Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


өсімдік әлемінің жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер болып бөлінуі



бет108/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

7. өсімдік әлемінің жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдіктер болып бөлінуі
Жоғары сатыдағы өсімдіктер – өсімдіктер әлемінің негізгі екі тобының бірі. Екінші тобы – төменгі сатыдағы өсімдіктер. Жоғары сатыдағы өсімдіктерді ұрықты өсімдіктер (Embryobіonta, Emlryophyta), өркенді, жапырақ сабақты өсімдіктер (Cormophyta, Cormobіonta), түтікті (теломды) өсімдіктер (Telomophyta, Telomobіonta) деп те атайды. Жер шарында Жоғары сатыдағы өсімдіктердің 300 мыңдай түрі белгілі Жоғары сатыдағы өсімдіктерге: риниофиттер, мүктәрізділер, плаунтәрізділер, қырықбуынтәрізділер, қырықжапырақтәрізділер, ашық және жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер жатады.
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы – құрылысы күрделі, көп клеткалы, қоршаған орта жағдайына бейімделген организмдер. Жынысты (гаметофит) да, жыныссыз (спорофит) да көбейе алады. Спорофиттерінде қозғалмайтын спора түзілетін көп клеткалы спорангийлер дамиды, гаметофиттерінде көп клеткалы жыныс мүшелері дамиды, бірақ кейбір ашық тұқымдыларда (гнетум, вельвичия туыстары) және барлық гүлді өсімдіктерде эволюциялық даму жолында гаметангийлері жойылып кеткен. Аналық гамета (жұмыртқа) біреу және ол қозғалмайды, зиготадан көп клеткалы ұрық дамиды. Оның алғашқы даму кезеңі гаметофит ішінде өтеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктер дің спорофиті негізінен жапырақ, сабақ, тамырға бөлінеді. Кейбір түрлерінде арнайы ксилема (әр түрлі клеткалардан құралған өткізгіш ұлпа) және флоэма (органик. заттарды өткізетін түтікше-талшықты күрделі ұлпа) дамиды, бірақ бұлар өсімдіктердің кейбір тобында жойылып кеткен. Кутикулалы (сірқабық) эпидермисі (жабын ұлпасы), лептесіктері болады, көбінің стелалары (өткізгіш жүйесіндегі арқау цилиндр) бар. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі теңіз балдырлары деп есептелінеді. Олардың құрлыққа бейімделуінің нәтижесінде, өздерін сумен қамтамасыз ететін, гаметангийларын кебуден сақтайтын, жынысты жолмен көбейе алатын бейімді мүшелері пайда болған. Сондықтан құрлықта өсіп-өнетін тұқымды өсімдіктердің жынысты көбеюінің сумен байланысы болмайды. Ал Жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым тобы қырықбуын, мүк және қырықжапырақтәрізділердің даму кезеңдері тек суда өтетін болғандықтан, олардың сперматозоидтері, гаметофиттерісусыз қозғала алмайды. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ең ертедегі қазба қалдықтары силур кезеңінен сақталған. Бұлардың көптеген түрлерінің медицинада, өндірісте маңызы зор.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер
Бактериалар
Бактериялар — бір клеткалы тірі организмдер. Бактерия цитоплазмасында вакуольдер болады. Бактерияның басқа тірі организмдерден ерекшелігі, оның клеткасында қалыптасқан ядро болмайды. Алайда мұқият жүргізілген лабораториялық зерттеулер бактериялардың цитоплазмасында клетка яд-росында тән органикалық заттардың болатындығын көрсетеді.
Бактериялар — Жер бетіндегі аса ұсақ тірі организмдер. Олардың мөлшері бірнеше микрон ғана (микрон — 0,001 мм-ге тең өлшем). Көптеген бактериялық процестерді, әсіресе жұқпалы індет ауруларының
таралу себептерін күшті үлкейтетін микроскопсыз түсіну мүлде мүмкін емес еді.. Бактериялар денесінің пішіні қаоай қысқа таяқша тәрізді болып келеді, олар бактериялар мен бациллалар. Дене пішіні жағынан бактериялар мен бациллалар бірдей болғанымен де, тіршілік әрекетінде айырмашылықтар бар, бациллаларда споралары болады, ал бактерияларда ол болмайды. Пішіні шар тәрізді болса— кокктар, екі шар тәрізді болса,— диплококктар, тізбектелген болса, —стрептококктар деп ата-лады. Иілген түрлері де — вибриондар, спирпллалар және спирохеталар болады.
Бактериялардың тіршілік етпейтін жерлері жоқ, олар топырақта да, суда да, ауада да, жануарлар мен адам организмінде де болады. Тірі табиғаттағы зат алмасуда бактериялардың маңызы зор. Зат алмасу процесі бактерияларда өте шапшаң жүреді. Көптеген бактериялар топырақты азотпен байытып, оның құнарлылығын арттырады. Бұршақ түқымдас өсімдіктердің — ақ беде, бөрі бұршақ, т. б.— тамырларынан бактериялары бар түйіндерді табу қиын емес. Бактериялар жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігі жойылған қалдықтарын бүлдіреді, көңді ыдыратуға қатысады және топырақтың минералдануына себін тигізеді. Адам спиртті, айранды, сірке қышқылын ашыту процесте-рінде бактерияларды пайдаланады. Алайда адам мен жануарлар организмінде паразиттікпен тіршілік ететін де көптеген бактериялар бар. Мұндай бактерияларды ауру туғызушы немесе патогенді бактериялар дейді. Туберкулездің, дифтериттің, күйдіргінің, сіреспенің таяқша тәрізді бактериялары өте қауіпті болады. Сіреспе бациллалары көңі көп, майлы топырақта тіршілік етеді де, адам денесіне сәл жарақаттанған жердегі қанға ену арқылы жұғады.
Ауру туғызушы бактерияларды өлтіру қиын емес. Олар қайнатқанда, кептіргенде және улы заттар әсерінен тіршілігін жояды. Олардың жарақаттанған, сыдырылған жерлерге еніп кетуінен сақтанудың оңай жолы — жарақаттанған жерге дереу йод түнбасын жағу.
Бактериялар қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді. Бұл процесс өте шапшаң — әрбір 15—30 минутта — өтеді. Көптеген бактериялардың спораларында тығыз қабық түзілетіндіктен, олар — 120°-қа дейінгі қызуға шыдайды. Бактериялар спораларының тіршілік әрекеті ұзақ жылдарға сақталады.
Балдырлар
Балдырлар төменгі сатыдағы өсімдіктердің үлкен тобын қамтиды.
Күнге қаратылған аквариум әйнектерінің жұқа жасыл түске боялғандығын жиі көруге болады. Бұл хлорелла балдыры (Жасыл балдырлар т и п і).
Көп тұрып қалған су қоймасынан алынған суды микроскоппен қарап, одан жылдам жүзіп жүрген тірі жасыл нүктелерді көруге болады. Бұл да бір клеткалы жасыл балдыр — хламидомонада (Жасыл балдырлар типі). Ол жақсы дамыған екі талшықтарының көмегімен еркін жүзеді.
Ақырында су қоймасынан жасыл түсті ұзын жіпті табу оп-оңай. Бұл жіп пішінді балдырлар. Олардың ішінде вошерия, улотрикс, т. б. сол сияқты түрлері кең тараған. Олар көп клеткалы, бірақ құрылысы өте қарапайым болады. Сәл ғана үлкейтіп, микроскоппен қарағанда жіптің цилиндр тәрізді жеке клеткалардан ұштары арқылы өз ара жалғасып тұрғандығын көруге болады, бірақ олар бір-бірінен қабық арқылы мүлде оқшауланған. Сондай-ақ мөлдір қабық арқылы түссіз цитоплазмадан ашық реңді хлорофилл көрінеді, бірақ ол жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей жеке дәнек түрінде емес, тұтаскан хроматофор қалпында болады. Спирогира балдырынын, хроматофоры ерекше әдемі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет