«Тасбұлақ орта мектеп-бақша» кмм-сі 2019-2020 оқу жылының І жарты жылдығы бойынша әдістемелік жұмыс есебі


Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты



бет2/2
Дата27.10.2022
өлшемі17,81 Kb.
#155207
1   2
Байланысты:
ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС

Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады.2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру. Қыркүйек айында үш тілділікті дамыту мақсатында Тілдер апталығы ұйымдастырылды. Тілдер апталығы аясында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері апталық өткізіп, бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Ағылшын тілі пәнінен 5-6-7 сыныптар оқушылары арасында «Who is fast?» сайысы өтілді.
Қазақ тілі пәнінен Серикбекова Ш.Т. «Ақылдықты іздесең, Абайды оқы ерінбе!» атты сайыс өтті. Ұлы ақын жырларын оқып, адамды сүюге, оны құрметтеуге, биік адамгершілік , елжандылық, имандылық, ізгілікті үлгі етті.
Тарих пәнінен «Құқықтық Қазақстан» атты тарих пәнінен А.М. Игисинова 9-11 сынып арасында интеллектуалдық сайыс өткізді.
Қазақ тілі пәнінен А.Р. Какимованың ұйымдастыруымен «Абай оқулары» атты мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Онда Ұлы ақын жырлары оқылып, насихатталды. Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды 9-сынып оқушысы Асанова Толғанай, 2-орынды 6-сынып оқушысы Қажыкенова Дильназ, 3-орынды Балтабекова Айнұр жеңіп алды.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Кунанбаева Маулида Галимяновна «Что? Где? Когда?» атты интеллектуалдық сайыс өткізді.
Математика, физика, информатика пәндері апталығында математика пәнінен «Көңілді тапқырлар», «Қызықты математика», физика пәнінен «Семей полигонына – 28 жыл» атты конференция, информатикадан «Интернет-казино» интеллектуалды ойындары өткізілді.
Тарих, география, құқық негіздері пәндерінінің апталығында «Құқықты Қазақстан», «Жас географ» атты сайыстар өткізіліп, жеңімпаз командалар мақтау қағазымен марапатталды.
Қараша аралығында жоспарланған мектепішілік пәндер олимпиадасы өткізілді. Аймақтық пәндік олимпиадаға мектебіміздің 6 оқушысы қатысып, 11-сынып оқушылары Рахимжанов Әли математика пәнінен 2-орынды, Сақанов Сырым тарих пәнінен 3-орынды иеленіп, аудандық кезеңге өтті. Аудандық олимпиаданың 1 кезеңінен Сақанов Сырым өтті.
Ауыл балаларына арналған «Айқанат» республикалық олимпиадасына 2 оқушымыз қатысып, 2 кезеңге жолдама алды. олар: 9-сынып оқушылары Асанова Толғанай (эссе жазудан) және Балтабекова Айнұр (математика) пәнінен. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін түрлі деңгейдегі біліктілігін арттыру курстарынан өтуде. 2016,2017,2018,2019 жылдар аралығында мектебімізден 14 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білімдерін жетілдірді. 2018 жылдың желтоқсан айында информатика пәнінің мұғалімі Е.Ж.Кожагулов пен математика пәнінің мұғалімі К.Р.Темешова ІТ курсын оқыды. 2019 жылдың ақпан айынан бастап 7 айлық курсқа биология пәнін ағылшын тілінде оқыту курсына биология пәні мұғалімі А.К.Нуржакупова жіберілген болатын. Қазіргі уақытта ол оқуын жақсы тамамдап, 8-сынып оқушыларына биология пәнінің терминдерін ағылшын тілінде оқытуды көздеп отыр. Қараша айында бастауыш сынып мұғалімі А.Д.Токенова Өскемен қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығында ІІІ деңгейлік курсты оқып, тесттен өтіп сертификатқа ие болды.
Дарынды балаларды анықтау мәселесі, бұл білім беру ұйымдарындағы балалардың танымдық және тұлғалық дамуы үшін жағдайлар жасау оларды жан-жақты дамыту болып табылады. Біздің мектебімізде дарынды балалармен жұмыс міндеттері төмендегідей: 
- оқушының тұлғалық және танымдық қабілетін дамыту; 
- оқушыларға қосымша сабақтар ұйымдастыру, білімдерін жетекшілер көмек беру арқылы жетілдіру; 
- пәнаралық сабақтастық арқылы басты мәселеге назар аудару; 
- сабақтан тыс қоғамдық жұмыстардың маңызын арттыру. Дарынды және талантты оқушылардың қабілеттерін арттыру мен зияткерлік қырларын жетілдіру мақсатында жыл басынан бері облыстық интеллектуалды сайыстарға, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, конкурстарға қатысты.
«Мәнгілік ел алыптары» Республикалық рухани-патриоттық байқауына қолдау білдіріп, өскелең ұрпақ тәрбиесәне және өнер мен білім саласында жас дарындардың шеберлігін шындауға ат салысқаны үшін көркем еңбек пәнінің мұғалімі Оразаева Галия Кажикеновна «Шығармашыл педагог»атты дипломмен және Куәлік №225 2019 жылғы 26 қазандағы №006 бұйрығы бойынша ұйымдастыру қабілеті және озықойы мен іскерлігі үшін «Үздік көшбасшы педагог» медалімен марапатталды. Сонымен қатар «Мәнгілік ел алыптары» Республикалық рухани-патриоттық байқауына 6-оқушы қатыстырылды. 9-сынып оқушылары Балтабекова Айнұр, Ақылбекова Арайлым, 8- сынып оқушысы Серікбекова Әлия, 7- сынып оқушысы Қанатбекова Балжан, 6- сынып оқушысы Қажыкенова Дильназ «Сәнөнері» номинациясы бойынша қатысып І орын дипломымен және 9-сынып оқушысы Асанова Толғанай ІІІ орын дипломымен марапатталды.



Мектеп директоры: Р.К.Сапаргазаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет