Тас ежелгі тас дәуірі. Адам мен оның



Дата08.02.2022
өлшемі61,62 Kb.
#117627
Байланысты:
Палеолит дәуірі


Палеолит (палео... және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. Адам мен оның[1] шаруашылығы қалыптасуының бастапқы уақыты. Алғашқы қауым адамы жабайы өсетін дәндерді, жеміс-жидектерді жинап, жануарларды аулаған.Палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы күрделі де ұзақ даму жолынан өтті. Оның бастапкы кезеңі алғашқы тобыр — бірлесіп корғану және шабуыл жасау, аң аулау және жиын-терін үшін бірлесу болды. Бұл әлеуметтік құрылым бейнесіздігімен, қоғамдық катынастардың жетілмегендігімен ерекшеленеді. Сонымен бірге оған неке байланыстарының кейбір реттелгендігі тән болды. Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі — ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм — алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды. Ал мустье дәуірінде жынысы мен жасына қарай табиғи еңбек бөлінісі болады, қауымның бастапқы нысандары шыға бастайды. Әлеуметтік жағынан алғанда соңғы палеолиттегі адам ұжымы жаңа межемен — алғашқы кауымның толысқан нысандарының қалыптасуымен сипатталады.
Палеолит – қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге – эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінде жердің климаты, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі қазіргіден әлдеқайда өзгеше болған. Палеолит дәуірінің адамдары қарапайым тас құралдарды пайдаланған, оны өндіруді және қыштан ыдыс жасауды білмеген. Олар аңшылықпен және тағамдық өсімдіктер жинаумен айналысты. Балық аулау жаңадан жандана бастаса, егіншілік пен мал шарушылығынан хабарсыз еді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар түріндегі архантроптардың пайда болуына сай келеді (қ. Олдувэй мәдениеті). Палеолиттің аяқталуы б.з.б. 12 – 10 мың жылдар шамасы. Бұл – Палеолит пен неолит аралығындағы мезолитке өту кезеңі. Палеолит, негізінен, ежелгі (төменгі, ертедегі) және кейінгі (жоғарғы) Палеолит болып екіге бөлінеді. Ежелгі Палеолит шегі ертедегі археологиялық дәуір іздері ежелгіден бастап бөлшектенеді: Олдувэй (шелльге дейінгі немесе малтатас мәдениеті) адамзат тарихының басыежелгі ашель (аббевиль немесе шелль мәдениеті); орта және кейінгі ашель, мустье мәдениеті. Кейінгі Палеолит дәуіріндегі бөлшектену тек жергілікті сипат алды. Көптеген зерттеушілер Палеолитті екіге емес, үш бөлікке айырып, мустье мәдениетін орта Палеолитке жатқызады. Олдувэй дәуірінде Палеолиттік "Homo habіlіs" өмір сүрді. Ежелгі ашель мен орта және кейінгі ашель дәуірінде питекантроп, синантроп, т.б. архантроптар түрі, мустье мәдениеті кезінде неандертальдар (палеоантроптар) өмір сүрді. Кейінгі Палеолит кезінде қазіргі адам түрі "Homo Sapіens" (неоантроп) пайда болды.

Төменгі палеолит рубиласы
Адам баласы Солтүстік Африкаға қоныстанды. Аляска, Калифорния жерлеріндегі ескерткіштердің ең ежелгісі кейінгі Палеолиттен ары аспайды. Зерттеушілер Американы адамдар б.з.б. 35 – 40 мың жылдар бұрын қоныстанған деп есептейді. Жапон аралдарын қашан қоныстанғандығы жайлы нақты мәлімет жоқ. Мұндағы 80-дей Палеолиттік ескерткіштердің жас шамасы 30 мың жылдан асады. Бұл кездегі анималистік үңгір бейнелеу өнерінде сүйек пен тастан антропоморфты мүсіндер қалдырған. Қазіргі таңда Палеолиттік бейнелеу өнері сақталған 40 шақты үңгірлер зерттелген (қ. Қап үңгірі). Палеолиттік өнер қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ол суреттер, мүсін және графика арқылы бізге жеткен ежелгі адамдардың дүниетанымын бейнелейтін өнер туындылары ғана емес, байырғы адамдар өмірінен мәлімет беретін құнды дерек көздері болып табылады.

Homo heidelbergensis (төменгі палеолит)
Мысалы, Палеолиттік әйелдер мүсіні сол замандағы адамдардың эстетикалық талғамын көрсетеді. Қазақстанда Палеолиттік өнер туындылары әлі табылған жоқ. Бірақ мұнда Африка мен Еуропадағы архантроптар, палеоантроптар мен неоантроптар замандастары өмір сүргендігін айғақтайтын деректер жеткілікті. Қазақстанда, соңғы мәлімет бойынша, 450-дей Палеолиттік ескерткіш орындары анықталған. Ең ежелгі ескерткіштер Қаратау жотасынан табылған. Мұндағы Тәңірқазған, Бөріқазған, Шабақты, Ақкөл, т.б. тұрақтар материалдары шелль-ашель дәуіріне жатады. Қаратау тас құралдары тұрпаттары және оларды өңдеу тәсілдері Африка, Үндістан, Пәкстан мен Қытай жерлерінен табылған бұйымдарға ұқсас. Ашель дәуірінің тұрақтары Орталық Қазақстаннан (Қойтас, т.б.), Ертіс алабынан (Қазыбай), Мұғалжар тауларынан, Маңғыстаудан көптеп табылған. Қаратау жотасынан (Тоқалы, Қызылрысбек, Алғабас, Үшбұлақ, Шабақты, Дегерес, т.б.), Орталық Қазақстан мен Жоғарғы Ертіс өңірінен (Обалысай, Мұзбел, Жаман Айбат, Қосмола, Батпақ-8, 12, Құдайкөл, Қанай, т.б.) ашель мен мустье замандарына жататын ескерткіштер зерттелген болатын. Мустье құралдарының негізгі түрлері үшкіртас пен қырғыштан тұрды. Кейінгі Палеолитте тас құралдарын жасау техникасы жетілдірілді. Мустье дәуіріндегі дөңгелек және үшкіл өзектастар орнына призма пішіндес өзектастар пайдаланылды. Бұл кез ескерткіштері (Уәлиханов атындағы тұрақ, Қарабас-3, Бұқтырма, Свинчатка) алдыңғы уақыттарға қарағанда аз зерттелген. Бірақ қолдағы мағлұматтар Қазақстанда адамзат қоғамы үздіксіз дами бергендігін дәлелдейді. Еуразияның кең-байтақ кеңістіктеріндегі шөл, шөлейт аймақ пен далаларда кейінгі 35 жыл ішінде тас ғасырының көптеген тұрақтары табылып зерттелді. Еуразияның куаңшылық аймағы бетінің кұрылысында асқар биік таулар мен қыраттардан бастап ойпат далаға дейінгі мейлінше алуан түрлі жер бедерлері бар. Әлбетте, жер бедері мен көрінісінің бұлайша алуан түрлі болуы мен олардың қуаң аймақта орналасуы ертедегі гоминидтер мекендерінің алуан түрлі ғана емес, сонымен қатар ұқсас болуына да жағдай жасады. Қуаңшылықты өңір аймақтарына эволюциядағы айырмашылық пен оның ұзаққа созылуы, жер аумағын игерудің бастапқы кезеңіндегі ерекшеліктер, сондай-ақ гоминидтердің шығуы мен эволюциясы тән. Бірақ қуаң аймақтың бір сипатты ерекшелігі бар, ол ашық (жер бетіндегі) үлгідегі тұрақтардың өте басым болуы. Олардың көбі кешенді болып келеді және адамдардың ежелгі бабаларының белгілі бір геоморфологиялык жағдайда өте ұзак уақыт (екінің бірінде жүз мыңдаған жылдар бойы) болған іздерін көрсетеді. Өзінің қуаң өңірдегі жағдайына, жер аумағының кендігіне және табиғи-ландшафтық өңірінің алуан түрлі, жер бедері үлгілерінің көп мөлшерде болуына қарай Қазақстан Еуразияның қуаң өңірінің палеолитін зерттеуге модель бола алады. Қазақстан аумағында ежелгі гоминидтер пайда болуының алғышарттарын адамзат тарихындағы өтпелі және ең маңызды кезендегі геологиялық-географиялық жағдайларды негізге ала-отырып іздестіру керек, ал ондай кезең плиоценнің екінші жартысы болып табылады. Ең ертедегі гоминидтердің Африка кұрлығынан бастап қазіргі қуаң өңір мен Сібір аумағына дейінгі кең-байтақ жерде анықталған іздері алғашқы адамдардың өте ауқымды кеңістікте қоныстанғаның дәлелдейді. Қазір бір нәрсе айқын: 1,5 — 1 млн жыл дәуірінде-ақ Каспий маңы ойпатының ашық кеңістіктерінде, Тұран далаларында, Моңғолия мен Солтүстік Қытайда гоминидтердің тұрақтары болған.[2]




  • Чтобы создать заметку, коснитесь здесь и начните вводить текст.

  • Или воспользуйтесь бесплатным приложением OneNote и создайте цифровую записную книжку. В ней можно собрать все заметки, которые будут автоматически синхронизироваться на ваших устройствах.

Подробные сведения о OneNote и версию для скачивания можно найти на сайте www.onenote.com.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет