Бекіту сұрақтары:
1. Қазақстан тарихы сабағында көркем әдебиетті пайдаланудың тәсілдері қандай?
2. Көркем әдебиеттің оқушылар үшін тарих сабағында пайдаланудың маңызы неде?
3. Тақырыпқа байланысты көркем әдебиетті таңдауға мысал келтір?
Әдебиет:
1. Шаймерденова К.Ш. Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері. А., 1990
2. Тұрлдығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. А., 1984
3. Құсайынов Р. «Туған өлке – туған қазына», Қазақстан мектебі.// 1991 №6.
№12Дәріс: Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі.
Негізгі түсініктер: Дәріс-сабақ, Семинар сабағы, Реферат.
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруға үйрету.
Жоспар:
1. Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс.
2. Семинар сабағы. Оны өткізу жолдары.
3. Реферат- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы.
Мазмұны
1. Сабақты бағалау критериясы. Тарихты сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары- факультативтер, тарихи үйірмелер, тарихи олимпиадалар "КӨО" (кеңілді өнертапқыштар отауы), конференциялар, пікірсайыстар. Жоғарғы сыныптардағы семинарлық және практикалық сабақтар.Негізгі идеялар мен түсініктер. Материал мазмұнын ашу әдістерінің ерекшеліктері. Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс.2. Семинар сабағы. Оны өткізу жолдары. Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі және олардың байланысы.Тарихты оқытудың екі түрлі әдістері ауызша және оқу материалын түсіндіру,әрі оқу (оқушылардың таным қызметі).Танымдық қызмет түрлері – варианттары.3. Мектеп лекциясы. Лекция ұғымы. Лекция сабақтарында оқушыларға берілетін тапсырмалыр. Мектептегі лекцияның түрлері:Нұсқама, лекция - диалог, ғылыми кұрылымдық, проблемалы, ақпаратты, пресс-конференциялар, телелекция, жалпы пәндік лекция, визуальды лекция түрлері. Реферат- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |