Минералды заттар — фосфор, натрий, калий, магний, күкірт, темір, хлор және т.б. Олар құрғақ қалдық мөлшерінің орташа есеппен 2-14% құрайды.
Фосфор — нуклеин қышқылдарының, фосфолипидтер, көптеген ферменттер, сонымен қатар жасушадаға энергия аккумуляторы болатын АТФ (аденозинтрифосфорлы қышқыл) құрамына кіреді.
Натрий жасушадағы осмотикалық қысымды қолдау қызметін атқарады.
Темір тыныс ферменттер құрамына енеді.
Магний грамм оң бактериялар бетінде шоғырланған магний рибонуклеаты құрамына кіреді.
Бактериялардың қоректенуі
Барлық бактериялар үшін тіршілік ету, тыныс алу, көбею үшін қоректік заттар қажет. Қоректік заттар және энергия көзі ретінде микроағзалар түрлі органикалық және бейорганикалық қосылыстарды пайдаланады. Қалыпты тіршілік ету үшін оларға сонымен қатар микроэлементтер және өсу факторлары қажет.
Бактериялардың қоректену үрдісінің ерекшеліктері: біріншіден, қоректік заттар жасушаның тұтас бетінен түседі; екіншіден, микробты жасушада метаболизмдік реакциялардың жылдамдығы жоғары; үшіншіден, микроағзалар тіршілік ортасының өзгергіштігіне жылдам бейімделеді. Көміртекті қолдануына байланысты микроағзалар екі топқа бөлінеді: автотрофтар және гетеротрофтар.
Достарыңызбен бөлісу: |