Тасилова назия айтбаевна


Кесте 18 - Ақтөбе уезіндегі Бөрті болысындағы Тамалардың мал санының түрлі құрамы мен саны жөніндегі мәлімет



Pdf көрінісі
бет35/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41
Байланысты:
китаааап

Кесте 18 - Ақтөбе уезіндегі Бөрті болысындағы Тамалардың мал санының түрлі құрамы мен саны жөніндегі мәлімет 
Єкімшілік 
ауыл № 
Шаруаш. 
саны 
Мал басы 
Соның ішінде
Жылқы
Ірі қара 
Түйе
Қой
Ешкі
№2 
127 
5812 
1014 
3581 
264 
798 
155 
№3 
209 
7924 
1725 
3879 
360 
1583 
377 
№4 
236 
12285 
2784 
5654 
390 
3153 
304 
№5 
350 
19668 
3403 
7607 
325 
7640 
693 
№6 
211 
9034 
1669 
3654 
112 
3380 
219 
№7 
205 
12210 
1934 
4371 
149 
5195 
561 
№8 
102 
6006 
870 
2081 
74 
2830 
151 
№10 
213 
8147 
1339 
4129 
452 
1946 
281 
№11 
24 
817 
154 
351 
13 
273 
26 
№12 
28 
1321 
211 
610 
30 
429 
41 
Барлығы
1705 
83224 
15103 
35917 
2169 
27227 
2808 
Ежелден бері көшпелі тұрмыспен күн кешкен қазақтың ру-тайпалары 
белгілі бір территорияда, қалыптасып қалған маршрут бойынша көшіп жүреді. 
Ал ру көсемдері, шаруашылық ауыл ақсақалдары, қариялар және ауылдың 
беделді азаматтары - әкімшілік ауылдардың ұйытқысы ретінде, өз араларында 
жайылымдық жерлердің бірлігін, қолда бар жердің жалпы шекарасын реттеп 
атырды. Сондықтан да әрбір қожалықпен әрбір ауыл малдарын басқа иелікке 
кірмей, қауым иелігіне жататын, аумағы қатаң шектелген жайылымдарға 
жаюына тура келді.
Демек, жалпы Шымкент уезіне қарағанда Атбасар мен Омбы уездерінде 
мал санының бірлігі басымырақ. Керісінше көлік ретінде пайдаланатын есек 
жануары тек оңтүстік облыстарда ғана кездесетіндігі ерекше құбылыс. Сонымен 
қатар, Шымкент уезінде мал шаруашылығы егін шаруашылығымен қатар 
жүргізілгендігін дерек мәліметтері де дәлелдей түседі.
Қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығы көшпелілікке негізделіп, олардың 
сан ғасырлық тәжірибесінде жыл маусымдарына сәйкестендірілген «көші-қон 
ережелері» қалыптасып, бүкіл өріс аймағы маусымдық қыстау, көктеу, жайлау, 
күзеу жайылымдарына бөлінді. Мал жылдың төрт маусымында да табиғи 
жайылымдарда бағылды. Малдың жайылымын қамтамассыз ету мақсатында 
қазақтар сан ғасырлар бойғы тәжірибеден туған шаруашылық басқару тәсілінде 
жайылымдарды маусымға қарай пайдалану тәртібін қалыптастырды. Жыл 
сайын әрбір жеке ру немесе ауыл өздерінің ата-бабалары салған көш жолдары 


103 
бойынша көшіп, белгілі құдық басына, өзен бойына тоқтап, қыс мезгілінде жыл 
сайынғы белгіленген жерге көшіп келді. Єрбір ру-тайпа өзінің дәстүрлі көш 
жолдарын қалыптастыра отырып, олар көшіп-қону дәстүрін белгілі бір 
географиялық жер көлемі шеңберінде ұстанды. Қоныс орнын таңдау көптеген 
факторларға байланысты болды: дәстүрге, әлеуметтік-экономикалық, саяси 
жағдайларға. Табиғи ортаның ерекшеліктері жайылымдарды пайдалану 
тәсілдерін айқындап берді. Мәселен, жазда ауасы салқын, өзен-тоғайлы жерлер 
таңдап алынса, қыста күн түсетін, жел мен ызғардан, суық бораннан пана 
болатын ықтасын жерлер таңдап алынды. Көшіп-қону өрісі әртүрлі болды. 
Малдың саны көп болған сайын, оларға жем-шөп те көп қажет болды. 
Сондықтан да көшу өрісі де кеңее түсетін еді.
Төмендегі кестеде «ҚЖПМ» Сырдария облысы мен Далалы облыстардағы 1 
шаруашылыққа келетін мал бірлігі салыстырмалы түрде берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет