Тас және қола дәуірі Нурмаханбет Бекнұр



Pdf көрінісі
Дата22.10.2023
өлшемі1,1 Mb.
#187443
Байланысты:
Нурмаханбет-Бекнұр



Тас және қола дәуірі
Нурмаханбет Бекнұр


Тас дәуірі
Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі
палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. 
Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), 
ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және
мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері

Тас құралдарының мынадай түрлері болды: 
шапқылар, қырғыштар, үшкір
тастар, пышақтар.


Палеолит. Ежелгі тас дәуірі.


Мезолит
Мезолит (орта тас
дәуірі немесе
палеолиттен неолитке
өту кезеңі)
б.з.д. 12-5 
мыңжылдықтар.
Мезолит (орта тас ғасыры
немесе палеолиттен
неолитке өту кезеңі) 
пышақ пішінді
пластинкаларды, оның
ішінде
микропластинкаларды
бөлу техникасының өте
жоғары дамуымен
ерекшеленеді

Осы кезеңде пышақ
пішінді пластинкадан
құралдар жасау өте
кең таралды.
Кейбір мезолиттік
мәдениеттерде тас
қаруларды тегістеу
техникасы, бұрғылау мен 
аралау
техникалары пайда болад
ы


Неолит (жаңа тас ғасыры) - б.з.д. 5-3 мыңжылдықтар

Осындай археологиялық терминдермен қатар, сол дәуірлердің геологиялық атаулық белгілері
бар. 
Палеолиттің барлық кезеңдері плейстоценге, ал мезолит пен неолит - голоценге жатады.
Бұл - тас өңдеу техникасының гүлденген кезі. 
Еңбек құралдарын өндірудегі орасан зор мамандандыру өтіп жатты. 
Сығып өңдеу техникасын жетілдірумен қатар, тасты өңдеудің жаңа технологиялық әдістері толығынан қалыптасты: 
жалтыратып өңдеу, бұрғылау және аралау. Тас балталар, шоттар, дәнүккіштер, келі, келсаптар жасала бастады. Нефриттен, 
яшмадан, серпентиниттен және де тастың басқа да түрлерінен көптеген әшекейлер - білезік, алкалар дайындау өрбіді.
Неолит кезеңінің ең маңызды белгілерінің бірі - ол табиғаттағы дайын өнімді алу шаруашылығын
ауыстырған малшылық пен егіншіліктің пайда болуы еді. Шаруашылықтың осы жаңа түрлерінің пайда
болуының адамдар қоғамының дамуында орасан зор маңызы болды, адамның еңбек ету аясын
кеңейтті және де оның мінезін сапалы түрде өзгертті.


Қола дәуірі – адамзат
қоғамындағы тарихи-
мәдени кезең.
Ол қола металлургиясының кең қанат
жайып, еңбек құралдары мен қару-жарақ
жасауға арналған негізгі материалға
айналуымен сипатталады
Қола дәуірінің хронологиялық шегі б.з.б. 4-
мыңжылдықтың аяғы мен б.з.б. 1-
мыңжылдықтың басын қамтиды
Дәуірдің ерекшеліктері. Неолит дәуірінде-
ақ байқала бастаған шаруашылық
өзгерістері б. з. б. II мыңжылдықта [1] 
малшылық-егіншілік экономикасы мен 
жоғары дамыған металлургияның
калыптасуына жеткізді.


Қола дәуіріндегі коғамның
ілгері басуы екі факторга
байланысты. Олардың бірі —
жаңа дәуірді белгілеген
фактор - палеометалдардың
өндірістік жолмен игерілуі
болды.
Б. з. б. II мыңжылдықтың
ортасында Қазақстан
тайпалары қола бұйымдар
жасау ісін меңгерді. 
Қоланың өзі бұйымның
неге арналуына қарай, әр
түрлі пропорцияда мыс пен 
қалайының, кейде
сүрменің, құшаланың, 
қорғасынның қорытпасы
болып табылады. 
Мыспен салыстырғанда
қоланың бірсыпыра
артықшылықтары бар: оның
өзгешелігі — өзі катты, балқу
температурасы төмен, түсі
алтын сияқты әдемі. 
Қола еңбек құралдары мен 
қару жасау үшін
колданылатын негізгі
шикізат бола бастады

Қазақстан жер қойнауында
полиметалдардың, ең
алдымен қалайы-мыс 
рудаларының барынша
молдығы бұл аумақта
металлургияның мықты
ошағы шығуының
бір себебі болды
.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет