Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
Иілген пішіндергеспириллалар, вибриондар және спирохеттер жатады. Спирохеттер 3-5 жерден иілген болып келеді. Спирохеттер мерез ауруын туындатады. Вибриондар үтір тәрізді. Олар тырысқақ ауруының қоздырғышы. Спириллалар спираль тәрізді. Спириллалардың көпшілігі ауру қоздырмайды.
Бактериялардың химиялық құрамы
Зат алмасу процесін түсіну үшін микроағзалардың химиялық құрамын білу қажет. Микроағзалардың құрылысында барлық тірі ағзалардың ұлпаларында кездесетін химиялық заттар бар. Микроағзалардың биохимиясы қоршаған ортадағы ұсақ ағзалардың (бактериялардың, вирустардың, саңырау кұлактардың, көк-жасыл балдырлардың, қарапайымдылардың) химиялық құрамын зерттейтін ғылым. Химиялық құрамы бойынша микроағзаларда екі түрлі заттар кездеседі: органикалық және бейорганикалық.
Органикалық заттарға ақуыздар, көмірсулар, липидтер (майлар) және нуклеин қышқылдары жатады. Негізінен олар микроағза жасушасының құрылыс материалы және энергия көзі ретінде қолданылады. Әр түрлі микроағзаларда органикалық заттардың мөлшері әр түрлі болады. Бейорганикалық заттарға су және минералды тұздар жатады.
Су. Жасушаның басым мөлшері судан 75-85% тұрады. Жасуша тіршілігінде судың маңызы өте зор. Барлық заттар жасушаға су арқылы түседі, сонымен алмасу өнімдері де шығып отырады. Микробты жасушадағы су бос күйінде, дербес қосылыс ретінде болады, бірақ оның басым мөлшері жасушаның түрлі химиялық құрамдастарымен (ақуыздар, көмірсулар, липидтермен) байланыста болады да, жасушалық құрылыстар құрамына енеді.
Бос су жасушада өтетін химиялық реакцияларға қатысады, түрлі химиялық қосылыстардың ерітіндісі ретінде қолданылады, сонымен қатар коллоидтар үшін дисперсті орта қызметін атқарады. Жасушадағы бос су молшері сыртқы ортаның, жасушаның физиологиялық жағдайына, оның жас шамасына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, кейбір мәліметке жүгінсек бактериялардың споралық түрлерінде, вегетативтік жасушалармен салыстырғанда, су анағұрлым аз болады. Судың ең көп мөлшері капсулалы бактерияларда болады.
Ақуыздар (құрғақ заттардың 50-80 % құрайды ) микроағзалардың ең маңызды биологиялық қасиеттерін анықтайды. Олар жәй ақуыздар -протеиндер және күрделі ақуыздар — протеидтер болып бөлінеді. Жасуша тіршілігінде маңызды рөлді нуклеопротеидтер — ақуыздың нуклеин қышқылдарымен (ДНҚ және РНҚ) байланысы атқарады. Нуклеопротеидтерден басқа, микробты жасушада аз мөлшерде липопротеидтер, гликопротеидтер, хромопротеидтер болады.
Ақуыздар цитоплазмада, нуклеоидте орналасады, олар жасуша қабырғасының құрылысына енеді. Ақуыздарға ферменттер, көптеген токсиндер (микроағзалардың уыттары) жатады. Жасушалардың түрге ерекшеленуі — олардың құрамындағы ақуызды заттардың саны мен сапалық кұрамына байланысты.