3. галактика неден тұрады Галактика – жұлдыздар мен жұлдыздардың шоғырлануы, жұлдызаралық газдар мен тозаңнан және түнек материясынан құралған алып, гравитациялық-байланысқан жүйе.Галактика жұлдыздардан тұрады.
Құс жолы (немесе бас әріппен Галактика) — құрамына Күн жүйесі және көптеген жұлдыздар енетін алып аумақты спиральді галактика. Ол шамамен екі жүз миллиард жұлдыздан, сондай-ақ жұлдыз шоғыры мен тобынан, газ бен тозаң тұмандықтарынан және жұлдызаралық кеңістікке таралған жеке атомдар мен түйіршіктерден құралған. Бұлардың үлкен бөлігінің пішіні линза тәріздес, оның көлденеңі шамамен 30 кпк, ал қалыңдығы 4 кпк. Кіші бөлігінің пішіні сфера тәріздес, оның радиусы шамамен 15000 пк. Құс жолы галактикасының барлық құраушылары кіші симметрия осінен айналатын, бірыңғай динамикалық жүйе болып байланысқан.
4.жердегі қай құбылыс ғарышпен байланысты Жер шары — Күнді айналып жүрген ғаламшардың бірі. гр.πλάνης планета — "адасқан жұлдыздар" дегенді білдіреді. Күн жүйесіндегі Плутоннан басқа ғаламшарларды жер тобындағы(Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) және алып ғаламшарлар (Юпитер, Сатурн, Уран және Нептун) деп екі топқа бөледі. Ғаламшарлар Күнді эллипс тәрізді орбиталарының бойымен айналады. Ғаламшарлардың маңында айналып жүрген шағындау аспан денелерін табиғи серіктері деп атайды. Жердің жалғыз табиғи серігі — Ай, ол Жерден 384 мың км қашықтықта орналасқан. Ай Жер табиғаты мен тіршілік дүниесіне елеулі түрде ықпал етеді.