53
мән беріліп, кез-келген тарауында оған қатысты
мағлұматтарды көптеп беріп
отырған.
Зерттеуші әрі экономист С. Толыбеков бұл материалдарды ғылыми тұрғыда
дұрыс пайдалану, зерттеушіге қазақтардың жерді пайдалану сипаты мен
көшпелі шаруашылықтың экономикалық дамуына қатысты құнды мәліметтерді
алуға көмектесетінін атап өтеді. Мұнда Щербинананың 1896-1901 жж. 12 уезд,
П. Скрыплевтің басқарған 1906-1913 жж. 5 уезд, П. Румянцев бастаған 1909-
1913 жж. Жетісу уездерінің материалдары пайдаланылып, зерттеу
жұмыстарының әдіс-тәсілдері мен негізгі зерттеу обьектілері нақты көрсетілген.
Мәселен, автор: «Зерттеулер кең масштабта жүргізілді: әрбір отбасының
экономикалық жағдайы, оның құрамы, негізгі жұмысы;
жалпы шаруашылық
сұрақтар, жерлердің шекаралары мен жер пайдалану формалары, зерттелген
жерлердің табиғи жағдайы және т.б. аулалық сауалнамалар арқылы жүргізілді.
Содан кейін алынған жауаптар жалпы байқау, білетін
адамдардан сұрау тәсілі
арқылы тексерілетін», - деп, мәліметтерді жинау әдістеріне тоқталады.
Экспедиция өзінің зерттеу жұмысын осы Далалық өлке туралы
анықтамалық,
энциклопедиялық
әдебиеттермен
танысып,
генерал-
губернаторлардың есептері мен жергілікті статистикалық комитеттердің
басылымдарын, басқа да заңдық құжаттарды пайдалана отырып зерттеудің
алғашқы схемалық бағдарламасын құрудан бастады.
Жалпы зерттеу
бағдарламасы алдын-ала бақылаудан кейін іс-тәжірибеде жинақталған әдістеме
негізінде қайта өңделді. Бағдарламаны Ф. Щербина құрастырды. Экспедиция
бағдарламасы 17 тараудан және кішігірім 93 тараушадан тұрды. Ол:
Достарыңызбен бөлісу: