Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы



бет153/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd
tarih oket odistem umkd
Негізгі ұымдар: көріністер; тарихта болған фактілер жөнінде көріністер; тарихи кезеңдерді бейнелеу.
Мақсаты: Білімді дамытуға жәрдем жасау, тарихи білім құрылымында қажетті элемент ретінде тарихи құбылыстарды тудыру.


Жоспар:
1.Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері және тарихи білімнің қалыптасу процесіндегі ролі.
2. Оқушылаға тарихи құбылыстарды тудырудағы әдістер.
3. Тарихи кеңістікпен уақыттағы, өткен практикалар жөніндегі құбылыстарды тудыру жолдары.


1.Тарихи құбылыстарды елестетудің түрлері және тарихи білімнің қалыптасу процесіндегі ролі. Тарихи құбылыстарды тудырудағы жүйелілік-құрылымдық тәсіл.XXI ғасырдағы тарих пәні – жалпы адамзат алға басуындағы әр мемлекеттің болашағы үшін өз патриоттарын даярлаужолындағы басты бағыт беруші пән.
Тарих пәні небір тамаша фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды және тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды. Осылардың бәрі олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.
Қазіргі уақыттың экономикалық қиыншылықтарына қарамастан мектеп оқушыларына білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Бұл түсінікті де. Басты міндеттің бірі – орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылым мен техниканың шапшаң дамуына ілесуі, осы салада ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып, меңгеруі, олардың өзі қызмет ететін салаларына қатыстырылатын іс жүзіне асыра білуі тиіс. Демек, бұл оқушыға мектеп оқулықтарындағы фактілерді, қағидаларды, яғни ғылыми, техникалық, саяси, эстетикалық, т.б. білімдер негізін біліп, меңгеріп қою аз деген сөз. Бұларға қоса ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ әлемдік құрылым қалыптсауының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, танымның заңдылықтарын игеруі тиіс. Сонда ғана жас азамат тасқындап ағып жатқан ғылыми-техникалық өзгерістерге белсене араласа алады.
Мектеп оқушыларына – Қазақстан Республикасының болашақ азаматтарына терең білім беру, оларды жан-жақты дамыту, Отанына, халқына, туған жеріне адал қызмет етуге тәрбиелеу мәселелеріне үстіміздегі жылы өткен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым қызметкерлерінің II сиезінде де баса назар аударылды. Осы сиезде сөйлеген ел Президенті Н.Назарбаев біздің жастарымыз мектеп қабырғасында да, келешекте өмірге араласқаннан кейін де өз білімін өзі үнемі толықтыра алатындай дәрежеге жетуі тиіс деді («Егемен қазақстан», 3-ақпан, 2001 ж.).
Жоғарыда айтылғандар, оларда қойылған міндеттер мектептегі оқу үрдісінде оқушылардың ойлау, таным қызметін барынша дамытқанда ғана жүзеге асатыны белгілі.Бұл бағытта жинақталған тәжірибе де баршылық. Кеңестік дидактикада 50-жылдардың аяқ кезінен бастап жүзеге аса бастаған оқушының ойлау қызметін дамыту теориясы уақыт өткен сайын жетіліп, кемелдене түсуде. Бұл салада жақсы нәтижеге жеткен мектептердің тарихшы мұғалімдеріде баршылық.
Қазір мектептік тарих пәнін оқытудың мақсаты өзгергені, осыған байланысты оқытудың міндеттерінде де, білім мазмұнын іріктеудеде маңызды өзгерістер болғандығы белгілі. Осыған байланысты кейінгі кезде оқытылатын тарихи материалдың құрылымын жүйелеу деген тәсіл пайда болды. Мұны дұрыс түсіну үшін мыналарға назар аударуымыз керек. Тарих бағдарламасымен оны басшылыққа алып жазылатын оқулыққа енгізілген материалдың бардығы белгілі жүйемен орналастырлады.Ендеше біз әңгіме еткелі отырған жүйелеудің ерекшелігі неде? Мұнда мұғалім күнделікті оқу материалдарын оқушылардың ойлау, таным қызметін одан да дамытуға тікелей әсер ететіндей етіп өз қалауынша қайта құруы тиіс. Мұны, басқаша айтқанда, танымды дамыту тәсілі деуге болады.
Кейінгі кездері білім беру саласында жүйелеу тәсілін қолдануға баса назар аударылуда. Бұл проблемаға бірқатар ғалымдар арнап еңбек жазды. Т. Галиев (Системный подход к интисификации учебного процесса. Алматы, Ғылым, 1998 ж) оқыту үрдісін интинсифтендірудегі жүйелеп оқыту технологиясын қолданудың маңызын жан-жақты ашып көрсетті. З.А.Решетова (Психологические основы профессионального обучения. М., 1995 ж.) – қазіргі ғылымда жүйелеу тәсілін қолдану теориялық білім жасаудың жолдарын, объектідегі таным қозғалысының схемасын, зерттеу пәнін және оны баяндау тәсілін, пән туралы білімнің құрылымын, ғылыми ойлаудың және де ғылымның ұғымдық құрылысын өзгертеді дейді. В.Я.Дашковский жеке пәндерді оқытуға жүйелілік тұрғыны пайдалану – оқушыларды оқыту үрдісін оңтайландырудың қажетті шарты, ол педагогикалық үрдістің мәнін (жүйесін, мазмұнын, категориялар жүйесін) ашып көрсетеді дейді. В.Н.Садовский, И.В.Блаубенрг пен Э.Г. Юдин, В.Ф.бамарин, В.П.Беспалько еңбектерінде де оқытуда жүйелілік тұрғыны пайдалану сан түрлі қырынан қарастырылады.
Жоғарыдағы ғалымдар жасаған қорытындыларға және оқыту тәжірбиесіне сүйене келіп, тарих пәнін оқытуда жүйелеу тұрғысы мына жағдайларда қолданылады деуге болады:
- тарихи құбылыстың өмірде ерекше көрініс табуын баяндағанда;
- тарихи фактіні талдаған кезде, ол туралы пікір алысуға ерекше
қызығушылық туғанда, әсіресе оның басқа фактілермен белгілі заңдылықтарға байланысты тәуелділігі туралы пікір алысқанда- құбылыстың алғышарттарын, шығу себептерін, дамуын,маңызын, салдарын анықтағанда;
- тарихи құбылыстардың мәні мен шығу көздерін талдағанда олардың пайда болуы мен дамуының әлеуметтік салдарын іздегенде;
- белгілі тарихи құбылыстардың қайталанатындығы негізінде тарихи үрдісті танып білу сенімін қалыптастыруда, кеңістікпен уақыт жөнінен бір-бірінен алыс жатқанына қарамастан ұқсас жағдайлардағы даму тенденциясының бірдей болатындығын дәлелдегенде;
- тарихи құбылыстар мен соған байланысты үрдістердің заңдылығын анықтауда; жеке тарихи құбылыстағы жалпы заңдылықтың белгілерін табу кезінде, тарихи заңдылықтың ерекшеліктеріне назар аударғанда;
- тарихилық ұстанымы тұрғысынан құбылысты танып біліп, оны зерделеп, оның даму кезеңдері мен дәуірлерін анықтауда;
- әрбір тарихи құбылыстың даму тенденциясын айырып көрсеткенде.
Жүйелеуге қатысты барлық элементтер өзара байланысты болады, жүйелеу кезінде олар бір-біріне ұласып, бір-біріне жағдай жасайды.
Осы айтылғандарды ескере келе тарихи материалдарды жүйелеу тұрғысынан қарастыру деген ұғымды: тарихи таным әдісінің ерекшелігіне байланысты жүйелеудің реттелген жалпы өлшемдері мен ұстанымдарының көрінісі деуге болады.
Жүйелеу және құрылым ұғымдары өзара тығыз байланысты. Бірінсіз бірінің күні жоқ деуге болады. Құрылым дегеніміз – құрылымдағы жүйе бөлшектерін ұштастыру тәсілдерін, тұтас объекті бөлшектерінің өзара қатынастарының тұрақты көрінісін, бөлшектер арасындағы жан-жақты байланыстарды білдіреді. Оқу материалын қайта жүйелеп, құрылымдау оның негізгі бөлшектерін және де олардың арасындағы елеулі байланыстарды анықтауды мақсат етеді. Оқу материалын жүйелілік тұрғыда құрылымдау материалды жинақтауға, көрнекілігін арттыруға, қарастырылып отырған жаңа ақпаратты көлемді түрде қабылдауға көмектеседі.
В.П.Беспальконың пікірінше, оқу пәнінің мазмұнын көрнекілік (схема түрінде) арқылы құрылымдау, бір жағынан, оқылып отырған саланы оқушылардың қабылдауын оңайлатса, екінші жағынан, қабылдау мен меңгеруді, зердені дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді. Егер оқушылар оқылатын материал бойынша құрылымдық сызбаны өздері жасаса, жаңа мағлұматты меңгеру дәрежесі жоғары болады.
Осы мақала авторларының бірінің бірнеше жыл мектепте жүргізген тәжірибесі құрылымдық сызбаларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, оқыту сапасын жақсартуға болатынын көрсетті.
Енді біз тарих сабағында күнделікті оқылатын материалды жүйелілік тұрғыда белгілі құрылымға келтіру әдісін пайдалану арқылы оқушылардың оқу, танымдық қызметінде жүйелілік, проблемалық, зерттеушілікті қалай жүзеге асыруға болатынына тоқталайық.
Алдымен құрылымдық сызбалардың қызметін анықтауымыз керек. Олар:
- Сызбадағы әрбір тармақ ілгері басудың сипатын, оның аймағын білдіреді, бірақ та ілгері басатын әрбір қадамды, яғни білім мазмұнын, оны іске қосу жолдарын оқушы өзі табады;
- Фактілер, жинақтаулар туралы нақты ақпаратты меңгертуге жағдай жасайды. Оқушыларға осы ақпараттарды жинақтаудың ең жоғары деңгейіне жетуі үшін оларға бағдар керек. Олай етпесек, білім бір-бірінен ажырап қалады, жеткілікті талқыланбайды. Құрылымдық сызбалар сол деңгейлерді, бағдарлауды көрсетіп береді;
- Оқушылар мәселені өздігінше шешуге кіріскенімен, білімнің қай салаға жататынын анықтай алмаса, сызба тірек болады, көмектеседі. Сызба стеротиптер қызметі қорының құрамдас бөлшегі болып табылады, онсыз шығармашылық жұмыс жүргізу мүмкін емес;
- Оқушыларда мұғалімнің түсіндіргенін дәл, әрі толық қайта айтып беру және өздігінше талдағанда да жақсы, толық айтып беру білігін қалыптастырады;
- Оқушылардың өздігінше танымдық қызметті ұйымдастыру, тәжірибелік және интеллектуалдық іс-әрекеттер біліктерін қалыптастырады;
- Ойлау қызметі дамытылады, дәлірек айтсақ, талдау және жинақтаудың көмегімен шындықтың тікелей және жинақталған бейнесі ұғымдар арқылы беріледі;
- Мынандай ойлау құралдары – талдау, жинақтау, абстракциялау, қорыту, нақтылау, салыстыру, жіктеу және жүйелеу қалыптастырылады.
Бірінші суретте берілген сызба оқушылардың танымдық, шығармашылық қызметінің белсенділігін арттырып, оларда жүйелі ойлау дағдысын қалыптастыру, оқытылып жатқан пәндегі білімді жинақтау арқылы оқытуды интинсификациялау жолымен мәселені шешуді көздейді.
Сызбанының құрамы мынадай. Орталық бөлімде негізгі теория бар. Берілген нақты материал ақпаратты тұтас қабылдауға қажетті (ғылыми, әдеби) деректемелер; зерттеу бөлімінде (салыстырмалы талдау арқылы тарихи оқиғаларды тереңірек оқып үйрену, рефераттар жазу, қосымша ғылыми деректемелерді, құжат материалдарын оқып, үйрену, т.б, көзделген) әсер етуші факторлар (тарихи оқиғаларға әсер еткен, барлық жағдайда ескерілуі тиісті объективтік және субъективтік факторлар), проблемалар (барлары, туындайтындары, негізгілері және қосалқылары) бар. Бұлармен қатар сызба қажетті графикалық иллюстрацияларды орналастыру мүмкіндігін де қарастырады.
Біз ұсынып отырған орта мектепте тарихты жүйелеп оқытуға негізделген әдістеме Қазақстан тарихы курсында пайдалануға өте тиімді, өйткені кез келген тақырыпта ұлттық ерекшелікті ескеруге, сабақты өмірмен байланыстыруға, проблемаларды зерттеуге, оларды шешуге, пәнаралық, курсаралық байланыстарды ашып көрсетуге қолайлы, яғни оқушыларда жүйелі ойлаушылықты қалыптастырады, демек танымдық қызметті дамытуға жол ашады.
Осы айтылғандарға нақты мысалдар келтірейік.
9-сыныптағы «XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті» тақырыбына бағдарлама бойынша 5 сағат уақыт бөлінген. Оны біз мынадай жоспар бойынша өтіп жүрміз.
1-панорамалы сабақ. Мұнда оқушылар XIX ғасырдыңекінші жартысындағы мәдениет дамуының жалпы бағыттарымен танысады. Сабақтың барысында тірек сигналдар мен логикалық сызба үлгісінде жасалған құрылымдық сызбаның орталық бөлігі толтырылады. Мұғалім оқушыларға баяндамалар мен рефераттар дайындау үшін тақырыптарды бөліп береді.
2-сабақ. Орыстың демократиялық мәдениетінің ықпалын, Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасын ашып көрсетуге және Ресейдің азаттық қозғалысының Қазақстандағы өкілдеріне арналады. Оқушылар әсер етуші факторларды толтыруға кіріседі, берілген нақты материалды талдайды, оқытылып жатқан тақырыптағы мәселелерді анықтауға кіріседі.
Екі оқушы «Шоқан Уәлихановтың өмір тарихы», «Ұлы Шоқанның мұрасы» тақы-рыптары бойынша баяндамалар жасайды.
3-сабақта халыққа білім беру мен әдебиет мәселелерін оқып үйренеміз; сыртқы факторлар мен мәселелерді анықтауды жалғастырамыз, Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев туралы хабарлар тыңдаймыз.
4-сабақ. Өнер мен музыкалық мәдениетке арналады. Сабақта мәселелік тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізіледі, құрылымдық сызба толтырылады, бүкіл тақырып бойынша берілген нақты материал талданады.
5-сабақ рефераттарды қорғау, құрылымдық сызбаларды толтыру жұмысын аяқтау, мәселелерді шешуге арналады.
Жаңа материалды оқу барысында тұтас жүйені пайдалану үшін оның мазмұнын білімнің тұтас жүйесін меңгеруге көмектесетіндей етіп қайта құру керек. Бұған мынандай екі бағытпен жетуге болады.
Бірінші бағыт – толық жүйені қарастыра отырып, оның құрылымын, яғни жүйенің жеке бөлшектерін, олардың өзара байланыстарын қарастыру.
Екінші бағыт – құрылымның бөлшектерін қарастыра және талдай келе тұтас жүйе объектісінің ерекшелікеріне сәйкес келетін білімдер жүйесіне біріктіру. Бұл бағыт (жол) бойынша білім жүйесін оқыту сызбасы – барлық байланыстар мен қатынастарды қамтитын бөлшектер жүйесі – ең жоғарғы жүйе.
Біз әңгіме етіп отырған тақырып бірінші бағытпен оқытылады. Алдымен оқытылатын объект күрделі жүйе болғандықтан оған жалпы ғылыми-теориялық сипаттама беріледі. Оны талдай келе оқушылар сипаттамаларды жүйенің жеке бөлшектеріне бөледі. Осы жұмыс барысында оқушылар әр түрлі әдіс, тәсілдердің көмегімен оқулықпен, анықтамалармен, кестелермен, көрнекі құралдармен, т.б. жұмыс істейді яғни ауызша баяндау, басқа да құралды қолданумен ұштасады.
Материалды баяндау итегралды болады, демек тұтас жүйені қамтитын оқулық мәтіні (5 параграф) негізгі қағидаларды түгел қамтиды. Осы тақырыптың соңғы сабағы оқушылардың осы жүйенің мәніне тереңірек бойлап, оның жеке бөлшектерін талдауға, олардың арасындағы байланыстарды түсінуге мүмкіндік береді. Бұл жүйенің құрылымын оқушылар анық дайындалған танымдық, тәжірбиелік тапсырмалар бойынша өздігінше орындай алады. Меңгерілген білімді, біліктер мен дағдыларды тексеру, бақылау жүргізіледі, жұмыс қорытындыланады, оның барысында жүйенің аса маңызды ерекшеліктері жинақталады, бірақ та ол алғашқы дәрежеде жүргізіледі, жүйенің ең жоғарғы иерархиялық сатысында өтеді.
Мұғалімнің міндеті тек қана білімді хабарлап, түсіндіріп қою емес, сонымен қатар меңгерту үрдісі мен оқушылардың оқу қызметін басқару. Ал оқушылардың міндеті жүйелі білімді меңгеру, оны игерудің, жетілдірудің, сақтау мен қолданудың тәсілдерін игеру, жеке тұлғаға қажетті сапаларды қалыптастыру. Оқыту үрдісінің қашан да мұғалімнің тақырыптың оқу-танымдық міндеттерін қоюдан, олардың оқушылардың қабылдауын ұйымдастырудан басталатыны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет