«Тасбұлақ орта мектеп-бақша» КММ-сі 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша әдістемелік жұмыс есебі Қазіргі заман мұғалімі мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Қазіргі заманда сындарлы оқыту теориясына сай бала білім алып қана қоймай, алған білімін әрқашанда керегіне жарата алатындай азамат етіп қалыптастыру, ұстаз қауымы алдындағы басты міндет болып отыр. Тек қана ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Сонымен қатар білім мазмұнынын жаңартуға арналған бағдарламаға сәйкес критериалды бағалау жүйесінің енгізілуі де заман талабы. Оқытудың жаңа технологияларын күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат – мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мүмкіншілік белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдыңғы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Бұрын біз балаларға тек ғана білім беріп келсек,енді функционалдық сауаттылыққа баса мән береміз. Яғни оқушылар мектепте алған білімін өмірде қолдана алады. Осы жетістікке жету үшін негізгі рөл әдістемелік қызметке бөлінеді.
«Тасбұлақ орта мектеп-бақша» КММ-сіндеІ жарты жылдық бойынша нәтижеге бағдарланған әдістемелік жұмыс ұйымдастыру барысында төмендегі бағыттар басшылыққа алынды:
1.Мектеп мүғалімдерінің біліктілігін көтеру жүйесі, педагогтық шеберлікті, кәсіптік деңгейін жоғарылатуға бағытталған және педагогтарды шығармашылық потенциалын көтеруді көздейді.
2.Мектептің әдістемелік қызметін жетілдіру – ол педагогтардың кәсіптік дамуын қолдауға арналған.
3.Озық тәжірибені оқып үйрену, тарату.
4.Педагогтардың жаңашыл қызметтері – мектептің оқыту үрдісінің сапасын көтеруге және мұғалімдердің ғылыми-педагогтық қызметтерін жандандыруға бағытталған.
Мектептің әдістемелік жұмысы, мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде шоғырланған және мектептің әдістемелік кеңесі арқылы басқарылады.
Мектебімізде төмендегі құрамда әдістемелік кеңес құрылды:
1. Какимова А.Р. – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
2. Черубаева Д.Т. – гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі.
3. Оразаева Г.К.- жаратылыстану-математика бірлестігінің жетекшісі;
4. Кабиева Г.К. -бастауыш сынып бірлестігінің жетекшісі;
5. Серикбекова Ш.Т.- «Шығармашылық топ» мектебінің жетекшісі
Жаңа оқу жылының басында ӘК жұмыс жоспары жасалынды. Тамыз, қараша айларында 2 отырыс өткізіліп, келесі мәселелер қарастырылды:
- 2019-2020 оқу жылына арналған Әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру;
- ӘБ жұмысы;
-жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету;
- педагогикалық технологияларды қолдану әдісі арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру;
- интерактивті тақтамен жұмыс, компьютерлік сауаттылық;
- мектепішілік пән олимпиадаларының қорытындысы мен аудандық олимпиадаға дайындық жұмыстары.
Әдістемелік бірлестіктің жылдық жоспары, үйірме, таңдау пәндерінің жоспары талқыланып, бекітілді. Әдістемелік отырыста пән апталығы, пәндік олимпиада материалдарын дайындау, ашық сабақтардың жоспары, дарынды оқушылармен жұмыс және басқа да атқарылатын жұмыстар туралы қаралып, есеп берілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.