Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


төменгі сатыдағы өсімдіктер оларға жалпы сипаттама



бет112/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

8. төменгі сатыдағы өсімдіктер оларға жалпы сипаттама
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген. Бұлардың арасында клеткасы оқшауланған нағыз ядросы жоқ прокариоттар және клеткаларында нағыз ядросы бар эукариоттарболады. Дене құрылысы жағынан бір не көп клеткалы және ұзындығы 30 – 35 м-ге жететін түрлері де кездеседі. Қоректенуі жағынан автотрофтылар (балдырлар, қыналар, кейбір бактериялар); гетеротрофтлар және автогетеротрофтлар (миксотрофтар) болып бөлінеді. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің қазба қалдықтары өте ертеден белгілі. Бактериялар мен балдырлар кембрийге дейінгі криптозойлық шөгінділерден табылған. Төменгі сатыдағы өсімдіктер табиғатта зат алмасу процесінде (қ. ПродуценттерКонсуметтерРедуценттер) үлкен рөл атқарады. Кейбір түрлері атмосферлік азотты фиксациялауға қабілетті. Көпшілік түрі тағам ретінде (саңырауқұлақтар, балдырлар), тыңайтқыш ретінде (балдырлар), кондитерлік өндірісте (агар), антибиотиктер алуда (сәулелі саңырауқұлақтар), қоршаған ортаның ластану деңгейін анықтауда (қына) пайдаланылады. Араларында зиян келтіретін түрлері де аз емес. Мысалы, ауру тарататын паразитті саңырауқұлақтар, судың “гүлдеуін” туындататын кейбір балдырлар.Төменгі сатыдағы өсімдіктер жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің арғы тегі .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет