Патриотизм, отансүйгіштік – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі.
Патша қорғандар – қола және темір дәуірінде аса бай қабірдің үстіңе ағаш, шым, тас және топырақ үйілген төбелер. Патша қорғандардың астында үлкен қабір орналасып, жанына бағалы жиһаздар мен алтын бұйымдар қойылған.
Петиция – мемлекет басшысына немесе жоғары өкімет органына көпшілік атынан тапсырылатын жазбаша өтініш.
Петроглиф – тас, жартас бетіне қашау арқылы сызып немесе ойып салынған сурет. Петроглифтер кейінгі палеолит кезеңінде пайда болған бейнелеу өнерінің ежелгі түрлерінің бірі.
Пикет – үкіметке талап қоя шыққан ереуілші топ.
Питекантроп – б.з.б. 1 млн жал бұрын өмір сүріп, тік жүру қабілетін меңгерген ерте палеолит дамыды. Алғашқы питекантроп 1891 жылы Индонезиядағы ява аралынан табылды.
Пленум (лат. plenum – толық) – 1) қандай да бір ұйымның сайланып қойылған басшылық органы мүшелерінің толық құрамында өткізетін жиналысы; 2) жоғарғы сот органы барлық мүшелерінің мәжілісі.
Плюрализм – 1) дүниенің өзара бірлігін жоққа шығаратын, оның негізінде тек бір-біріне тәуелсіз көптеген бастамалар жатады деп уағыздайтын философиялық ілім; 2) көптеген әдістердің көзқарастардың, партиялардың, бағыттардың болуы заңды деп танушылық.
Позиция – белгілі бір мәселе жөнінідегі көзқарас, беталыс.
Полигон – әскери жаттығулар, сынаулар жүргізілетін орын, жер.
Полихром стилі – безендіру кезінде бұйымға сәндік үшін түрлі түсті асыл тастар, алтын түйіршіктерін жапсыру.
Половшылар – далалықтар; ХІ ғасырда Еділ бойынан Қара теңіз жағалауына орын тепкен түрік тілдес тайпалардың орысша атауы.
Достарыңызбен бөлісу: |