Тарихты оќыту єдістемесі пєнінен ж±мыс баѓдарламасы



бет69/203
Дата06.02.2022
өлшемі2,08 Mb.
#52193
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   203
Байланысты:
tarih oket odistem umkd

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Тарихты оқыту әдістемесі пәнінің тарихты оқыту әдістемелігінің басты объектісі және пәні ретінде. қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Қазіргі тарихты оқыту әдістемесі пәнінің пән ретіндегі өзекті проблемалары. Бүгінгі тарихты оқытудағы әдістемелік -танулық зерттеулердің жалпылама және өзіндік тәсілдері.


Е г е м е н д і Қ а з а қ с т а н н ы ң білім беру с а я с а т ы
«Қазақстан-2030» бағдарламасында келешекте жүзеге асырылуға тиісті, аса маңызды міндеттердің қатарына білім беру мәселесі де басты орындарда.
1995 жылдың шілде айында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес «Қазақстан Республикасындағы тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасын» бекітті. Онда: «...өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау-жалпыұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бітімі қалыптасуының, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық мен отаншылдықты тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі болып отыр. Тарих- халықтың зердесі, ол содан қуат алады, ол содан әлеумкттік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын шабыт алады»,- деп Отан тарихын оқытудың маңыздылығы атап көрсетіліп, мемлекеттік саясаттың тарихи сананы қалыптастырудағы негізгі басымдықтары айқындалады. Тарихи санаы қалыптастыру міндетін жүзеге асыру үшін мектепке дейінгі, мектептегі және жоғарғы оқу орындарындағы білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдениет мекемелері, қоғамда тарихқа ден қою, тарихқа деген құрмет пен тағзым, тарихты түйсіну ахуалын туғызуы тиіс болды.Осындай игі шараның аясында Қазақстан тарихы пәні барлық жоғары жоғарғы оқу орындарындағы барлық мамандық студенттеріне міндетті пән ретінде оқытылып, мемлекеттік емтихан қабылдана бастады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   203




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет