Кесте 2 - Торғай-Орал зерттеу партиясының құрамы мен алатын жалақысы туралы мәлімет.
Қызметі
Маман саны
Жалақысы
1 адамның
Барлығының
Партия меңгерушісі
1
1000
1000 рубль
Статистика бөлімінің бастығы
1
2100
2100 рубль
Жұмысты жүргізуші
4
1800
7200 рубль
Агроном
2
1425
2850 рубль
Техника бөлімінің меңгерушісі
1
1425
1425 рубль
Аға топограф
3
1150
3450 рубль
Топографтар
13
950
12350 рубль
Жан-жақа жіберетін топографтар
17
50
850 рубль
Көмекшілерге (есепке алу, тіркеу)
6
150
900 рубль
Барлығы
48
10050
32150 рубль
Статистикалық зерттеулерді ұйымдастыру мен мәліметтерді редакциялау
ісін статистика бөлімінің меңгерушісі П.А. Хворостанский жүргізді. Партияның
меңгерушісі және басқарушысы ресми түрде Цабелге жүктелгенімен, зерттеу
жұмыстарын басынан соңына дейін П. Хворостанский атқарды. «ҚЖПМ»
меңгерушінің аты аталмайды да.
П. Хворостанский Щербина экспедициясына қатысқан тәжірибелі
адамдардың бірі болды. Торғай-Орал облыстары уездеріне арналған 7 томның
барлығын ол өзі редакциялап, алғысөзін, қосымша бөлімдерін жазып отырды.
П.А. Хворостанский қоныс аудару ісіне байланысты бірқатар еңбектер жазды.
Оның «Қ вопросу о заселении южных уездов Семипалатинской области»,
«Киргизский вопрос в связи с колонизацией степи», «Эволюция киргизского
18
хозяйства в Тургайской области: статистико-экономический очерк» және т.б.
зерттеулері жарыққа шыққан.
«ҚЖПМ» Ілбішін уезіне арналған томының алғысөзінде «Наблюдение за
подсчетами лежало на бывшем сотруднике статистического отдела
А.Б. Байтурсунове», - деп айтылған. Бұл мәліметтен осы зерттеуге қазақтың
зиялы тұлғаларының бірі А. Байтұрсынавтың да қатысы болған деген
нақтыланбаған болжамымыз бар.
Жалпы Торғай-Орал уездерін зерттеген статистикалық партияның мүшелері
туралы көп мәлімет кездеспеді. Ол зерттеушілер өз жұмыстарында көбінесе
Щербинаның әдіс-тәсілдерін басшылыққа алып отырды.
Сыр-Дария облысында жүргізілген зерттеудің нәтижесінде пайда болған
«ҚЖПМ» жинауға атсалысқан ұжым да статист, агроном, тіркеуші, есептеуші,
топограф, геолог, биологтардан тұрды.
1906 ж. Сыр-Дария облысы Шымкент, Єулиеата, Қазалы, Перовск
уездерінде зерттеу жұмыстарына жетекшілікті белгілі статист П. Скрыплев
басқарды. П. Скрыплев осы зерттеуді 1906 ж бастап жүргізіп,1913 ж. осы жерде
дүние салады. Ол Сырдария облысындағы переселендерге, қазақтардың жер
пайдалануына қатысты «Материалы по обследованию переселенческого
хазяство в Туркестанском крае», «ҚЖПМ» алғысөзін жазып, мәтінін түгел
редакциялады.
Статистикалық партияның құрамы үнемі өзгеріп отырды. Дегенмен,
партияның негізгі тірегі болған жұмысшылар сол қалпында өзгеріссіз жұмыс
жасады. Олардың қатарында кейіннен «ҚЖПМ» құрастыруға атсалысқан:
И.И. Рылов, В.А. Якиманский, П.И. Путилов, А.А. Черновский, Е.Е. Яшнов,
А.А. Росляков, С.С. Неуструевтар болды. Аты аталған зерттеушілер кейіннен
Самарханд облысының Жызақ, Ходжент уездерін, Ферғана облысының
Єндіжан, Наманган уездерін зерттеді.
Зерттеу жұмыстары Шымкент уезінен басталды. Бұл уезге Қоныс аудару
басқармасы «ҚЖПМ» 2 бөлімнен тұратын 3 кітапты арнап шығарды.
Шымкент уезінде шаруашылық-статистикалық зерттеуді үш негізгі отряд
жүргізді. Оларды И.Ф. Гусев, И.И. Рылов, И.Е. Ступаков басқарды. Зерттеуге
статистерден А.П. Баранов, В.А. Якиманский мен П.И. Путиловтер қатысты.
1908 ж көктемде И.Ф. Гусев кенеттен қайтыс болады. Ал топографтардан
В.И. Юферев, В.А. Владимирский көптеген картографиялық суреттерді түсірді.
¤ңірдің топырағы мен ботаникасын зерттеу С.С. Неуструевтің мойнына
жүктелді. Сонымен қатар жергілікті тұрғындар арасынан алынатын тіркеушілер,
аудармашылар мен есепке алушылар да болды. ¤кінішке орай олардың аттары
ешбір жерде аталмаған.
Єулиеата уезін зерттеу екі кезеңнен тұрды. Алғашқы рет 1907 ж. Билікөл,
Күйік, Асын, Тастөбе болыстары зерттелген болатын. 1909 ж. статистикалық
жұмыстар қайта басталды. Деректің өзінде бұл туралы: «В этом году была
подвергнута изследованію вся остальная южная часть Аулиеатинского уезда,
наиболее интересная в колонизационном отношении», - делінген болатын. Уезге
арналған статистикалық материалдарды өңдеу жұмыстары 1910 ж. көктемде
19
аяқталды. Ал «ҚЖПМ» мәтіні осы жылдың күзінде құрастырылып, 1911 ж.
баспадан шығарылды.
Єулиеата уезінде зерттеу жұмыстарына статистерден И.И. Рылов,
В.А. Якиманский, П.И. Путиловтар қатысты. Ал деректі біріккен ұжым, оның
ішінде табиғаты мен ботаникасы, жер қыртысына арналған тарауды
С.С. Неуструев, З.А. Минквиц, О.Э. Кнорриндер жазып дайындаса, 2 және 3
тарауларды Е.Е. Яшнов, И.И. Рылов, И.Е. Суслов, В.А. Якиманскийлер
құрастырды. Барлығын өңдеп, баспаға даярлаған П. Скрыплев еді.
1910 ж. зерттелген Қазалы уезінде жердің қыртысын, ботаникасын
С.С. Неуструев, ал статистерден П.И. Путилов, М.И. Носков, А.А. Черновский,
Е.Е. Яшнов, А.А. Росляков, В.Д. Новосельский, И.И. Рыловтар зерттеді. Алайда
зерттеушілердің барлығы дерлік «ҚЖПМ» құрастыруға қатыса бермейтін.
Мәселен, Қазалы уезін зерттеуге арналған деректің 1-тарауы «Қазалы уезінің
табиғи жағдайының» мәтінін С.С. Неуструев даярласа, «Тұрғындары» деп
аталатын 2-тарауды И.А. Біляев, «Жер өңдеу» деп аталатын 3-тарауын
И.Е. Суслов, «Мал шаруашылығы» деген тарауын И.И. Мальцовтың жинаған
материалының негізінде Н.А. Чудов даярлайды. Деректе сонымен қатар,
И.А. Авдеев, Е.Е. Яшнов, М.И. Носков, А.А. Черновскилер де түрлі мәселелер
бойынша жиналған материалдарды өңдеуге атсалысады.
Сырдария облысының Перовск уезі 1910 ж. көктемде зерттелінді. Бұл
зерттеулердің барлығы ортақ бағдарламаның негізінде жүзеге асырылды. Және
зерттеушілердің де құрамы жоғарыда аты аталған адамдардан тұрды.
Бұл өңірлерде зерттеу жүргізген ұжым сондай-ақ 1911, 1912 жылдарын
Самарханд облысының Ходжент пен Жызақ уездерін зерттеуге алып, 1914 ж.
«Материалы по землепользованию туземнаго кочевого населения района
Голодной степи и прилегающих местностей Ходжентского и Джизакскаго
уездов Самаркандской области» деп аталатын деректі де жариялады. Оны
құрастырған ұжым жоғарыда аты аталған зерттеушілерден тұрды. Сонымен
қатар, 1911 жылы партия мүшелері Ферғана облысының Єндижан, Наманган
уездерін зерттеу нысанына алып, «ҚЖПМ» осы уездерге арналған екі томын
шығарды. 1913 ж. 6 қаңтарда Єндижан уезіне арналған дерек жарыққа шықты.
Оның мәліметтеріне сүйенсек, зерттеу жұмыстары Базар-қорған, Қаракөл-
Сересу, Кенкөл-Қарақыр, Қуғарт, Мәссін, Майлысай, ‡зген, Шанкент, Яссын
болыстары зерттелінген. Ал Наманган уезі 1912 ж. зерттелініп, 1913 ж.
қарашада «ҚЖПМ» Ташкенттегі баспадан басылып шығарылды. Наманганда
тек 5 көшпелі Арым, Қырық-‡гіл, Саруй, Сусамыр, Шатқал болыстары
зерттелінген болатын. Зерттеушілер құрамы жоғарыда аты аталған ұжымнан
тұрды.
Сырдария облысына арналған «ҚЖПМ» жүйелеу ісін редактор ретінде
П. Скрыплев атқаратын. Бірақта 1913 ж. 5 наурызда П. Скрыплев кенеттен
қайтыс болады. Осыдан кейін редакциялау ісін И.И. Рылов өз қолына алады. Ол
көбінесе
П.
Скрыплевтің
басшылығымен
зерттелініп,
жинақталған
материалдарды өңдеумен айналысты.
20
Сырдария облысының уездеріне арналған зерттеулерге тіркеуші, есепші,
тілмаш, сауалнама алушы ретінде қазақтар да қатысқанымен де олардың аттары
дерек көзінде аталмаған болаты.
ХІХ - ХХ ғғ. тоғысқан күрделі уақытта қазақ қоғамы жайында бірсыпыра
салмақты және дәлелді ғылыми еңбектер дүниеге келді. Оған басты мұрындық
болған нәрсе патша үкіметінің Қазақстанды орыс және украин шаруаларымен
қоныстандырмақ болған саясатына байланысты біздің өлкеде жүргізген
статистикалық зерттеу жұмыстары. Қазақ халқының негізгі бөлігін қамтыған
статистикалық зерттеу жұмыстары ғалымдарға өте құнды және обьективті
деректер берді. Єрине, негізінен зерттеу жұмыстары, мақалалар мен
статистикалық есептердің кіріспелері ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ
өлкесінің шаруашылық, әлеуметтік тұрмысын қарастырады. Бірақ зерделей
қараған адамға XVIII ғ. қазақ қоғамын зерттеуде қажет болатын көптеген
материалдар осы басылымдардан аз табылмайды.
Сонымен қорыта айтсақ, «ҚЖПМ» ХІХ ғ. соңы - ХХ ғ. басындағы қазақ
қоғамының рулық-тайпалық құрылымының дерек көзі ретіндегі маңызы мен
басты ерекшеліктерін төмендегідей көрсетуге болады.
Зерттеу экспедициясы мен статистикалық партиялардың жинақтаған
«ҚЖПМ» дерегінен XIX ғ. соңы-XX ғ. басындағы қазақ халқының:
- тарихы мен этнографиясынан;
- жағрафиясы мен ауа-райынан;
- биологиясы мен гидрогеологиясынан;
- экономикасы мен шаруашылығынан;
- халқының құрамы мен саны;
- әлеуметтік және рулық-тайпалық құрылымынан;
- топографиясы мен елді-мекендердің атауынан;
- шежіресі мен ру-тайпалардың орналасуынан;
- қазақ жерін отарлауы жөнінде құндылығы жоғары мәліметтер алуға
болатындығымен де маңызы зор.
Бұл деректің ерекшелігі мен құндылығын атап айтсақ:
- Біріншіден, зерттеу жұмыстары бүкіл Қазақстан жерінде үлкен масштабта
жүргізілуінің нәтижесінде, «ҚЖПМ» Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Сыр-Дария
облыстарын толық қамтиді. Оның тарихын жан-жақты ашып көрсетуге
көмектеседі;
- Екіншіден, Қазақстан жерін зерттеу жұмыстары аяқталмай-ақ, бүкіл
материалдар сұрыпталып, жүйеленіп кітап болып басылып шығуында. Яғни,
дерек пайда болу жағынан сол кезеңнен алшақтамайды;
- ‡шіншіден, бұл деректің материалдарын кітап етіп құрастырып, баспаға
даярлаған авторлардың өздері сол экспедицияның бел ортасында жүріп,
басынан соңына дейін қатысқан білімі жоғары зерттеушілер болған
(Ф. Щербина, Є. Бөкейхан, Л. Чермак, П. Скрыплев, В. Хворостанский және
т.б.). Ол деректің обьективтілігін жоғарылатады;
- Төртіншіден, дерек басылып шыққаннан кейін қайта өңделмеген,
басылмаған. Демек, дерек бұрмалаушылыққа ұшырамай, түпнұсқа күйінде
жетуімен де ерекшеленеді;
21
- «ҚЖПМ» мәліметтері жарияланбастан бұрын басқа да статистикалық
деректермен (1896 ж. 1 қаңтардағы жалпы есеппен) салыстырылған;
- Бесіншіден, «ҚЖПМ» дейін мұндай жан-жақты қамтылған, толық әрі
обьективті статистикалық мәліметтерді, ру-тайпалық кестелерді беретін дерек
көзі болмағандығымен де құнды.
«ҚЖПМ» жинауға қатысқан Є. Бөкейхан туған елінің жерін зерттеу арқылы
жан-жақты білімдарлығын одан әрі тереңдете түсіп, қазақ тарихын, ру-тайпалық
құрылымын зерттеуге өзіндік үлесін қосты.
Осы жоғарыдағы айтылғандарды түйіндер болсақ, «ҚЖПМ» ХІХ ғ. соңы-
ХХ ғ. басындағы қазақтардың дәстүрлі қоғамының тарихын зерттеуде
құндылығы жоғары, өзіндік ерекшеліктері бар дерек көзі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |