Тасилова назия айтбаевна


Кесте 19 - Бір шаруашылыққа қажетті малдың және егістік жердің бірлігі



Pdf көрінісі
бет36/41
Дата08.02.2022
өлшемі1,92 Mb.
#98250
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
Байланысты:
китаааап

Кесте 19 - Бір шаруашылыққа қажетті малдың және егістік жердің бірлігі 
 
Уездер 
Бір шаруашылыққа келетін мал бірлігі (единица) 
Бір шаруашылыққа 
келетін десятина егістік 
жер 
Жылқы
Сиыр
Түйе
Қой, 
ешкі 
Есек
Барлығы
Шымкент 
3,13 
3,70 
0,78 
3,35 
0,01 
10,97 
11,21 
Атбасар
11,0 
3,1 
3,8 
7,3 

25,2 
0,47 
Омбы
14,6 
7,5 
0,1 
3,4 

25,6 
0,45 
«ҚЖПМ» бойынша әр облыс пен уезде, болыста қандай ру-тайпалар өмір 
сүріп, қай жерлерде көшіп-қонатыны, олардың қандай шаруашылықпен 
айналысқандығы және т.б. мәліметтер өте көп кездеседі. Бұл деректі талдау 
арқылы дерек көзінің шынайылығы мен нақтылығын айқындауға болады.
Көшпенділердің 
шаруашылық-экономикалық 
тарихын 
зерттеген
С.Е. Толыбеков көптеген мәліметтердің негізінде «XV-XVIIІ ғғ. қазақтардың 
шаруашылығын жыл бойы көшіп-қонумен сипаттауға болады және Қазақстанда 
революцияға дейін де бұл типтегі шаруашылық адай, табын, шекті, шөмекей, 
кете және т.б. көптеген ру-тайпалық топтарда өзінің өміршеңдігін сақтап 
қалды»,- деген болатын. Шын мәнінде әрбір ру-тайпада ежелден бері 
қалыптасып қалған көшіп-қонуы сонау ХХ ғ. І-ширегіне дейін өзгеріске 
ұшырамаған еді. 
Сондай-ақ, автор «көшпелі мал шаруашылығы өнебойы рулық-
патриархалдық қатынастармен байланыста болды. Себебі, туысқан ру-тайпалық 
одақтармен байланысын үзбеу, онымен үнемі жақсы қатынастарда болу, жыл 
бойы көшіп-қонатын көшпелі халыққа оның мүлкі мен өз жанының амандығын 
сақтап қалуын қамтамассыз етіп отырды дейді. Және әрбір үш жүз ешбір 
белгіленген шекараларсыз-ақ, қалыптасып қалған үрдіс бойынша қазақтың кең 
сахарасында белгілі бір аймақтарда көшіп-қонып жүрді.
Єр жүздің құрамындағы үлкен бір тайпа да негізінен өзіне бұрыннан жақын 
әрі таныс белгіленген аймақта ғана көшпелі тұрмыс салтын кешті. Бұл рулық-
патриархалдық, көшпелі қоғамда жартылай феодалдар - сұлтан, бай, би мен 
батырлар арасында жер бөлісу мәселесінде ешқандай да саяси және 
экономикалық талаптар мен шарттар болмаған», - деп қорытындылайды. 


104 
Орыс переселендеріне «артық» жер қорын алу мақсатында қазаққа өмір 
сүруге қажетті жер мөлшері мен мал санын анықтау үшін жүргізілген зерттеу 
экспедициялар ешбір толастаған жоқ. Щербина зерттеген Ақмола облысы
В. Кузнецов тарапынан қайта зерттелсе, Семей облысы А. Переплетчиковтың 
басқаруымен қайта есепке алынды. Бұл туралы Є. Бөкейхан «Қазақ» газетінің 
1914 жылғы 51 нөмірінде: «‡кімет 1908-нші жылы Ақмола облысын қайта 
жазған, мұрнын тескен тайшадай көнбіс Кузнецовқа ¤скемен уезі қазағының 
еншісін қайта піштірді. Кузнецов байдың пікірін орнына салып, қазақты 
пұштитып 18 ірі қараны 12 қылды. Қазаққа қалатын жерді малға шағады, малды 
үштен бір есе азайтқан соң, бұл азайтқан мал сыбағасы қазақтан артық болып, 
есепші тілінде «излишка», қазнаға ауды. Чермак есептегенде қазақ ұтып кеткен 
екен деп, қазаққа көп енші қалған екен деп, Кузнецов қайта есептеп, қазаққа 
қалатын жердің үштен бір мүшесін қазынаға алатын қылды. Бұ да қазаққа көп 
болды, тағы осы қазақта артық жер бар деп, 1911-нші жылы ¤скемен уезін 
қайта жазды. Осы қайта есепті алған А.В. Переплетчиков ¤скемен уезінің 
қазағының бір үйіне 16 ірі қара (единица-лошадь) енші кесіп отыр. Сөйтіп осы 
16 дұрыс болса, Кузнецов есебі – 12 өтірік болады. Бұл өтірікке сүйеніп 
қазақтан алған жер қазынаға нахаққа кетпек болады. ‡кімет өз қол астындағы 
жұртқа өтірікті жүргізгені ұят... бірақ, қазақ жеріне жерік болғанда, қызаратын 
бет бар ма?», - деп Щербина экспедициясынан кейінгі зерттеулер туралы өз 
ойын жеткізеді. Деректе этнографиялық мәліметтер өте көп кездеседі. Соның 
ішінде қазақтардың үй жануарларынан алатын сүт тағамдары ерекше 
сипатталған. Оны зерттеушілер қазақтардан жазып алған. Мәселен уыз – бұл 
сиырдың бұзаулағаннан кейінгі алғашқы сүті. Оны қайнатқанда ол 
жұмыртқаның ағына ұқсайды деп, қатық, айран, құрт, май қалайша 
дайындайтындығы туралы да айтылған. Онда сүттен қатықты алу үшін ең 
алдымен сүтті қайнатып, оны ескі айранмен ашытады. Бетін ескі киізбен орап 
қояды. Сүт ашығанда қатық та дайын болатындығы баяндалады. 
Мәселен, Шымкент уезінің қазақтары арасында қолөнершілер, саудагерлер, 
ауылшаруашылықпен шұғылданатын жұмысшылар, қойшылар және т.б. 
болғандығы, олардың сандық көрсеткіштері де деректе берілген. Көршілес 
қырғыз халқының шаруашылығы туралы «ҚЖПМ» дерегінде біршама 
мәліметтер сақталынған.
Онда қазақтар мен қырғыздардың шаруашылық жүргізу ерекшеліктерін 
былайша көрсетеді: «Естественно, что к земледелию кара-киргизы (деректе 
қара-қырғыздар деп қырғыз халқын атаған) привыкают медленно, к тому же и 
удобных для этого площадей в их пользовании находится сравнительно 
ограниченное число. Скотоводство благодаря постоянным неурядицам, 
отражающимся на всем строе хозяйства, и непрывычке кара-киргиз делать 
достаточные запасы корма на зиму, тоже обнаруживает все признаки регресса», 
- деп, қорыта келе қырғыздардың мал және егін шаруашылығын жүргізуі 
қазақтарға қарағанда төмен болғандығын баяндайды. Оны төмендегі кестемен 
көрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет