Койшыгалиева Венера Хаировна
Рецензент: ЖББ Амангелді орта мектеп – балабақшасының
жоғары санатты қазақ тілі мен қазақ әдебиеті
пәнінің мұғалімі, сынып жетекшілер әдістемелік
бірлестік жетекшісі
Бексейтова Венера Насиболлаевна
Бұл кітапша 5-6 сынып оқушыларына арналған. Бұл кітапшада 35 ойын түрлері берілген. Олар грамматикалық және лексикалық тақырыптарды қамтиды.Берілген ойындар оқушылардың сөздерді еске сақтауға, лексикалық сөз қорын байытуға, оларды ойландыру, іздендіру, өз бетінше еңбектеніп оқуға баулу, өздеріне деген сенімін, білімге деген ынтасын арттыру міндеттері көзделген.
Пән мұғалімдері көмекші құрал ретінде пайдалана алады.
Мазмұны:
І. Кіріспе
ІІ. Ойындар
1.«Choose your pair» ойыны.
2.«Don’t say "Yes" or "No"» ойыны.
3.«Find who» ойыны.
4.«Refresh 3 forms of the verb» ойыны.
5.«Auction» ойыны.
6.«Double or quits» ойыны.
7.«Football» ойыны.
8.«Animals» ойыны.
9.«Memory games» ойыны.
10.«Parts of the body» ойыны.
11.«Let’s draw a Rainbow!» ойыны.
12.«At the Zoo» ойыны.
13.« Family» ойыны.
14.«Don`t say “no” and “yes” » ойыны.
15.« Invisible Words.» ойыны.
16.«Good morning» ойыны.
17.«Who is the cleverest?» ойыны.
18.« Whose birthday is today?» ойыны.
19.«To write» ойыны.
20.«Colours» ойыны.
21.«Lottery» ойыны.
22.«Think and write» ойыны.
23.«Who is the last to finish the phrase» ойыны.
24.«True and false chair» ойыны.
25.«Correcting mistakes» ойыны.
26.«Fulfill the order » ойыны.
27.«Have you ever…? When did you…? » ойыны.
28.«Find who» ойыны.
29.«Roll the ball» ойыны.
30.«Noughts and crosses» ойыны.
31.«Interpreter» ойыны.
32.«Where is it ?» ойыны.
34.«Super secretary» ойыны.
35.«Who reads a lot» ойыны.
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Ағылшын тілін оқытудың мақсаты-оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады.
Тілді меңгертуде жетістікке жету жолы – оқушылардың оны қалай меңгергенін дер кезінде анықтап білу.
Ағылшын тілі сабағында әр оқушының сабаққа белсенді қатысуының, ауызекі сөйлеуге құлшындыратын, шетел тілін оқып үйренуге талпынысы мен қызығушылығын арттыратын әдіс-тәсілдер түрі ерекше орын алады. Бұл міндеттерді сабақта ойын әдістерінің көмегімен шешуге болады.
Ойын-ақыл күші мен ерекше ұйымдастырылған эмоционалды серпілісті талап ететін сабақ түрі.
• Ойын қалай істеу керек, не айту керек, қалай жеңу керек сияқты шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Oсы сұрақтарды шешуге талпыну арқылы ойыншылардың ақыл-ой әрекеттерін дамытады.
• Ойын тілді жан-жақты әлеуметтік қолдануда маңызды рөл атқарады.
• Ойын шеберлік мүмкіндіктерін ашады, оқушылардың танымдық және кәсіби қызығушылығының қалыптасуына әсер етеді.
• Ойын шынайы қарым-қатынас жағдайын туғызады.
Ағылшын тілі сабағында ойын әдістерін қолдану кез келген жастағы оқушылардың психикалық дамуы үшін аса маңызды екені дәлелденген. Жан-жақты ойластырылған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын-балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Сондықтан да шетел тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттыруда маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: |