12.«At the Zoo» ойыны.
Мақсаты :can модальді етістігінің қолданылуын үйрету;
Қажетті нәрселер: әр түрлі партаға қойылған ойыншық аңдар;
Ойын барысы:
Оқушылардың біреуі – экскурсовод, қалғандары жануарлар саябағына келушілер. Мысалы: балалар аюдың қасына барады.
Мысалдар:
Экскурсовод: This is a bear. It can run and jump. It can swim and climb trees but it can’t fly.
Келушілер: Can it hop?
Экскурсовод: No, it can’t.
Cосын басқа оқушы экскурсовод болады да, ойын әрі қарай жалғасады.
Ойынның ұзақтығы: 7-10 минут.
13.« Family» ойыны.
Мақсаты: отбасы мүшелерін ағылшын тілінде айтуды үйрену, жақсы қарым-қатынаста болу;
Қажетті нәрселер: отбасы бар фото суреттер;
Ойын барысы:
«Отбасы» тақырыбын бекіту барысында тақтаға бес оқушы шақырылады. Оның біреуі жүргізуші болды да,оған ойынның аты хабарланады, кім қандай рөлде ойнайды және ол не істейді, соны табуды ұсынады.
Мысалдар:
Жүргізуші сыныпқа кіреді де балалардан сұрай бастайды:
-Who are you?
-I’m a son.
-What are you doing?
-I’m playing computer games. Etc.
14.«Don`t say “no” and “yes” » ойыны.
Мақсаты: жаңа фразаларды үйрену;
Қажетті нәрселер: суреттер;
Ойын барысы:
Мұғалім жаңа фразаларды (of course, certainly, with great pleasure, of course not, certainly not, by no means) тақтаға жазып, оқушылармен жұмыстанады. Ойын тез темпте өтеді. Мұғалім сұрақтар қояды, сол сұрақтарға жаңа фразалармен жауап қайтару керек, тек “yes” немесе “no” деген жауап болмау керек. “Уes” немесе “no” деген жауап қайтарған оқушы жеңіліп қалады.
Мысалдар:
T: Do you like ice-cream?
P: Of course.
T: Have you been to the theatre?
P: Certainly.
T: Will you go to the circus?
P: With great pleasure.
Достарыңызбен бөлісу: |