Тасқала аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің Сараптама кеңесі сараптама қорытындысы



бет1/16
Дата02.02.2023
өлшемі77,8 Kb.
#167180
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз Койшыгалиева В

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақшасының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі В.Х.Койшыгалиеваның «Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз»



Сын – пікір

Ағылшын тілін оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.


Ағылшын тілі сабағында әр оқушының сабақа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, шетел тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы ерекше.
Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп-өркендей алмайды. Бұл-өмірдің заңдылығы. Сондықтан да ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.
Ойын балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырады, сабақты түрлендіреді, оқушыларды зеріктірмейді, олардың білімге деген құштарлығын, талпынысын арттырып, яғни, қабылдау, есте сақтау және зейінін дамытады.
Бұл кітапшаның мазмұны бағдарламада берілген тапсырмаларға сай, материалдар жүйелі тәртіппен жазылған. Тақырыппен тапсырма арасында өзара байланыс бар.
Жұмыстың тақырыбы толық ашылған, қойылған мақсаттар орындалған. Қолданылған іс-тәжірибелік материалдар сенімді, бұл жұмыс тәжірибелік маңызға ие. Пән мұғалімдеріне қажетті көмекші құрал. Сондықтан да бұл әдістемелік іс-тәжірибе жұмысын аудан және облыс көлеміндегі мектептерге қолдануға лайықты деп есептейміз.


Пікір жазған: Габдуллина Б.Б. Аудандық білім бөлімінің әдіскері
Исамбаева Г.К. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жоғары
санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Тасқала аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің Сараптама кеңесі


САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жұмыс: «Ағылшын тілін ойын арқылы үйренеміз»


Тақырыбы
Авторы Койшыгалиева Венера Хаировна жоғары санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
/Аты-жөні, лауазымы,жұмыс орны/
Жұмысты қай мекеме ұсынды:Жалпы білім беретін Амангелді орта мектеп-балабақшасы
Әдістемелік кеңесінің
/кабинеттің әдістемелік кеңесі/ОПКБА және КДИ/орталығы, АӘ/ҚӘК/кеңесі, білім мекемелерінің әдістемелік кеңесі/




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет