Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз



бет116/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Нуклеин қышқылдары ДНҚ ядрода (нуклеоидте) орналасады да, микроағзалардың генетикалық қасиеттерін анықтайды. РНҚ жасуша ақуыздарының биосинтезіне қатысады, ядрода және цитоплазмада болады. Нуклеин қышқылдарының мөлшері 10% — дан 30% — ға дейін ауытқып отырады, ол оның түрі мен жасына байланысты.
Көмірсулар (құрғақ заттың 12-18% құрайды) микробты жасуша оны энергия мен көміртегі ретінде қолданады. Олардан жасушаның көптеген құрылымдық бөлшектері (жасушалық қабық, капсула және басқалары) құрылған. Көмірсулар, сонымен қатар, грамм оң бактерияларға тән тейхоев қышқылы кұрамына да кіреді.
Нақты мәлімет бойынша бактериялардың жасушалары құрамына жәй (моно- және диасахаридтер) және жоғары молекулярлық (полисахаридтер) көмірсулар кіреді. Бірқатар бактерияларда химиялық құрамы жағынан гликогенге және крахмалға ұқсас қосылыстар болуы мүмкін, олар жасушада қоректік заттар қоры рөлін атқарады. Түрлі микроағзалар құрамындағы көмірсулар мөлшері әртүрлі болады, ол жас шамасына және даму жағдайларына байланысты.
Липидтер (құрғақ заттардың 0,2 — 40% құрайды) цитоплазмалық мембрана және жасушалық қабырға үшін қажетті зат болып табылады, олар энергия алмасуға қатысады. Бірқатар микробты жасушаларда липидтер қордағы заттар рөлін атқарады. Липидтер негізін бейтарап майлар, май қышқылдары және фосфолипидтер құрайды. Олардың жалпы саны микроағзалардың жасына және түріне байланысты. Мысалы, туберкулез микобактериясында липидтердің мөлшері 40% жетеді, осыған байланысты бактериялардың сыртқы орта факторларының әсеріне төзімділігі және тұрактылығы жоғары. Микроағзалар жасушаларында липидтер көмірсулармен және ақуыздармен байланысып, микроағзалардың уытты қасиеттерін айқындайтын күрделі кешен құра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет