Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
Автотрофтар (грек тіліндегі autos — өзім, trophe — қорек) күрделі органикалық заттарды қарапайым бейорганикалық қосылыстардан синтездейді. Олар көміртектің көзі ретінде көмірқышқылын және көміртектің бейорганикалық қосылыстарын қолданады. Автотрофтарға көптеген топырақ бактериялары жатады (нитрифицияланатын, күкірт бактериялары және т.б.).
Гететрофтар (грек тіліндегі heteros — басқа, trphe — қорек) өзінің өсуі және дамуы үшін дайын органикалық қосылыстарды қажет етеді. Олар көмірсутектен (көбіне глюкозадан), көпатомды спирттен, органикалық қышқылдардан, аминқышқылдарынан және басқа да органикалық заттардан көміртекті сіңіреді. Гетеротрофтар микроағзалардың ауқымды тобы, олардың ішінде сапрофиттерді және паразиттерді ажыратады.
Сапрофиттер (грек тіліндегі sapros — шіріген, phyton — өсімдік) дайын органикалық қосылыстарды өлген ағзалардан алады. Олар өлген органикалық қалдықтардың ыдырауында маңызды рөл атқарады, мысалы шіріткіш бактериялары және т.б.
Паразиттер (грек тіліндегі parasitos — арамтамақ) өсімдіктердің, жануарлардың және адамның тірі жасушасының органикалық заттары есебінен тіршілік етіп, көбейеді. Ондай микроағзалардың қатарына риккетсиялар, вирустар және бірқатар қарапайымдылар жатады. Энергия көзі жағынан микроағзалар ішінде биосинтетикалық реакциялар үшін күн сәулесін қолданатын бактерияларды фототрофтар деп атайды (қара-қызыл күкірт бактериялары). Энергияны бейорганикалық заттардың (нитрифицирлейтін бактериялар және т.б.) және органикалық қосылыстардың (бактериялардың басым саны, соның ішінде адам үшін патогенді түрлері) қышқылдануы нәтижесінде алатын бактерияларды хемотрофтар деп атайды.
Бактериялардың тыныс алуы
Бактериялардың тынысы (немесе биологиялық тотығу) нәтижесінде микробты жасушалар тіршілігі үшін қажет энергия босайтын биохимиялық үрдістердің жиынтығы.в Бактериялардағы барлық физиологиялық процестер: қозғалғыштығы, өсуі, көбеюі, спора және капсула түзгіштігі, токсин түзуі энергияның түсуімен байланысты болады. Бактериялар энергияны әр түрлі химиялық қосылыстардың: көміртегінің, спиртгің, органикалық қышқылдардың, майлардың және т.б. заттардың тотығу реакциясы нәтижесінен алады.
Тыныс алу түріне қарай микроағзалар аэробтар, анаэробтар және факультативті анаэробтар болып бөлінеді. Аэробты микроағзалар оттегі бар жерде, анаэробтар оттегі жоқ жерде, ал факультативті анаэробтар оттегі бар және оттегі жоқ жерде де тіршілік етеді. Аэробты бактериялар екі топқа бөлінеді: облигатты аэробтар, микроаэрофилдер. Облигатты аэробтар (туберкулездың микобактериялары және басқалары) ауаның құрамында оттегінің мөлшері 20-21% болған кезде тіршілік етіп, дамиды. Микроаэрофилдер ауаның құрамында оттегінің мөлшері өте аз болғанда тіршілік етеді (кейбір лептоспиралар, бруцеллалар). Облигатты анаэробтар (сіреспе, ботулизм клостридиялары және басқалары) оттегі болмаған жағдайда ғана тіршілік етіп, дамуға қабілетті.
Бактериялардың өсуі мен көбеюі