2.кенді пайдалы қазбалар
Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады. Оларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий, алтын, күміс, мырыш және тағы басқа металдар алынады. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Орталық Қазақстанда көп шоғырланған. Ондағы Жезқазған және Қоңырат мыс кен орындары әлемге әйгіліҚазақстанның картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету.
Тас көмір - Қарағанды, Екібастұз
Мұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңірінде
Газ - Ақтау, Орал облыстарында
Алюминий – Арқалықта
Мыс кені – Жезқазғанда
Ас тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңірінде
Темір кені - Қостанай өңірінде
Фосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен « Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады екен»
3.кенсіз пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын – Тұз, әктас, мәрмәр, гранит, бор, ұлутас, асбест
Достарыңызбен бөлісу: |