Task 1 күн жүйелеріне енетін аспан денелерін атаныз


бактериялар прокариотты организм ретінде



бет113/191
Дата08.02.2022
өлшемі0,82 Mb.
#130870
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   191
Байланысты:
Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз

9. бактериялар прокариотты организм ретінде
Бактериялар (гр. bakterion - «таяқша») — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ жасушалар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады бірақ көбінесе нейтралды қызметті атқарады.

Бактерия - бір жасушалы организм, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы организмдер[2].


тануға болады.
Шар тәрізді бактериялар деп кокктарды атайды (латын тіліндегі coccus — жидек) және ол жасушалардың диаметрі 0,5-тен бастап 1 мкм дейін болады. Кокктардың пішіні алуан түрлі: сфера тәрізді, ланцет тәрізді, бұршақ тәрізді. Бөлінгеннен кейін жасушалардың өзара орналасуына қарай, кокктар ішінде келесілерді ажыратады: микрококктар (латын тіліндегі micros -шағын) — жасушалар әртүрлі жазыктықтарда бөлінеді де, дара орналасады; диплококктар (латын тіліндегі diploos — екілік) — жасушалар бір жазықгықта болініп болған соң, жұптасып орналасады, олардың қатарына ланцет тәрізді пневмококктар және бұршақ тәрізді гонококктар мен менингококктар жатады; стрептококктар (латын тіліндегі streptos -тізбек) — жасушалар бір жазықтықта бөлініп, тарамай, тізбек түзеді; стафилококктар (латын тіліндегі staphyle — жүзім) — жасушалар түрлі жазықтықтарда бөлініп, жүзімнің үзімі түрінде шоғырларды түзеді; тетракокктар (латын тіліндегі tetra — төрт) — жасушалар екі өзара перпендикуляр жазықтықтарда бөлінеді де, төрт-төрттен орналасады; сарциналар (латын тіліндегі sarcio — тіркеймін) — жасушалар өзара перпендикуляр үш жазықтыкта бөлініп, әрқайсысында 8 немесе 16 жасуша болатын түйіншектер немесе топтамалар түрінде орналасады.
Кокктар сыртқы ортада, сонымен қатар адам және жануарлардың ағзаларында кеңінен тараған. Кокктар топтарының құрамында жұқпалы аурулар қоздырғыштары бар (микрококктардан, тетракокктардан және сарциналардан басқа).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   191




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет