Байланысты: Task 1 к н ж йелеріне енетін аспан денелерін атаныз
Қаңқасы. Ұшатын құстардың қаңқасы жұқа, жеңiл және қуыс сүйектерiнiң iшi ауаға толып тұрады. Мұндай жағдай құстардың салмағын едәуiр жеңiлдетiп, ауада тез ұшуларына мүмкiндiк туғызады. Ал ұшпай тек қана жерде жүретiн құстардың жiлiктерiнде әруақытта май болады.
Мойын омыртқалары көп және бiрiмен бiрi қозғалмалы жалғасқан. Омыртқалардың мұндай қосылуы бастың қозғалып тұруына мүмкiншiлiк туғызады. Бас сүйегiмен жалғасатын алғашқы екi омыртқаны атлант және эпистрофей деп атайды. Мойын омыртқаларға қарағанда көкiрек-бел омыртқаларының кейбiреулерi бiргiп кеткен. Сондықтан олар қанаттарға мықты тiрек болады. Құстың қабырғалары кеуде омыртқалары мен төс сүйегiн қосып көкiрек клеткасын құрайды. Төс сүйек ұшатын құстарда жақсы жетiлген, оның астыңғы бетiнiң ұзына бойына созылатын биiк жал сияқты қыры болады. Бұл қырдың бетiне қанатты қозғалысқа келтiретiн кеуде еттерi бекидi. Ал ұшпайтын құстардың мысалы, түйеқұстардың төсi қырлы сүйексiз жалпақ болады. Құстардың бас сүйектерi де өте жеңiл болады. Ми сауытын құрайтын сүйектерден басқа астыңғы және үстiңгi жақ сүйектерi бар. Бiрақ жақ ұзарып тұмсыққа айналып кеткен. Жақ сүйектерден терi тектес тiс пластинкасы болады. Құстардың алдыңғы аяғының құрылысына көп өзгерiс кiрген. Бiрiншi саусақ нашар жетiлген басқа саусақтардың тек қана болмашы қалдығы сақталған. Саусақтардың қалдықтары құстың алдыңғы аяқтарының ұшуға бейiмделiп қанатқа айналғандығын көрсетедi.
Құстардың иық белдеуi қанаттың қозғалуына байланысты жақсы дамыған. Ол қанаттардың қаңқасын төспен байланыстырып тұратын үлкен қарға сүйектер мен арқасындағы ұзынша жауырын және бiр басы өзара бiрiгiп бiткен айырға ұқсас сүйектерден құралады. Құстардың артқы аяқ қаңқасы ұзынша келген жiлiктер мен саусақ сүйектерде құралады. Аяқтардың қаңқасына тiрек болатын жамбас белдеуi – жамбас сүйектерi омыртқа жотасымен қосылып қозғалмай аяқтарға жақсы сүйенiш болады. Құйрық омыртқалары бiрiмен бiрi бiрiгiп құйымшақ сүйегiмен қосылып келедi. Қабырға көкiрек және арқа бөлiмдерi болып екi бөлiктен тұрады. Олардың қосылған жерi қозғалмалы бекiнiп, денесiнiң артына қарай сүйiр болып жасайды. Қабырғалардың мұндай құбылыста болуы арнаулы бұлшық еттерiнiң жиырылуының нәтижесiнде төс сүйегiн омыртқа жотасына бiрде жақындатып немесе қашықтатып отырады. Соның нәтижесiнде көкiрек көлемi өзгерiп отырады, мұның тыныс алуда маңызы зор.