Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
3. жоғары сатыдағы өсімдіктер құрылысы,көбеюі Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер (лат. Embryophyta) - күрделі дифференциалданған көпжасушалы ағза - жер көлемінде өсуге бейімделген. Патшалық асты патшасына жататын өсімдіктер - 300 мыңнан астам көбінесе құрғақ жерлерде өседі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер сабақ және жапырақтан тұрады. Осыған байланысты оларды жапырақ сабакты өсімдіктер деп атайды- (Cormophyta). Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көбінде тамыр болады. Бұлар 2 жолмен көбейеді - жынысты - (гаметофит) және жыныссыз - (спорофит). Жыныс мүшелерінің: аталығы - антеридий - аналығы - архегоний -әрқашан көпжасушалы. Қазіргі жоғарғы сатыдағы өсімдіктерге:
ринифиттер
сарыбауырлылар
плаун тәрізділер
псилотәрізділер
қырықбуындар
папоротниктер
жалаңаш
жабықтұқымдылар жатады.
Балдыр тәрізді ұрпақ- силурий дәуірінің аяғынан басталды.[1] Палеонтологияда: бүкіл өсімдіктер әлемінің екі үлкен тобының бірі; екінші топ төмен сатылы өсімдіктер деп аталады.
Жоғары сатылы өсімдіктердің төмен сатылы өсімдіктерден айырмашылығы бұлар жақсы жетілген үш бөліктен тұрады, олар -
өсімдіктің тамыры,
сабағы
жапырағы.
Жоғары сатылы өсімдіктер бірнеше типтерге жіктеледі, олар — мүкке ұқсайтындар, псилофиттер, плаун тәрізділер, желісабақтылар, папаротник тәрізділер.
Папаротник тәрізділер, өз кезегінде, үш класқа жікгеледі, олар —
папоротниктер (тұқымсыздар),
ашық тұқымдылар,
жабық тұқымдылар.[2]