеге асты.

60-70 жылдары тарихи білім берудің мынадай қүрылымы орнықты.

19 Тарихи білім беру қүрылымы (1967-1993 ж.ж.) 5-сынып — Отан тарихының эпизодтық эңгімелері (2 сағ.) 6-сынып — Ежелгі дүнис тарихы (2 сағ.) 7-сынып — Ортағасырлар тарихы (2 сағ.) 8-сынып — Отан тарихы ХҮІІІ ғ. соңына дейін (2 сағ.) 9-сынып — Жаңа тарих I бөлім; XIX ғ. Отан тарихы (3 сағ.) 10-сынып - Жаңа тарих II бөлім; Отан тарихы XX ғ. Басынан 30-жылдарға дейін; қазіргі заман тарихы 30-жылдардың соңына дейін (4 сағ.)

11-сынып — Отан тарихы қазіргі кезге дейін; қазіргі заман тарихы осы кезге дейін

Бүл білім қүрылымы 1993 жылға дейін сақталды. Жалпы білім беретін мектептерде тарих пөніне аптасына 18 сағат, жылына 612 сағат (оның 313-і Отан тарихына, 299-ы шстслдің тарихыпа) бөлівді.

60-70 жылдары тарихты оқыту әдістеиесін А. А. Вагин, Д. И. Никифоров, Н. Г. Дайри, П. В. Гора, П. С. Лейбенгруб, Ф. П. Коровкин СИЯҚТЫ ғалымдар одан әрі жалғастъірды. Тарихты оқыту әдістемесінің дамуы мүғалімнің оқушыларды оқытудың тиімді жоддарын іздестіруіне өдістемелік көмек көрсететін қүралдар мен тесілдерді жасауға багытталды. Оқуілылардың білімді өз бетіншс игеріп, өскелең ақпараттар ағынында бағдар таба алуға үйрету басты мақсат етіп қойылды. Дидактикада оқушылардың оқу процесіндегі дербестігі мен белсенділігін, оқыгудың төрбиелік релін сабақтың тиімділігін арттырып, көкейтесті мәселелерді оқытуды терендетуге багытталғаи зерттеу жүмыстары атқарылды. 60-80 жылдары оқушылардың дербестігі мен белсенділігін дамьпу оқытудың мақсатына айнадды. Олардың танымдық әрекетін жандандыру, дағдыларын, жүмыс төсіддерін қалыптастыруға көп көңіл бөлініп, дамыта оқыту мәселесі кетерілді.

•80 жылдардың соңында бүрынғы қоғамдық қатынастар жүйесінің ыдырауына байланысты білім беру жүйесі дағдарысқа үшырады. Қоғам дамуьіның жаңа бетбағытына жауап беретіндей білім берудің жаңа құрылымын іздестіру басталды.


Еліміздің өдіскер ғалымдары (Т. Тұрлығұл, Б. Адырбек, А. Көпекбай) өдетте, пөннің ерекшелігіне қарай 7 мен 10-ның арасында оқу-өдістемелік құрал қажет деп есептейді. Мысалы, тарих пөнінен терең әрі тиянақты бідім алу үшін 7-8 әдістемелік құрал қажет. Олар: оқулықтар, өдістемелік материалдар, дидак-тикалық материалдар (оқу карталары, түрлі кестелер мен сызбалар, корнекі қүралдар, хрестоматия, оқу кітабы, «сөздік жене т.б.) Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 ж. 26 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайыңдау жөне басьш шығарудың мақсатгы бағдарламасы" деп аталатын қаулысы негізінде мектептерді жаңа буын І Ікулықтармен қамтамасыз ету, оқу-өдістемелік кешенді жабдықтау Ісі жүзеге асырылуда. Білім министрлігі өткізген бөйгенің қорытындысы бойынша 2000-2002 жылдары 5-9 сыныптарға 18-20 пәннен 120 оқулық, 360 қосымша оқу-әдістемелік қүрал дайындалып, республикадағы 80-ге жуық эксперименттік мсктептерде сынақтан өткізуге жіберілді. Олардың сынақтан сәтгі өткендері мипистрлік тарапьшан мақүлданьш, бүкіл республика мектептеріне ок,ытылуда. Мысалы, 5-6 сыныптардың тарих оқулықтарына к.осымша шығарылған "Әдістемелікбасшылық", "Дидактикалық материал" жөне "Жұмысдәптері". Оларға қосымша С.Жоддасбай, К,. Адамбосынов, Ә. Көпекбай, С. Мәшімбаев, С. Тортаев, М. Мәженовалардьщ 7 сыныпқа арналган оқулығы мен хрестоматиясы және әдістемелік құралдары жарық көрді. Бүл оқулықтар мен оның құрауыштары сынақтан сөтті өтіп, мектептерге жолдама алды.
Өзіндік бақылау сұрақтары.

1. XX ғасыр басындагы тарихи білім беру жайлы не білесің?



2.1917-1930ж.ж. тарихи білім берудің басты ерекшеліктері неде?

3. Тарихтың дербес курстарының енгізілуінің қандай маңызы болды?

4. 60-80 жылдары қалыптасқан тарихи білім беру қүұрылымының мазмұнын қалай түсінесіз?

5. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесіне үлес қосқан қандай әдіскер-педагогтарды білесіз?


Дәріс тақырыбы: Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі.2 сағат.

Мақсаты: Мектепте Қазақстан тарихы курсының ғылыми негізіндегі құрылымы, сипаттамасы, Қазақстан тарихы курсының негізгі ұғымдармен дүниетанымдық идеялары және ұлтаралық қатынастар мәдениетін игерту, адамгершілік және гуманистік мораль нормаларының мүмкіндіктері. Өлкетану материалын зерттеуінде әдіскерлік жүйесі жайлы білімді меңгерту

Жоспар:

  1. Мектепте Қазақстан тарихы курсыныц ғылыми негізіндегі құрылымы, сипаттамасы.

  2. Қазақстан тарихы курсын оқытуды әр жыл бойынша бөліп оқыту: әр курсты оқытуға бөлетін уақыт.

  3. Қазақстан тарихы курсының негізгі ұғымдармен дүниетанымдық идеялары.

  4. Қазақстан тарихы курсының ұлтаралық қатынастар мәдениетін игерту, адамгершілік және гуманистік мораль нормаларының мүмкіндіктері. Өлкетану материалын зерттеуінде әдіскерлік жүйесі.

Қазіргі кезең мектепте тарихты оқытуға көзқарасты өзгертумен сипатталады. Бұл өзгерістердің басты бағыттары мыналар болып табылады:



  • Отандық тарихты оқытудың басымдылық рөлі;

  • Отандық тарихты әлемдік даму контекстінде оқыту;

  • ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру;

  • тарихи білімнің тұлғалық бағдары, догматикалық нышандардан бас тарту;

  • мектептік тарихи білімінің нәтижеге бағдарлануы, оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдік процестің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік модельді қалыптастыруға бағытталады;

  • мектепте тарихты оқытуға біртұтас көзқарас қалыптастыру, бұл тарихты оқып үйренуге формациялық және өркениеттік тұрғыдан қаруды ұштастыруға негізделген тиісті;

  • формациялық тұрғыдан қарау тарихи даму кезеңдерінің сабақтастығы мен ішкі байланыстарын бейнелейді, әлеуметтік – экономикалық процестерді логикасын түсінуге мүмкіндік береді.

  • Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тарих пәнінің білімдік, танымдық және тәрбиелік рөлін күшейту.

  • Отандық білім жүйесін әлемдікбілім кеңестігіне енгізу ауқымында оқушылардың гуманитарлық дайындығының деңгейін көтеру.

Тарих білім мазмұнын анықтауға қойылатын талаптар мектептік тарих курсына бөлінген оқу уақытының жалпы көлемін, оқушылардың жас шамасы және психололгиялық ерекшеліктерін ескере отырып анықталады.

Білім берудің іс -әрекеттік сипаты тарихты оқытудың әдістерін ұйымдастыру формаларын қайта құруды талап етеді. Қайта құрудың мәні оқушылардың өзіндік жұмысының басымдық рөлін күшейту. Оқушылардың өзіндік жұмысы: ұжымдық жұмыстар, брэйнсторинг, рөлдік ойын, дебаттар, жобаларды қорғау, сөздік пинг – понгтар, жазбаша жұмыстар (эссе, шығарма, рефераттар және т.б.) дайындай түрінде іске асырылады. .

5 – 10 сыныптарда тарихты оқытудың мазмұны мен мақсаты – міндеттері төмендегі шешуші біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталған:

Саяси және әлеуметтік - оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешен қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығына белсенді түрде бейімделу қабілеті;

толеранттылық - басқа ұлттардың салт – дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тұлға аралық қатынастағы тіл табысушылық;

Когнитивтілік - өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу, түсінігін білдірі, нақты өмірдегі оқиғалардың себеп – салдарын өздігінен тану;

дүниетанымдық - әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы әлеуметтік орын дұрыс таба білу, отаншылық, қазақ халқының тарихы мен салт – дәстүрін, адамның құқықтары мен демократиялық принциптерін құрметтеу.



Тарих білім берудің құрылымы.

5 сынып.

Қазақстан тарихы (элементарлық курс)

Жалпы тарих (элементарлық курс)

6 сынып

Ежелгі Қазақстан тарихы



Ежелгі дүние тарихы

7 сынып


Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V – ХVғғ.)

Орта ғасырлар тарихы (V – ХV ғғ.)

8 сынып

Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (ХVІғ. – 1918ж)



Жаңа заман тарихы (ХVІғ.- 1918ж)

9 сынып

Қазіргі заман Қазақстан тарихы (1918ж. – 1990ж.)

10 сынып


Қазақстан Республикасының тарихы (1991ж.–бүгінгі күнге дейін)

Қазіргі заман тарихы (1991ж – бүгінгі күнге дейін)

Қатар жүретін пропедевтикалық курстар отандық және дүниежүзілік тарих бойынша қарапайым түсініктер қалыптастыру міндетін орындауы тиіс. Бұл курстарда кейбір жаңа ұғымдар мен терминдер, тарихи уақытты өлшеу негіздері, Қазақстан мен шетелдер тарихының жекелеген тарихи оқиғалары мен құбылыстары оқытылады.

«Қазақстанның ежелгі тарихы» курсында – Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік жүйеге ерекше назар аудару арқылы қазақ жеріндегі тарихи процестердің адамзат өркениетімен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде дамығандығына, біздің жерімізде мемлекеттік институт жүйесінің ерте заманда – ақ пайда болғанына көңіл бөлінеді.

Міне осындай маңызды мәселелерді оқушыларға тереңірек түсіндіру оқушылардың алғашқы адамдар мен өмір тіршілігі, дүниетанымы мен әрекеті жөнінде нақты білім алуға септігін тигізбек.

Орта ғасырлар тарихының, жаңа тарих және қазіргі заман тарихының хронологиялық шектерінің өзгертілуі адамзат тарихы дамуының өркениеттік тұжырымдамасын меңгеру нәтижесінде жеткен тарих ғылымының жаңа жетістіктеріне негізделген.

Орта ғасырлар тарихи курсында V ғасырдан ХV ғасырлардың аяғына дейінгі дәстүрлі қоғамның дамуы, гүлденуі және дағдарысқа ұшырауы оқытылады. «Қазақстанның орта ғасырлар тарихы» V – ХV ғасырларда қамтиды. Еуразия кеңестігінде батыс пен шығысты ұштастыратын аймақты мекендегі байырғы түркілер әр түрлі өркениет жетістігін бойына сіңіре алды. Сондықтан орта ғасырлар тарихы Қазақстан аумағында бірін- бірі алмастыра отырып, өмір сүрген көптеген мемлекеттер тарихын оқытады. .

Жаңа тарих ХVІ ғасырдан 1918 жылға дейінгі уақытты қамтиды, бұл кезеңде дәстүрлі қоғамнан индустриалдық өркениетке өту іске асады. Әлемдік тарихи ой мен ғалымда жаңа заман «қазіргі», яғни, индустриалдық қоғамның қалыптасу дәуірі ретінде қарастырылады.

Қазіргі заман тарихы – бұл посиндустриалдық қоғамның қалыптасуы мен дамуы және одан ақпараттық қоғамға өту дәуірі.

1918 жылы – бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған жылы, жаңа дәуірден қазіргі заманға өту аралығы ретінде алынған.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында ақпараттық қоғамға өту процесі басталды. Бұл Кеңес Одағының ыдырауымен, Шығыс Еуропада социалистік режімнің жойылуы мен, Жаңа тәуелсіз мемлекеттердің, және әлемдік дамудың жаңа құбылыстары мен процестерінің пайда болуымен байланысты.

1918 жылдан бастап қазақ халқының ұлт – азаттық күресі саяси партия басқарған, арнаулы бағдарламасы бар саяси қозғалысқа айналды.

«Қазақстан Республикасының тарихы» курсында Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан қазіргі кезеңге дейінгі оқиғалар қамтылады.

6-10 сыныптардағы тарих курстарының мазмұны оқу уақытының көлеміне, отандық тарихты дәуірлеудің жаңа жүйесіне сәйкес анықталады.

Тарихи білім мазмұнын анықтаудағы вариативтілік 11-12 сыныптарда қолданған дұрыс, өйткені онда сыныптардың оқу процесінде тарихтың алуан түрлі қырларын ашатын, тарихты оқып-үйренудің әр түрлі әдіснамалық тұжырымдарын, тарихи процесс пен тарихи танымның теориялық мәселелерін түсіндіретін бейіндік және факультативті курстар басым орын алады.

Тәрбие - қоғамның негізгі қызметтерінің бірі, жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі буынға меңгертіп, олардың сана-сезімін, жағымды мінез-құлқын дамытушы. Ересек буын қоғамдық-тарихи өмірде жинақталған тәжірибені, білімді жас буынға тәрбие процесі арқылы береді.

Тәрбие материалдық игіліктерді өндіруге қабілетті, іскер адамдарды дайындауға бағытталуы қажет. Басты өндіруші күш - жеке түлға. Адам жүйелі түрде күрделі қатынастарға араласып, қоғамдағы қалыптасқан идеяны, саяси және моральдық көзқарастарды, сенімдерді қоғамдағы адамдардың өмір сүру тәртібін меңгереді.

Дүниетаным - тәрбиенің маңызды міндеттерінің бірі. Дүниетаным - адамның табиғат пен әлеуметтік орта, қарым-қатынас, іс-әрекетінің бағыты туралы көзқарастары. Дүниеге көзқарас - ғылым негізінде дүниенің даму заңдылықтарын танып білу.

Ақыл-ой тәрбиесі - оқушылардың ойлау қабілетін, дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, ғылыми білім жүйесін меңгерту. Ақыл-ой тәрбиесінің басты міндеттері: оқушыларды табиғат және қоғам жайындағы ғылыми білімдермен қаруландыру; ойлау қабілеттерін жетілдіру арқылы (абстрактылытілі, ой операциялары-талдау, синтез, салыстыру, жинақтау, саралау, т.б.) таным іс-әрекетін (іскерлік, дағды, бақылау, жазып алу, өзін-өзі бақылау, т.б.) дамытып, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері: гуманизм, адалдық, батылдық, төзімділікті қалыптастыру; адамға сүйіспеншілік, құрмет, қайырымдылық сезімін дамыту; оқушыларды өз міндетіне, өзгенің мүддесіне байыпты қарауға үйрету; өз Отанын сүюге, ұлттар достығын қүрметтеуге тәрбиелеу;

Тарих курстарының, демек, Қазақстан тарихының да сабақтарында оқытылатын тарихи материалдың бәрі дерлік тәрбиелік мақсатқа пайдалануға колайлы. Өйткені тарих адамзаттың басынан өткізген тарихи-мәдени тәжірибесін, алдымен күндылыктарын оқытып үйретуді мақсат етеді.

Қазакстан тарихының барлык сабактарының алдына белгілі бір тәрбиелік міндет қойылады десек, мұның өзі тарихшы мүғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі деген сөз.

Қазакстан Республикасы азаматтарын тәрбиелеу мәселесі казіргідей мемлекеттік деңгейде колға алынып отырғанда, бұл істе мектеп шешуші орын алатыны белгілі. Бұған барлык пәндер үлес косуға міндетті.

Мұндай маңызды міндетті ойдағыдай орындау, әрине, алдын ала дайындыкты талап етеді. Ол үшін мұғалім өзі сабақ беретін сыныбы аныкталысымен, сонда окытылатын тарих курстарының Мемлекеттік білім стандартымен, оку бағдарламаларымен, окулықтарымен, оқу-әдістемелік кешенімен, баска да құралдармен танысуы тиіс. Егер де сол сыныптағы тарих курсын окыту туралы әдістемелік кұрал болса, онда міндетті түрде курсты окытудағы тәрбиелік міндеттерді жүзеге асырудьщ әдістемелік жолдары немесе жеке сабактардың тәрбиелік міндеттерін жүзеге асырудың әдістемесі қарастырылады. Бұл құралдармен де жаксылап танысып алу кджет. Сабақтың тәрбиелік міндетін толық жүзеге асыру үшін мұғалімге қосымша материалдар пайдалануға тура келеді. Келесі жұмыс— кандай тақырыптарды өткенде кандай қосымша материал қажеттігін аныктап, оларды күнтізбелік жоспар жасағанда арнайы бағанада корсетіп кою.

Ең негізгі жұмыс жеке сабақ жоспарларын жасағанда және сабақты ұйымдастырып өткізгенде жүзеге асады. Сабақтың тәрбиелік міндетін аныктау өтілетін такырыптың мазмұнына байланысты. Кейбір сабакта тарихтың бірнеше жағы: мәселен, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалык жағдайлар, ал ұлт-азаттық козғалыс болса азаттық, тәуелсіздік жолындағы күрес, жеке кайраткерлердің қызметі баяндалады. Мұғалім сабактың тәрбиелік міндетін аныктағаннан кейін, окулыкта берілген материалды саралап, оның сол өткелі отырған сабактың тәрбиелік міндетін қаншалықты жүзеге асыруға жеткіліктігін шамалайды. Егер оқу материалы жеткіліксіз болса, онда қосымша материалды карастырады, оны негізгі оқу материалының кай кезеңінде, кай әдіс, тәсілдің кемегімен пайдаланатынын белгілейді. Қазақстан тарихыан косымша материалдың жеткілікті екенін мүғалімдер жақсы біледі.

Тарих сабағында окушыларды тәрбиелеудің арнайы немесе ерекше әдісі жоқ. Негізінен, бүрыннан белгілі окыту әдіс-тәсілдері: әңгіме, баяндау, әңгімелесу; картаны, түрлі көрнекті құралдарды, тарихи көркем әдебиетті, тарихи құжаттарды, өлке материалын пайдалану; интерактивті әдістер, оқулыкпен, мерзімді баспасөз материалымен жүмыс істеу сияқтылар пайдаланылады. Окушылардың өздігінше аткаратын жұмыстарын ұйымдастырып, ездеріне тәрбиелік мәні бар корытындылар жасату да тиімді.

Осы және басқа да әдіс, тәсілдерді тәрбиелік мақсатқа пайдалануга койылатын негізгі талап — қолданған әдісіміз окушылардың жүрегіне, сезіміне, ішкі жан-дүниесіне эсер етуі, оларды толғандырып, тебірентуі, олар өздерін сол баяндалып түрған оқиғаға катысып жүргендей сезінуі тиіс. Өтіліп жаткан тарихи фактінің, құбылыстың мазмұн-сипатына қарай оқушылар көңілденіп, шаттанып, оларда мактаныш сезімі байқалса немесе олардың қамығып, ренжіп, дұшпанға, шапкыншыға деген жек көру, тіпті, кек алу сезімі пайда болса ғана мұғалімнің тәрбиелік максатта қолданған әдіс-тәсілдері нәтиже берді деуге болады. Өйткені мұғалімнің майын тамыза айткан әңгімесі, тарихи романнан оқылған, баспасөзден пайдаланылған үзінділері, мұғалім әңгімесі бойынша экранда етіп жаткан кадрлар, сәулетгі ғимаратты суреттеп, сипаттаған көркем сөз, оқушылардың белгілі тарихи күжатпен ездігінше жүмыс істеп, өздерінше баға беріп, қорытынды жасауы, ақын-жыраулар, ауыз әдебиеті шығармаларынан келтірілген үзінділер, қайраткерлердің, ғалымдардын, үнтаспа аркылы берілген жігерлі сездері, т.б. окушыларға эсер етеді, оларда терең із қалдырады, оның үстіне осындай әдіс-тәсілдердің көмегімен түсіндірілген тарихи материал оқушылардың есінде берік сакталады.

Күнделікті окытылатын тарихи материалды алдын-ала, әрі қажетті дайындыкпен тәрбиелік максатка тиімді пайдалансақ, жұмысымыз нәтижелі болады. Мұғалім шәкіртімен тығыз ынтымактастык катынас орнатса, олардың жүріс-тұрысын, мінез-құлкын, білімнің өсуін, т.б. ерекшеліктерін үнемі назарда ұстаса, шәкірттерінің тәрбиесінде болып жаткан өзгерістерді өзі де байқайды. ¥стаз бұдан тиісті қорытынды жасай отырып, өзінің осы бағытта жүргізіп жатқан жүмыстарын одан әрі жетілдіре түседі.



Дәл казір мектепте тарихтан сабақ беретін тарихшы мұғалімді коғам кайраткері десе артық емес. Өйткені бір мұғалімнің алдынан бір оку жылында 200-250 окушы етеді. Ал елімізде жиырма мыңға жуык тарихшы мүғалім бар екенін ескерсек, олардан каншама мындаган жастар тәрбие алады. Бұл жастар — коғамның болашак құрылысшылары. Қоғамның тағдыры солардың қолында. Ендеше жас ұрпакты заман талабына сай тәрбиелі етіп дайындау — аса маңызды міндет. Үлы ғүлама ғалым Әл-Фараби айткандай тәрбиесіз білім адамзат жинаған кұндылыкка зиянын тигізеді. Жоғарыда айтылған, маңызды міндетті орындауға тарихшы мүғалім комакты үлес коса алады. Өйткені ол бүкіл адамзат жинаған өркениетті окытып үйретеді.
Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан тарихын оқытудың білімділік міндеті қандай?

  2. Қазақстан тарихын оқытудың тәрбиелік міндеті қандай?

  3. Қазақстан тарихын оқытудың дамытушылық міндеті қандай?

  4. Қазақстан тарихы мектепте нешінші сыныптан бастап оқытылады?


Дәріс тақырыбы. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық оқытудың ерекшеліктері. 2 сағат.

Мақсаты. Пән және курс мақсаты, негізгі оқу материалы, негізгі проблематика. Қазақ мемлекетінің құрылу тарихы, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының хронологиялық шегі ,сабақ жүргізу, мұражайлар мен көрмелердің мүмкіндіктерін пайдалану жайлы білімді меңгерту

Жоспар:

  1. Пән және курс мақсаты. Негізгі оқу материалы. Негізгі проблематика. Қазақ мемлекетінің құрылу тарихы.

  2. Көшпепді дала цивилизациясының мәнін (маңызын) ашып көрсету.

  3. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының хронологиялық шегі (рамкасы).

  4. Сабақ жүргізудің интерактивтік түрі. Қосымша мөліметтер. Хрестоматиялар.

  5. Мұражайлар мен көрмелердің мүмкіндіктерін пайдалану.

Пән , курсаралық,курсшілік байланыстарды жүзеге асырудың әдістемелік жолдары. Мұғалім сабаққа дайындала отырып, пэн, курсаралық , куршілік байланысты жүзеге асыратын қай жерінде, қалай етіп жүзеге асыратынын белгілейді. Ең тиімді әдіс оқушылармен әңгімелесу, осы арқылы олардың басқа пэннен, тарих курстарынан, немесе осы курстың өзінен, бүрын оқыған, немесе қазір оқып жатқан мэселелері еске түсіріледі.Оқушыларға берілетін сүрақ оларды ойландыратындай, кейде проблемалық сипатты да болуы керек.Әңгімелесу әдісінің артықшылығы оқушыларды ойландырады, бү_рын алған білімдерін қайта еске түсіріп, жүйеге келтіреді, олардың білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, оқушылар бір-бірін толықтырады, көбі қатысады.Әрине бүл әдісті пайдалану сыныптың дайындық дэрежесіне байланысты.Демек, барлық сыныпта бірдей, әрі үнемі пайдалануға болмайды деген сөз. Мұндай байланыстарды жүзеге асыруға оқулық мәтіні, тарихи қүжат, көркем эдебиет үзіндісі, тарих дэптеріндегі жазулар, кестелердегі сандық мәліметтер, оқу фильмдерінің үзінділері т.б. қүралдар көмектеседі.Сыныпта қйындық туса жүмысты жеңілден бастап, мүғалім үлгісін көрсетіп, бірте-бірте күрделендіруі тиіс.

Егер де пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде мүғалім белгілі бір үғыммен жүмыс істеитін болса оған алдын ала назар аударған дүрыс. Тарих сабақтарында көбірек кездесетін үғымдарды үш топқа бөлуге болады олар: белгілі тарихи дэуірге тэн жеке нақты тарихи қүбылыстарды білдіретін ұғымдар мэселен, терімшілер, тас қүралдар, ру т.б.Бүлар онша күрделі емес, көбін бір сабақта - ақ толық түсіндіруге болады.Екінші топқа жататындар жалпы тарихи үғымдар, олар нағыз тарихи үғымдар болып есептелінеді.Бүлардың қатарына , қүлдар, шаруалар, эскери демократия, хан, бай, феодал сияқтылар жатады.Бүлар бірнеше сабақтарда түсіндіріледі жэне біртіндеп жаңа белгілермен толыға түседі. Үшінші топқа жататын ұғымдар элеуметтік тарихқа қатысты үғымдар. Бүлар тарихи үрдістің жалпы байланыстары мен заңдылықтарын корсетеді. Мэселен тап, мемлекет, мэдениет, өндіргіш күштьер, өндірістік қатынастар осындай үғымдар. Бүлар күрделі үғымдар қатарына жатады жэне бүкүл тарих курсында кездесіп отырады. Бүларда қоғамдық кү-рылысқа, оның даму кезеңдеріне байланысты жаңа белгілермен күрделене түседі. Бүл үғымдар қоғамтану, қүқық негіздері, экономикалық география пэндерінде де кездеседі.

Қоғамдық негізде ұйымдастырылған мектеп мұражайлары балаларда жоғары адамгершілікті қалыптастыруда, қоғамдық саяси белсенділікті дамытуды, жалпы білім шеңберлерін кеңейтуді өзіне басты мақсат етіп қояды. Мектеп мұражайларын ұйымдастыру процесінде оқушылар өлке тану жұмысына қатыстырылады, өз өлкесінің табиғат байлықтарын, халықтың экономикасын, тарихын оның революциялық, жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін зерттеп біледі. Мектеп мұражайы балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Оқушылар әдебиеттермен, анықтамалармен, документтермен жұмыс істейді, архив материалдармен танысады, материал жинауда халықтың көмегімен сұрайды, байқау, талдау жасауды үйренеді, тәжірибе алмасады, өз білімдерін ортаға салады үйренеді, еңбек мәдениетенің дағдыларына ие болады. Мұражайда жұмыс істей жүріп балалар практикада қолдануды үйренеді. Мектеп мұражайларының сабаққа қолданатын документті материалдарын оқу процесінде жандандырады, оның мазмқнын нақтылай түседі, білімді тиянақты меңгеруге көмектеседі, оқушыларға үлкен эмоциялдық ықпал жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет