Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


Task 9 1.саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері қоректену әдісі



бет120/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

Task 9
1.саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері қоректену әдісі
Саңырауқұлақтар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тарағаны, олардың 100000-дай түрі кездеседі.
Басқа өсімдіктер типтерінен басты айырмашылықтары пластидтері, хлорофилі болмайды. Бұлар дайын органикалық заттармен қоректенуге бейімделген гетеретрофты өсімдіктер.
Түрлері бойынша Жейтін саңырауқұлақтар және Жеуге жарамсыз саңырауқұлақтар болып бөлінеді. Олардың вегетативтік денесі тарамдалып матасқан гифалардан (жіңішке жіпшелерден) тұрады. Бұлар бір-бірімен матасып грибница немесе мицеллий деп аталатын саңырауқұлақтың денесін құрайды.
Гифарлардың жуандығы 1-ден 10 кейде 20 микронға дейін барады. Олардың көбісінің мицелийлері субстраттың ішінде жатады. Субстраттың бетінде жемісті денелері немесе спора тасушы органдары орналасады. Олардың пішіндері шар тәрізді, таға, қабық сияқты, қалпақты түбірге ұқсас және басқаша түрлі болып келеді.
Гифалар төбе жасушалары арқылы ұзарып өседі және моноподиальды бұтақтанады. Бүйірлік мицелийлер негізгі мицелийлерге ұқсайды. Тек паразит саңырауқұлақтардың көбісі иесінің жасушасының ішіне еніп жататын бүйірлік мицелийлері әрі қарай өспейді, жасуша ішінде шар, алмұрт, немесе тарамдалған гаусторияғаайналады, сөйтіп иесінің жасушасындағы қоректік заттарды сорып, тіршілік етеді.
Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың кейбіреулерінде мицелий болмайды, вегетативтік денесі жалаңаш не қабықшасы бар протоплазмадан тұрады. Мұндай саңырауқұлақтардың жасушаларынан тарамдалған, өте жіңішке, ядросы жоқ қысқа жіпшелер өседі, оны ризомицелий деп атайды. Ол мицелийдің алғашқы нышаны болып есептелінеді.
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері – көлденең перделерге бөлінбеген, көп жасушалы. Олардың перделерінде жасушаларды бір-бірімен байланыстырып тұратын өте ұсақ поралары болады.
Саңырауқұлақтардың жасуша қабығы құрамында насекомдар қабықтарының хитиніне ұқсас, хитин заты және полисахаридтер болады. Олардың жасушасы протоплазмадан, бір, екі, кейде одан да көп ядродан және вакуолядан тұрады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың мицелийлері көп ядролы, ал жоғары сатыда орналасқан саңырауқұлақтар бірнеше ядродан тұрады.
Жасуша ядролары саңырауқұлақтардың көпшілігінде өте кішкентай 1-3 микрондай болады. Ірі ядролар жыныс процесімен байланысқан органдарда ғана болады да, кейде олардың мөлшері 10 микронға жетеді. Ірі ядроларда ядрошықтардың бар екендігі байқалады. Протоплазма жас жасушалардың – гифалардың ұштарын толтырып тұрады. Бояп қарағанда олардан ұсақ дөңгелек көпіршік тәрізді вакуолялар көрінеді. Ересек жасушаларда протоплазма жасушаның қабығына қарай жақын орналасады. Клетканың ортаңғы бөлімін ірі вакуоля алып жатады. Одан жасушаның жан-жағында жіңішке протоплазмажіпшелері тарайды. Вакуоля жасуша шырынына толы болады. Клетка шырыны түссіз, тек ағзадан саңырауқұлақтарда антоциан пигментінің болуына байланысты, қызғылт тартып тұрады. Саңырауқұлақ жасушаларында қор заты ретінде еш уақытта крахмал жиналмайды, май тамшылары мен гликолен, ал біраз саңырауқұлақтарда волютин жиналады.
Кейбір саңырауқұлақтарда әр түрлі улы заттардың жиналуы да жиі кездеседі. Саңырауқұлақтардың түсі – жасуша қабығында, протоплазмада, вакуоляда болатын пигменттерге байланысты. Пигменттер әр түрлі химиялық процесстер нәтижесінде түзіледі.
Саңырауқұлақтардың жоғары сатыдағы өсімдіктердегідей нағыз талшықтар болмайды. Алайда жалған талшықтар жиі кездеседі, олар өз ара матасып жататын, бірақ плазмодесмамен жалғаспайтын гифалардан құралады. Жалған ұлпа гифалардың құрылысы әр түрлі болады және түрліше орайласып келеді, демек олардың физиологиялық маңызы да өзгеше. Оларды кейде жалған түзуші, жабындық, механикалық, өткізгіш тканьдер деп бөледі. Кейбір саңырауқұлақтардың ризоморфтар деп аталатын. Мицелийлердің матасуынан құралған, жуандығы бірнеше миллиметрге жетіп, ұзындығы бірнеше метрге дейін баратын суды өткізу қызметін атқаратын ұзын қоңыр түсті жуан жіптері болады.

Мицелийлердің сыртқы – экзогенді және ішкі эндогенді болып екіге бөлінеді:


Экзогенді мицелийлер субстраттың үстінде,
Эндогенді мицелийлер субстраттың ішінде, өсімдік қалдықтарының арасында, тірі өсімдіктер денесінің ішінде жатады.
Эндогенді мицеллилер табиғатта жиі тараған, олар сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан жақсы қорғалады және қоректік заттармен мол қамтамасыз етіледі. Мицелийлер субстраттың ішіндегі эндогендік тіршілігіне байланысты, көп жылға дейін паразиттік не сапрофиттік тіршілік етеді.
Саңырауқұлақтар де вегетативтік, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Бұлардың көбею органдарының құрылысы алуан түрлі, осыған негіздей отырып, оларды классификациялайды. Саңырауқұлақтар мицелийлерінің жеке бөліктерге және жасушаларға бөлінуі арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Ашытқы саңырауқұлақтары жасушаның бүршіктенуі, ал басқа саңырауқұлақтар артроспоралар (оидия) және хламидоспоралар арқылы да вегетативтік көбейеді. Артроспора арқылы көбейгенде мицелийлер жұқа қабығы бар жасушаларға ыдыраса, хламидоспора арқылы көбейгенде, қалың қоңыр түсті қабығы бар жасушаларға ыдырайды. Қаракүйе саңырауқұлағының белгілі даму сатысында хламидоспора шартты түрде болып отырады. Бұлар – қолайсыз жағдайларға жақсы бейімделген, қор заттармен қамтамасыз етілген споралар.
Әр түрлі спора тасушы органдарының құрылуы арқылы саңырауқұлақтар жыныссыз жолмен жиі көбейеді. Бұл споралар өздерінің шығу тегі жағынан эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) болып екіге бөлінеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар эндогендік споралар арқылы көбейеді. Олар гифаларының ұшынан өсетін спорангияларда түзіледі. Кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың споралары балдырлардың зооспораларына ұқсас, қозғалғыш келеді, оны зооспора деп атайды, олар зооспорангияларда көп мөлшерде түзіледі. Зооспоралар суда талшығы арқылы еркін қозғалады. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың көпшілігі зооспоралармен көбеймей, қозғалмайтын қалың қабығы бар споралар арқылы көбейеді. Мұндай споралар, спорангии сағағы деп аталатын ерекше мийелийлердің ұшынан дамитын спорангийлердің ішінде өседі.
Экзогендік спораларды конидия деп атайды. Бұлар моншақ тәрізді тізбектеліп келіп, ерекше тарамдалған конидия сағағы деп аталатын мицелийлердің ұштарында дамиды. Саңырауқұлақтарды конидиялардың пішіндерінің әр түрлі болуына және олардың ерекшеліктеріне қарай бір-бірінен ажыратады.
Жыныссызға қарағанда, жынысты көбею әр түрлі болып келеді. Қарапайым саңырауқұлақтар хологамия, изогамия және гетерогамия жолдарымен көбейсе құрылысы күрделілерді оогамия және тіркеспелі балдырлардың коньюгациясы сияқты, зигогамиялы жолмен де көбейеді. Барлық төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда зигота біраз уақыт тыныштық күйде болады. Ол өсер алдында редукциялы бөлінеді. Зиготадан не зооспорангииі, не спорангиі, не конидиялары бар қысқа гифалар түзіледі, олардың әрқайсысынан өздеріне тән споралар піседі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтардың барлық тіршілік жағдайы гаплоидты, ал диплоидты болып тек зигота есептеледі[2,3].
Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың көбісі жеке гаметангияларға бөлінбеген, сыртқы құрылысы жағынан әр түрлі жыныс органдарының ұрықтануы қозғалмайтын спермациялар арқылы болады. Олар несекомдармен немесе ауаның ағынымен таралады. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың біраз түрлерінде нағыз жыныс процесінің жойылғаны байқалады. Ұрықтану көпшілік жағдайда бір вегетативтік клетканың протопласты екінші бір жасушаға жылжып барып құйылуы, яғни соматогамия арқылы болады. Мұнда ядролар бір-біріне бірден қосылмайды, олар тек жұп-жұбымен жақындасып, дикарион түзіледі. Содан кейін әр түрлі жынысты ядролар бір-бірмен қосылып, диплоидты ядро – кариогамияға ауысады. Ядролар жынысты жолмен қосылғаннан кейін, тыныштық кезеңінен өтпей-ақ, редукциялы жолмен бөлініп, гаплоидты жынысты көбею спорасына айналады. Сонымен көпшілік жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың даму циклында гаплоидты, дикарионды және диплоидты үш фаза алмасып отырады. Диплоидты фаза аз уақыт, ал гаплоидты және дикарионды фазалардың ұзақтығы саңырауқұлақ топтарына байланысты әр түрлі болады.
Клетаның бөлінуі
Жыныс процесінің нәтижесінде пайда болған споралар біреулерінде эндогенді жолмен ерекше қалталарының ішінде 8-ден түзілсе, екінші біреулерінде базидия деп аталатын жасушалардың үстінде 4-тен экзогенді споралар түзеді. Эндогендік спораларды аскоспора, ал экзогендік спораларды базидиоспоралар деп атайды.
Жынысты және жыныссыз көбеюлер саңырауқұлақтардың даму циклында заңды түрде ауысып отырады да, жынысты көбею арқылы даму циклы аяқталады.
Біраз саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар бірнеше жыныссыз спора түзу органдары болады. Ондай саңырауқұлақтар спора түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп жібереді, егер оның генетикалық байлынысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Сөйтіп, саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екендігі, яғни бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі болып пішінін өзгерте алатына байқалады.
Саңырауқұлақтар хлорофилі болмағандықтан сапрофитті, не паразитті жолмен тіршілік етеді. Сапрофитті саңырауқұлақтар өлі субстраттар мен органикалық қалдықтарға шоғырланады. Паразитті саңырауқұлақтар кейбір пішімдері де табиғатта кең таралған. Олар көбінесе шірінтінділерде көп кездеседі және тірі ағзалардың өмірімен байланыста болып, ол қашан иесі тіршілігін жойып, қурап біткенге дейін онымен бірге тіршілік ете береді.
Саңырауқұлақтардың өсіп-өнуі үшін, қолайлы ылғалды субстрат қажет. Субстраттың ылғалды болуы мицелийдің түзілуіне, ал құрғақ болуы – спора құру органдарының өсіп дамуына себеп тигізеді. Олардың көпшілігі оптималды температураны +20-250С, ең төменгі +1-50 температураны да жақсы көтереді.
Жиналған жейтін саңырауқұлақтар
Біраз саңырауқұлақтарда бір-бірінен айырмашылықтары бар бірнеше жыныссыз спора түзу органдары болады. Ондай саңырауқұлақтар спора түзу кезінде сыртқы түрін өзгертіп жібереді, егер оның генетикалық байланысын білмесе, оны басқа саңырауқұлақ деп ойлауға болады. Ертеде мұндай әртүрлі жаныссыз көбею органы бар саңырауқұлақты әр түрге, тіпті кейде әр туысқа жатқызған. Сөйтіп, саңырауқұлақтардың плеоморфизмдік қасиетінің бар екені, яғни бір түрге жататын өсімдіктің әр түрлі болып пішінін өзгерте алатыны байқалады.
Жоғарыда айтып кеткендей, клавициалды саңырауқұлақтар қалталы саңырауқұлақтар класына жатқызылады. Бұлардың басты ерекшелігі – көп жасушалы мицелийдің және жыныс процесінің нәтижесінде түзілетін қалталарының (аскаларының) болуында. Олардың ішінде қалыпты жағдайда 8 эндогенді спора түзіледі, оларды аскоспоралар деп атайды. Аскомицеттердің жынысты көбеюімен бірге конидиялар арқылы жыныссыз көбею де көп таралған. Мұнда конидия споралары экзогенді жағдайда конидия сағағының үстінде түзіледі. Жыныссыз процесс қалталы саңырауқұлақтарда көбеюдің негізгі тәсілі болып есептеледі, оның себебі жынысты қалта құру процесі даму циклінің аяғында, қолайсыз жағдайлар туғанда ғана болады[1,2].
Мицелийлері көп түрлерінде субстраттың ішіне еніп жатады, ал оның үстінде спора тасушы органдары түзіледі. Конидиялар субстарттың бетінде ұлпа, қатпар, нүкте, дақ және басқа пішінді болып келеді. Кейбір түрлерінде қалталы спора тасушы органдар шашылып жатса, ал көбісінде - әр түрлі пішіні бар жемісті дене түрінде болады.
Жыныс процесі әр түрлі топтарда, тіпті бір топтың өз ішінде де әр түрлі жағдайда өтеді. Мұнда мицелийлердің 2 жасушасы қосылады, сөйтіп ядролары бірігіп зигота түзіледі. Ол тыныштық күйге көшпей-ақ қосылған ядро редукциялы жолмен 3 рет бөлініп, гаплоиды 8 ядро түзеді. Ядроның айналасындағы протоплазмалардың бір бөлімі қатайып спора қабығында, ал зигота қабығы қалтаға айналады. Сөйтіп, гаплоидты ядродан қалталы 8 аскоспора түзіледі. Бұл жағдайда зиготадан бір ғана қалта дамиды. Мұнда геметаларға бөлінбеген екі жыныс органдарының жасуша ішіндегі заттары бір-біріне құйылады. Жыныс органдары дамыған мицелийлердің бір бөлімі оның айналасына тоқылып жеміс денесінің тканін түзеді, одан пішіні әр түрлі жеміс денесі өсіп жетіледі. Сөйтіп, олардың жемісті денесі мицелийдің үстінде немесе строма деп аталатын тығыздалып өрімделген гифалардың ішінде дамиды.
Клавициалды саңырауқұлақтар табиғатта кеңінен таралған. Ботаника ғылымының қалыптасуыннан-ақ бастап бұл саңырауқұлақтар ботаниктер мен энтомологтар сияқты зерттеушілердің көмегімен ажыратылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет